"Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 наурызда № 38168 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 188-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 188-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдаң әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау тәртібін айқындайды.";

      6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Кодекстің талаптарына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру салдарларын жою жүргізілуге тиіс немесе жүргізіліп жатқан аумақтың шегінде толықтай орналасқан блокқа қатысты;";

      8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға берілген қосымшаға сәйкес "Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензиялар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген, көзделген құжаттармен бірге пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беру туралы өтінішті Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП) арқылы береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жер қойнауы мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін және Кодекстің 278-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген аумақтарға жатпайтын аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру туралы өтініштерді қабылдаудың басталу күні Кодекстің 60-бабының 1) тармақшасына сәйкес бекітілетін жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында көзделген күн болып табылады, бірақ жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы бекітілген немесе оған тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап екі айдан ерте емес.

      Өтініште көрсетілген барлау аумағы, егер осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген жағдайларда блоктың бір бөлігін қамтыса, лицензияның шарттарын айқындау мақсаттары үшін өтінішті қарау кезінде аталған блок толық болып есептеледі.

      Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариаттық куәландыруға жатады.

      Өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен беріледі, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

      9. Өтінішті беру сәті өтініштің ЖҚПБП арқылы көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен күні мен уақыты болып танылады және есепке алуға жатады.

      10. Өтініштер ЖҚПБП-да бірегей есептік нөмірі және тіркелу күні мен уақыты (сағат, минут) көрсетіліп тіркеледі.

      Әрбір өтініш жеке тіркеледі.

      11. Берілген өтініш туралы мәліметтер өтініш берілген күннен бастап екі күн ішінде ЖҚПБП-ға орналастырылуға жатады және мыналарды қамтиды:

      1) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы;

      2) көрсетілетін қызметті алушы пайдалануына беруді сұраған жер қойнауы учаскесін айқындайтын блок (блоктар) коды;

      3) өтініштің келіп түскен күні мен уақыты.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және осы Қағидаларға қосымшаның 9-тармағында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде, сондай-ақ осы Қағидаларға 16 және 17-тармақтардың ережелерін ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушыға Кодекстің 198-бабында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ЖҚПБП жеке кабинетінде көрсетілетін қызметті берушінің хабарламаларымен танысады.

      13. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖҚПБП-да жарияланады.

      14. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап 40 (қырық) жұмыс күнінен кешіктірмей ЖҚПБП арқылы береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей береді не хабарламаны ЖҚПБП-да орналастырған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні өткен соң оны беруден бас тартады.

      15. Егер өтініште көрсетілген аумаққа осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген блок немесе мәлімделген аумақтың басқа блогымен ортақ жағы жоқ блок жатса, мұндай блок лицензияға енгізілмейді, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ЖҚПБП арқылы хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті беруші хабарламаны орналастырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оған ұсынылатын блоктардың барлығынан немесе бөліктерінен бас тартады. Егер көрсетілген мерзім өткен соң көрсетілетін қызметті алушы барлық блоктардан бас тартпаса немесе блоктардың бір бөлігінен бас тартпаса, өтініш мәні бойынша осы тармақтың ережелерін ескере отырып қаралады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес көрсетілетін қызметті беруші орналастыратын хабарламада мәлімделген аумақтың Кодекс талаптарына сәйкессіздігі туралы көрсетіледі.

      Егер өтініште көрсетілген қандай да бір толық емес (ішінара) блок немесе толық емес (ішінара) блоктар осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келмесе, осы блок (блоктар) Кодекстің 188-бабы бірінші бөлігінің қағидалары бойынша лицензияға енгізілмейді.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қабылдау басталған күннен бастап бір ай ішінде келіп түскен, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар беруге арналған өтініштер осы Қағидалардың 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында көзделген ережелер ескерілмей қаралады және бірдей басымдыққа ие болып есептеледі.

      Сәйкес келетін блоктар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 12, 13, 14-тармақтарына сәйкес Кодекстің 198-бабында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарламаны жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей береді не хабарлама ЖҚПБП-да орналастырылған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні өткен соң оны беруден бас тартады.

      Егер осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мерзім ішінде келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданбаған сол бір блок (блоктар) бірнеше өтініштерге енгізілгені анықталса, осы блок (блоктар) бойынша көрсетілетін қызметті алушылар арасында Кодекстің 278-бабы 6-тармағының екінші бөлігінің  2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайтын тәртіп пен мерзімде аукцион өткізіледі.

      21. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей бірден астам өтініш берілген блоктарды айқындайды және тиісті көрсетілетін қызметті алушыларға сәйкес келетін блоктар туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға сәйкес келетін блоктар туралы хабарлама және аукционға қатысуға шақыру ЖҚПБП жеке кабинеті арқылы жіберіледі. Көрсетілген хабарламада www.e-qazyna.kz "мемлекеттік мүлік тізілімі" веб-порталына (бұдан әрі - тізілімнің веб-порталы) сілтеме беріледі, онда аукцион өткізу туралы хабарлама, басымдығы аукцион қорытындылары бойынша айқындалуға жататын көрсетілетін қызметті алушының блоктарының кодтары және аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нұсқаулыққа сілтеме жарияланады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ЖҚПБП жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдауды өткізу туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.

      Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруден бас тартуға негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тарту туралы шешім қалыптастырып, оны ЖҚПБП арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі – Бас прокуратура) келісуге жолдайды.

      Бас прокуратура шешімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімді келіседі не келісуден бас тартады.

      Бас прокуратурамен келісу нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші инвесторлар тізіліміне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыны Бас прокуратураның жауабы келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетіне көрсетіледі.";

      35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тартқаннан кейін ғана қаралады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ЖҚПБП арқылы алдыңғы өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы хабардар болған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткен соң кезекті өтінішті қарауға кіріседі.

      Егер бас тарту туралы шешімге көрсетілетін қызметті алушы сотқа шағым жасаса, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені көрсетілетін қызметті беруші шағым қарау нәтижелері бойынша сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін шешеді.

      36. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы  2-тармағының  11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      37. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен, өзгерткен және (немесе) толықтырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";

      қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ 105 Бұйрыққа қосымша
Пайдалы қатты қазбаларды
барлауға арналған лицензияны
беруге өтініштерді беру және
оларды қарау қағидаларына
қосымша

"Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензия беру:
1) өтініштің Қағидаларға сәйкестігіне қарау және көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттілігі туралы хабарламаны орналастыру немесе өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту – 10 жұмыс күні;
2) лицензия беру немесе дәлелді бас тарту – 45 жұмыс күні.
Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар беру:
1) өтініштің Қағидаларға сәйкестігіне қарау және көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттілігі туралы хабарламаны орналастыру немесе өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту – 20 жұмыс күні;
2) лицензия беру немесе дәлелді бас тарту – 45 жұмыс күні.
Аукцион арқылы пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензия беру:
1) көрсетілетін қызметті алушыға сәйкес келетін блоктар туралы хабарлама және аукционға қатысуға шақыру – 20 жұмыс күні;
2) аукцион өткізу туралы хабарлама – 10 жұмыс күні;
3) аукцион өткізу – 15 жұмыс күні;
4) қол қою бонусын төлеу – аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 жұмыс күні (әрбір келесі үшін жеңімпаз қол қою бонусын төлемеген жағдайда 10 жұмыс күні);
5) лицензия беру немесе қол қойылған бонус сомасын төлемеген жағдайда, дәлелді бас тарту – 5 жұмыс күні.

4. 

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия беру немесе дәлелді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесі

1) ЖҚПБП – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке және демалыс күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1. Өтініш мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) көрсетілетін қызметті алушы сұратылған жер қойнауы учаскесінде жүргізуге ниетті барлау жөніндегі жұмыстардың түрлері, әдістері, тәсілдері, жылдар бойынша шамамен мерзімдері мен көлемдерінің сипаттамасының электрондық көшірмесі;
2) егер сұралатын учаскеде немесе оның бөлігінде тұлға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын болса, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруге мұндай тұлғаның келісімі;
3) көрсетілетін қызметті алушының пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға қаржылық және кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттар;
4) егер сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағы толық немесе ішінара елді мекендердің жерлеріне және оларға іргелес бір мың метр қашықтықта жатқан аумаққа тиесілі болса, жергілікті халықты Кодекстің 25-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісім.
Осы Қағидалардың 5-тармағының екінші абзацына сәйкес берілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру туралы өтінішке осы тармақта көзделген құжаттардан басқа өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның қорытындысы қоса беріледі, ол көрсетілетін қызметті алушының өндірістік қызметінің (технологиялық процесінің) жер қойнауын пайдаланумен байланысты екендігін растайды.
2. Көрсетілетін қызметті алушының барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндігінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың бірі ұсынылады:
1) отыз күн мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушыда лицензияны беруге өтініш берілген күннің алдындағы үш ай шегінде сұрау салынатын лицензиялар қолданысының бірінші жылында барлауға талап етілетін ең төменгі шығыстарды жабу үшін жеткілікті мөлшерде ақшаның болуын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі немесе Ұлттық пошта операторындағы банктік шоты бойынша ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірме.
Егер қаражаттың қозғалысы жөніндегі операциялар нәтижесінде мәлімделген отыз күндік кезеңнің қандай да бір күнінде ақша қаражатының қалдығы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында талап етілгеннен кем болып табылса, онда мұндай үзінді көрсетілетін қызметті алушының қаржылық мүмкіндіктерінің бар екенін растайтын құжат ретінде танылмайды.
Көрсетілетін қызметті алушыда қаржылық мүмкіндіктерді растау мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банкте бірнеше шоттар болған кезде үзінді көшірмелер ұсынылған бірнеше шоттар бойынша ақша қаражатының қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер де жиынтығында ескерілуі мүмкін;
2) қарыздың нысаналы мақсаты ретінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының қызметін қаржыландыруды көздейтін, сондай-ақ сұрау салынатын лицензияның қолданылу бірінші жылында барлауға талап етілетін ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті қарыз (қаржыландыру) сомасын растайтын ақша қарызы шартының (қарыздың алдын ала шарты) немесе қызметті қаржыландыру туралы шарттың электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған, лицензияны беруге өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан алты күнтізбелік ай немесе алдыңғы күнтізбелік жыл үшін дайындалған, онда көрсетілетін қызметті алушының таза активтерінің мөлшері оның міндеттемелерінен сұрау салынатын лицензия қолданысының бірінші жылындағы барлауға арналған ең төмен шығыстардың шамасына асатын аудиторлық есебі бар қаржылық есептілігі;
4) Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын қор биржасы таныған рейтингтік агенттіктің көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берілген күннің алдындағы жыл ішінде көрсетілетін қызметті беруші айқындайтын ең төмен рейтингтік бағалаудан төмен емес рейтингтік баға беру туралы хаты. Егер  көрсетілетін қызметті алушының қаржылық мүмкіндіктерінің бар екендігін растайтын құжат ретінде қарыз шартының (қарыздың алдын ала шартының) немесе қарыз беруші қаржы ұйымы болып табылмайтын тұлға әрекет ететін (қаржыландыратын) қызметті қаржыландыру туралы шарттың электрондық көшірмесі ұсынылса, өтінішке осы адамның осы тармақтың 1), 3) немесе 4) тармақшаларында көзделген қаржылық мүмкіндіктерінің бар екендігін растайтын құжаттардың бірі қосымша қоса беріледі.
3. Көрсетілетін қызметті алушының барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың кез келгені ұсынылады:
1) штатта маманның болуы туралы анықтама немесе геология немесе геофизика саласындағы маманмен жасалған қызметтер көрсету шартының электрондық көшірмесі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақтың 1) тармақшасында санамаланған мамандардың бірі бар сұрау салынған барлауға лицензия берілген жағдайда, мердігер ұйыммен көрсетілетін қызметтерді көрсету шартының немесе Кодекстің 6-тарауына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы тағайындайтын оператордың көрсетілетін қызметтерді көрсету шартының электрондық көшірмесі. Егер көрсетілетін қызметті алушының кәсіби мүмкіндіктерінің бар екендігін растайтын құжат ретінде мердігер ұйыммен қызмет көрсету шартының немесе Кодекстің 6-тарауына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы тағайындайтын оператордың қызметтер көрсету шартының электрондық көшірмелері ұсынылса, өтінішке қосымша тартылатын ұйымның (оператордың) штатында осы тармақтың бірінші бөлімнің 1) тармақшасында көрсетілген мамандардың бірінің бар екендігі туралы анықтама немесе тиісті маманмен қызмет көрсету шартының электрондық көшірмесі қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушының салық берешегінің жоқтығы туралы салық органының анықтамасы жөніндегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсы арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздердің бірі болған кезде:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) шындыққа сәйкес еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) бар болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған шешімінің бар болуы.
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
6) өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
7) өтінішке Кодексте талап етілетін құжаттар қоса берілмесе;
8) өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан немесе көрсетілетін қызметті алушыны тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы адамнан толық немесе ішінара сұратылған жер қойнауы учаскесін қамтитын, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия кері қайтарып алынса;
9) лицензияны беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруге немесе жер қойнауын пайдалану құқықтарының шоғырлануына әкеп соқса;
10) өтініш берілгенге дейін күнтізбелік бір жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушыны тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы адам сұрау салынатын жер қойнауы учаскесінен немесе оның бір бөлігінен бас тартса;
11) сұрау салынатын аумақ толығымен осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген аумаққа және (немесе) блоктарға жататын болса;
12) сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағы мөлшері бойынша шектен асып кетсе немесе осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
13) өтініш берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушыны тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы адам өз пайдалануындағы жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындамаса немесе тиісінше орындамаса;
14) өтініш берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы адам аукцион нәтижелері бойынша қол қою бонусты төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаса;
15) көрсетілетін қызметті алушының Кодекс талаптарына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз етуді көрсетілетін қызметті беруші ұсыну мерзімін сақтамаса, лицензияны беруден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар

Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында құзыретті органның мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін және Кодекстің 278-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген аумақтарға жатпайтын аумақтар шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді қабылдауын бастау күні қарастырылуы тиіс деп белгіленсін. Көрсетілген күн мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы бекітілген немесе оған тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап екі айдан кейін ғана белгіленеді. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін аумақтар шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияларды қараудың және берудің мынадай ерекшеліктері белгіленсін:
1) қабылдау басталатын күннен бастап бір ай ішінде келіп түскен өтініштер Кодекстің 188-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер ескерілмей қаралады және бірдей басымдығы бар деп есептеледі;
2) егер осы бөліктің 1) тармақшасында көзделген мерзім ішінде келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде бір блок (блоктар) лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданбаған бірнеше өтініштерге енгізілгені анықталса, осы блок (блоктар) бойынша өтініш иелері арасында құзыретті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде аукцион өткізіледі. Өтініш берушінің аукционға қатысудан бас тартуы немесе аукционға келмей қалуы тиісті блок бойынша оның өтінімін қабылдамауға негіз болады;
3) аукцион қорытындысы бойынша осы бөліктің 2) тармақшасында көрсетілген өтініштер бойынша лицензиялар беру аукцион жеңімпазы деп танылған тұлғаның өтініші аукцион өткізілген блокқа (блоктарға) қатысты басым деп есептелетіні ескеріле отырып, осы Кодекстің 188-бабына және 189-бабының басымдық туралы ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Осы бөліктің 1) тармақшасында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген, барлауға арналған лицензияны беруге өтініштер Кодекстің 27-тарауында көзделген, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны қараудың және берудің ережелеріне сәйкес қаралады. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы бірыңғай байланыс орталығы: 1465.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады