БҰЙЫРАМЫН:
1. "Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 188-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 188-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдаң әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау тәртібін айқындайды.";
6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Кодекстің талаптарына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру салдарларын жою жүргізілуге тиіс немесе жүргізіліп жатқан аумақтың шегінде толықтай орналасқан блокқа қатысты;";
8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға берілген қосымшаға сәйкес "Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензиялар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген, көзделген құжаттармен бірге пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беру туралы өтінішті Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП) арқылы береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жер қойнауы мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін және Кодекстің 278-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген аумақтарға жатпайтын аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру туралы өтініштерді қабылдаудың басталу күні Кодекстің 60-бабының 1) тармақшасына сәйкес бекітілетін жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында көзделген күн болып табылады, бірақ жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы бекітілген немесе оған тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап екі айдан ерте емес.
Өтініште көрсетілген барлау аумағы, егер осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген жағдайларда блоктың бір бөлігін қамтыса, лицензияның шарттарын айқындау мақсаттары үшін өтінішті қарау кезінде аталған блок толық болып есептеледі.
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариаттық куәландыруға жатады.
Өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен беріледі, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.
9. Өтінішті беру сәті өтініштің ЖҚПБП арқылы көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен күні мен уақыты болып танылады және есепке алуға жатады.
10. Өтініштер ЖҚПБП-да бірегей есептік нөмірі және тіркелу күні мен уақыты (сағат, минут) көрсетіліп тіркеледі.
Әрбір өтініш жеке тіркеледі.
11. Берілген өтініш туралы мәліметтер өтініш берілген күннен бастап екі күн ішінде ЖҚПБП-ға орналастырылуға жатады және мыналарды қамтиды:
1) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы;
2) көрсетілетін қызметті алушы пайдалануына беруді сұраған жер қойнауы учаскесін айқындайтын блок (блоктар) коды;
3) өтініштің келіп түскен күні мен уақыты.
12. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және осы Қағидаларға қосымшаның 9-тармағында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде, сондай-ақ осы Қағидаларға 16 және 17-тармақтардың ережелерін ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушыға Кодекстің 198-бабында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ЖҚПБП жеке кабинетінде көрсетілетін қызметті берушінің хабарламаларымен танысады.
13. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖҚПБП-да жарияланады.
14. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап 40 (қырық) жұмыс күнінен кешіктірмей ЖҚПБП арқылы береді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей береді не хабарламаны ЖҚПБП-да орналастырған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні өткен соң оны беруден бас тартады.
15. Егер өтініште көрсетілген аумаққа осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген блок немесе мәлімделген аумақтың басқа блогымен ортақ жағы жоқ блок жатса, мұндай блок лицензияға енгізілмейді, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ЖҚПБП арқылы хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті беруші хабарламаны орналастырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оған ұсынылатын блоктардың барлығынан немесе бөліктерінен бас тартады. Егер көрсетілген мерзім өткен соң көрсетілетін қызметті алушы барлық блоктардан бас тартпаса немесе блоктардың бір бөлігінен бас тартпаса, өтініш мәні бойынша осы тармақтың ережелерін ескере отырып қаралады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес көрсетілетін қызметті беруші орналастыратын хабарламада мәлімделген аумақтың Кодекс талаптарына сәйкессіздігі туралы көрсетіледі.
Егер өтініште көрсетілген қандай да бір толық емес (ішінара) блок немесе толық емес (ішінара) блоктар осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келмесе, осы блок (блоктар) Кодекстің 188-бабы бірінші бөлігінің қағидалары бойынша лицензияға енгізілмейді.";
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Қабылдау басталған күннен бастап бір ай ішінде келіп түскен, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар беруге арналған өтініштер осы Қағидалардың 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында көзделген ережелер ескерілмей қаралады және бірдей басымдыққа ие болып есептеледі.
Сәйкес келетін блоктар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 12, 13, 14-тармақтарына сәйкес Кодекстің 198-бабында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарламаны жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей береді не хабарлама ЖҚПБП-да орналастырылған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні өткен соң оны беруден бас тартады.
Егер осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мерзім ішінде келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданбаған сол бір блок (блоктар) бірнеше өтініштерге енгізілгені анықталса, осы блок (блоктар) бойынша көрсетілетін қызметті алушылар арасында Кодекстің 278-бабы 6-тармағының екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайтын тәртіп пен мерзімде аукцион өткізіледі.
21. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей бірден астам өтініш берілген блоктарды айқындайды және тиісті көрсетілетін қызметті алушыларға сәйкес келетін блоктар туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушыға сәйкес келетін блоктар туралы хабарлама және аукционға қатысуға шақыру ЖҚПБП жеке кабинеті арқылы жіберіледі. Көрсетілген хабарламада www.e-qazyna.kz "мемлекеттік мүлік тізілімі" веб-порталына (бұдан әрі - тізілімнің веб-порталы) сілтеме беріледі, онда аукцион өткізу туралы хабарлама, басымдығы аукцион қорытындылары бойынша айқындалуға жататын көрсетілетін қызметті алушының блоктарының кодтары және аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нұсқаулыққа сілтеме жарияланады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ЖҚПБП жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдауды өткізу туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.
Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруден бас тартуға негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тарту туралы шешім қалыптастырып, оны ЖҚПБП арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі – Бас прокуратура) келісуге жолдайды.
Бас прокуратура шешімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімді келіседі не келісуден бас тартады.
Бас прокуратурамен келісу нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші инвесторлар тізіліміне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыны Бас прокуратураның жауабы келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетіне көрсетіледі.";
35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тартқаннан кейін ғана қаралады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ЖҚПБП арқылы алдыңғы өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы хабардар болған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткен соң кезекті өтінішті қарауға кіріседі.
Егер бас тарту туралы шешімге көрсетілетін қызметті алушы сотқа шағым жасаса, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені көрсетілетін қызметті беруші шағым қарау нәтижелері бойынша сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін шешеді.
36. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
37. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен, өзгерткен және (немесе) толықтырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП). |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензия беру: |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия беру немесе дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесі |
1) ЖҚПБП – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке және демалыс күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1. Өтініш мынадай мәліметтерді қамтиды: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздердің бірі болған кезде: |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар |
Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында құзыретті органның мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін және Кодекстің 278-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген аумақтарға жатпайтын аумақтар шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді қабылдауын бастау күні қарастырылуы тиіс деп белгіленсін. Көрсетілген күн мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы бекітілген немесе оған тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап екі айдан кейін ғана белгіленеді. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін аумақтар шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияларды қараудың және берудің мынадай ерекшеліктері белгіленсін: |