БҰЙЫРАМЫН:
1. "Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22230 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"11-1) өлшем құралы – өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Дәрілік заттарды сақтау жағдайларын бақылау немесе мониторингілеу үшін пайдаланылатын өлшем құралдары жабдық калибрленеді (тексеріледі). Өлшем құралдары салыстырып тексеру Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Дәрілік заттарды сақтау жағдайларын бақылау немесе мониторингтеу үшін пайдаланылатын өлшем құралдарын тексеру, калибрлеу, жөндеу дәрілік заттардың сапасын сақтау және жағымсыз әсерді болдырмау мақсатында жүзеге асырылады."
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Сақтай үй-жайларында дәрілік заттар:
1) фармакологиялық топтар бойынша;
2) қолданылу тәсіліне байланысты (ішкі, сыртқы);
3) агрегаттық жағдайына байланысты;
4) физикалық-химиялық қасиеттеріне және сыртқы ортаның әртүрлі факторларының әсеріне сәйкес мынадай параметрлердің бірін ескере отырып бөлек сақталады.
Дәрілік заттар, фармацевтикалық субстанциялар, қосымша заттар ластануға, шатастыруға және айқаспалы контаминацияға жол бермейтін үй-жайларда сақталады.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. |
Т. Султангазиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
