Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 26 ақпандағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 наурызда № 38089 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.03.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
Р. Исакулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және цифрлық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін
атқарушының
2026 жылғы 26 ақпандағы
№ 76 бұйрығына қосымша

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. ""Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) не "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.";

      9-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бірінші кезең – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы;";

      9-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бірінші кезең – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы;";

      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.";

      көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 17 сәуірдегі №130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-32) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-2-бабының 10-32) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қою тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес олар бекітілген немесе өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.";

      көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-36) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-36) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сатысы туралы мәліметтердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде енгізіледі.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Көрсетілетін қызметтерді алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметтерді берушінің, уәкілетті органның – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.

      34. Көрсетілетін қызметтерді берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам, шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметтерді алушыға шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) шағымды ұзарту себептерін көрсете отырып, хабарлайды.";

      көрсетілген Қағиданың 5-қосымшасы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
"Мемлекеттік тұрғын үй
қорынан тұрғын үйлерді
жекешелендіру" мемлекеттік
қызметті көрсету жөніндегі
қағидаларға 1-қосымша

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі; үшінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі; үшінші кезең: коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына беру, оның ішінде тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырылады; төртінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.
3) республикалық мемлекеттік мекеменің не республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі; үшінші кезең: жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру: тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қолдаухаты негізінде балансында берілетін тұрғын үй бар республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешім қабылдауы; Тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының тапсыру актісіне қол қоюы және тапсыру актісін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары) және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысының бекітуі, және тұрғын үй бойынша шешімдер қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу; төртінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

1) коммуналдық тұрғын үй қорынан, коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
- тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі немесе дәлелді бас тарту;
- көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт.
2) республикалық мемлекеттік мекеменің не республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
- тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі немесе дәлелді бас тарту;
- тапсыру актісі;
- көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда;
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады;
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) өздері тұратын тұрғынжайларды жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш;
2) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері (қажет болуына қарай ақпараттық жүйеде мәліметтер жоқ болған жағдайда);
3) жалдау шарты не тұрғынжай ордері;
4) көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі ұсынады;
5) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 8-тармағына жататын азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
6) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
7) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
8) тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігін растайтын құжат;
9) Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтері (2007 жылғы тамыздан кейін), меншік құқығында оларға тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы туралы мәліметтер, мекенжайы туралы мәліметтер, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті беруші отбасының барлық мүшелеріне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекетік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ "1414" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 8-800-080-7777.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу үшін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.

  Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
  тұрғын үйге мұқтаж
азаматтарын, қандастарды
"Тұрғын үймен қамтамасыз ету
орталығы" электрондық
базасына есепке қою
қағидаларына 1-қосымша

"Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті ұлттық даму институты мәртебесіне ие, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Ақпараттандыру объектісі "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасы (бұдан әрі – Ақпараттандыру объектісі) www.otbasybank.kz.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтарды есепке қою кезінде - 1 (бір) жұмыс күні;
2) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
3) ақпараттық жүйеде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректер болмаған кезінде - 3 (үш) жұмыс күн.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

1) тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтарды есепке қою кезінде - электрондық (толығымен автоматтандырылған);
2) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою кезінде - электрондық (ішінара автоматтандырылған);
3) ақпараттық жүйеде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректер болмаған кезінде - электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының тұрғынжайға мұқтаж азаматтарын, қандастарды есепке қою туралы хабарламаны не есепке қоюдан уәжді бас тарту.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден сағат 18.30-ге дейiн, түскі үзiлiспен сағат 13.00-тен 14.30-ге дейін;
2) ақпараттандыру объектісі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтарды есепке қою кезінде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі өтініш;
2) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою кезінде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі өтініш;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық тексеру нәтижелері бойынша) электрондық көшірмесі;
3) ақпараттық жүйеде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректер болмаған кезінде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі өтініш;
Жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын және/немесе заңды өкілінің мәртебесін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, неке қию немесе бұзу туралы, балалардың тууы туралы куәліктерді, оларға меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, неке қию немесе бұзу туралы, балалардың тууы туралы куәліктерді, оларға меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарға тұрғынжайы авариялық деп танылған елді мекеннен тыс жерде өтініш білдірген кезде, сондай-ақ, егер азаматтың соңғы бес жыл iшiнде өзінің тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауының нәтижесіне мұқтаж болғаны анықталса:
тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
тұрғын үйдi жергiлiктi атқарушы орган сатып алған жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының сол немесе басқа елдi мекенiнде тұрғанына қарамастан, оған меншiк құқығымен тиесiлi тұруға жарамды тұрғын үйдi иелiгiктен шығару;
оның кiнәсiнен тұрғын үйдiң бұзылуы немесе бүлiнуi;
мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйден шыққан;
жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды қоныстандыру;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімнің болмауы.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
3) портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
3-қосымша
Жеке тұрғын үй қорынан жалға
алынған тұрғынжай үшін
жалдау ақысының бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

"Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (бұдан әрі – "Отбасы банк" АҚ).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Отбасы банк" АҚ ресми интернет-ресурсы Орталық мемлекеттік орган айқындаған ақпараттандыру объектісі www.otbasybank.kz арқылы.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Төлемдерді тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметтерді көрсетуші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұма күндерін қоса алғанда көрсетіледі.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметтерді алушының куәландырылған ЭЦҚ арқылы жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекеленген санаттарына төлем тағайындау туралы өтініші Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат ақпараттық жүйелерге сұрау салуларға сәйкес "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметтерді алушы ұсынған мемлекеттік қызметтерді алу үшін құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса:
2) көрсетілетін қызметтерді алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметтерді алуды талап ететін қызметтерге немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар екендігі;
4) көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметтерді алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылса
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекетік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ "1414" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 8-800-080-7777.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу үшін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады