Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 90-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 ақпанда № 38053 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы Тізбенің 3-тармағының жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 25 ақпандағы
№ 90-н/қ Бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 17030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 122-бабының 5-тармағына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидалары осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16893 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіруге арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер (бұдан әрі – келісімшарттар) шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өнімді бөлу туралы келісімдерде немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта келісімшарттар шарттарының сақталуын бақылаудың өзге тәртібі болған жағдайда, келісімшарттар шарттарының орындалуын бақылау осындай келісімдердің немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалар сондай-ақ Кодекстің 277-бабының 3-тармағына сәйкес осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған және жасалған жер қойнауын пайдалануға рұқсаттар, лицензиялар мен келісімшарттар бойынша қатынастарға қолданылады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушылардың (келісімшарт бойынша операторлардың, сенімгерлік басқарушылардың) (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушылар) келісімшарттар шарттарының сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу саласында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауға жатпайды.".

      3. "Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17094 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектерді барлау мен өндіру жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын бекіту туралы";

      Кiрiспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 126-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезіндегі консервациялау және жою қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектерді барлау мен өндіру жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидалары";

      1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көмірсутектерді барлау мен өндіру жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 126-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауы учаскелерін консервациялау және көмірсутектерді барлау мен өндіру жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою, сондай-ақ технологиялық объектілерді консервациялау және жою тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер қойнауын пайдалану салдарын жою – өндірістік объектілерді және жер учаскелерін халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру, қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін іс-шаралар кешені;

      2) жер қойнауы учаскесін консервациялау – болашақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастаған кезде жер қойнауы учаскесін пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтіру, сондай-ақ қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерін азайту және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында технологиялық кешендер (блоктар) мен жер қойнауын пайдалану объекті бірліктерін (түрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымалары, резервуарлар, құбырлар, ыдыстар, сепараторлар және тағы басқалар), сондай-ақ қосалқы құрылысжайларды (мұнай қоймалары, шлам жинағыштар және басқалар) қоса алғанда, көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіруді жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілген жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды уақытша тоқтату кезінде жүргізілетін іс-шаралар кешені.

      Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жер қойнауы учаскелерін консервациялау және көмірсутектерді барлау мен өндіру жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою тәртібі";

      5-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Жоспарланып отырған консервациялау және (немесе) жою туралы хабарламаға мыналар қоса беріледі:

      1) консервациялаудың және (немесе) жоюдың қажеттілігі туралы негіздеме;

      2) көмірсутектердің қалған өндірілмеген қорлары, сондай-ақ өндіріс қалдықтары (соның ішінде пайдалы, зиянды және улы заттары бар қалдықтар) туралы мәліметтер;

      3) бекітілген және Кодексте және басқа заңдарда көзделген сараптамалардан өткен жер қойнауы учаскелерін консервациялау және (немесе) жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы.

      Осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда көмірсутектер қорының нақты жай-күйі, жер қойнауы учаскесінің жай-күйі, жер бөлігімен шектелген жер беті туралы ақпарат толық көлемде көрсетіледі.";

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Консервациялау және (немесе) жою жөніндегі аяқталған жұмысты қабылдауды құзыретті орган құратын, мынадай өкілдерден тұратын комиссия жүзеге асырады:

      жер қойнауын пайдаланушы;

      құзыретті органның өкілі;

      қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органдардың, және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері;

      жеке меншiктегі немесе ұзақ мерзiмдi пайдаланудағы жер учаскесiн жойған жағдайда – жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өкілі.";

      18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауы учаскелерін консервациялау бойынша және (немесе) көмірсутектерді барлау мен өндіру жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленеді.";

      1-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Көмірсутектерді барлау мен
өндіру жүргізу кезіндегі
консервациялау және жою
қағидаларына 3-қосымша";

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Көмірсутектерді барлау мен
өндіру жүргізу кезіндегі
консервациялау және жою
қағидаларына

      4-қосымша";

      5-қосымшада:

      5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Көмірсутектерді барлау мен
өндіру жүргізу кезіндегі
консервациялау және жою
қағидаларына 5-қосымша";

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауы учаскелерін консервациялау бойынша және (немесе) көмірсутектерді барлау мен өндіру жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар"

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауы учаскелерін консервациялауды және (немесе) көмірсутектерді барлау мен өндіру жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды (бұдан әрі – консервациялау және (немесе) жою) жүзеге асыру кезінде мынадай талаптар қойылады:

      1) консервациялау немесе жою жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде адамдардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;

      2) консервацияланған жер қойнауы учаскелерінің немесе консервацияланған технологиялық объектілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      3) ғимараттар мен құрылысжайларды жер қойнауын пайдалану салдарының зиянды әсерінен (қозғалып кетуінен, құлауынан, көшкіндерден, су басудан, топырақтың отыруынан) қорғау;

      4) экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      5) көмірсутектерді барлау мен өндіру кезіндегі, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасы және (немесе) жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы бойынша жер қойнауын пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залалдың салдарын жою.";

      5-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) көмірсутектер кен орындарының жер беті топографиялық жоспарларының, геологиялық картасының, бөліністерінің және деңгей – жиегі жоспарларының көшірмелері;";

      6-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.;

      7-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      8-қосымшада:

      8-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Көмірсутектерді барлау мен
өндіру жүргізу кезіндегі
консервациялау және жою
қағидаларына 8-қосымша";

      14-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) көмірсутектерді барлау мен өндіру кезіндегі, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасы және (немесе) жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы бойынша жер қойнауын пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залалдың салдарын жою.".

  Тізбеге 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 26 сәуірдегі
№ 141 бұйрығымен
бекітілген

Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 122-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) залал – көмірсутектердің нормаланған ысыраптарынан асатын нақты ысырап көлемін негізге ала отырып, айқындалатын мемлекет шеккен залал;

      2) көмірсутектердің нормаланған ысыраптары – деңгейі жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаттарындағы техникалық-экономикалық есептеулермен негізделген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жүйелерімен және қабылданған тәсілдерімен технологиялық жағынан байланысты көмірсутектер ысыраптары және (немесе) шикі газды алау етіп жағуға рұқсатта көрсетілген шикі газды жағу көлемі түріндегі ысыраптар;

      3) нақты ысыраптар – залалды есептеу сәтіндегі айқындалған ысырыптар.

      3. Осы Қағидалар меншік нысанына қарамастан, көмірсутектер өндіру бойынша барлық жер қойнауын пайдаланушыларға, соның ішінде жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша операторларға, сенімгерлік басқарушыларға (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушы) қолданылады.

      4. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін айқындау табу фактісі бойынша, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) мемлекеттік органдардың өздерінен залалы бойынша ақпарат болған кезде:

      көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады;

      5. Залалдың мөлшерін айқындауға байланысты туындайтын даулар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 9-бабына сәйкес шешіледі.

2-тарау. Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау тәртібі

      6. Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшері көмірсутектердің нормаланған ысыраптарынан асатын нақты ысырабының көлемін негізге ала отырып белгіленеді және ресми белгіленімдеріне сәйкес есепті кезеңдегі баға белгілеулерінің орташа құнына сүйене отырып құндық мәнде белгіленеді.

      7. Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нормадан тыс ысыраптары үшін залал мөлшерін айқындау мысалдарына сай белгіленеді.

      8. Көмірсутектердің нақты ысырабының нормаланған ысыраптардан асып түсуі (бұдан әрі – нормадан тыс ысыраптар) мынадай көлемдерден туындайды:

      көмірсутектердің баланстық қорлары дұрыс есептелген және оларды жер қойнауынан алудың толықтығын бастапқы есепке алу мүмкін болатын біртектес тау-кен-геологиялық жағдайлармен бір жүйеде игерілетін көмірсутектердің баланстық қорлары жер қойнауының әрбір бөлігі бойынша белгіленген ысыраптардан баланстық қорларының кен орны бойынша белгіленген ысыраптардан тыс ысыраптар, сондай-ақ кез келген негізсіз ысыраптар;

      алудың коэффициентіне, қорларды уақтылы есептен шығармауға, көмірсутек қорларын алдын ала өтеуге қол жеткізбей, жер қойнауында қалған көмірсутектер қорлары;

      жер қойнауында суланудың, жанудың салдарынан туындаған көмірсутектердің баланстық қорларының немесе игеру (өндіру) бойынша талаптарды бұзу салдарынан туындаған өндірілген көмірсутектердің ысыраптары;

      көмірсутектер кен орындарының оңай қол жеткізілетін учаскелерінде өндірудің салдарынан рентабельді өңдеу мүмкін емес болатын олардың баланстық қорларының ысыраптары;

      кәсіпшілікте өндіру, жинау, тасымалдау және дайындау кезінде көмірсутектер ысыраптарынан нормадан тыс ысыраптары;

      базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген базалық жобалау құжатында көзделген кен орындарын игерудің технологиялық режимін сақтамаудың салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалану бойынша талаптарды бұзу салдарынан баған сыртындағы және бағанаралық кеңістік арқылы жоғары жатқан көмірсутектің қатаралық ағылуының салдарынан Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен көмірсутектердің алынатын қорларының ысыраптары;

      базалық жобалау құжатын, игеруді талдауды немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген базалық жобалау құжатын, оларды алу және кәдеге жаратуды сақтамағандықтан шикi газ, газ конденсатының ысыраптары;

      авариялық жағдайлардың қатері немесе туындауы, персоналдың өміріне немесе халық денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз және (немесе) рұқсат шарттарын сақтамай алау етіп жағылатын шикі газ;

      көмірсутектер саласындағы уәкiлеттi органның жағуға рұқсат етілген көлемінен тыс жағылған шикі газы;

      барлау кезінде, оның ішінде жер қойнауы учаскесінде нормаланған ысыраптардан тыс сынамалы пайдалану кезінде шикі мұнайдың (конденсаттың) ысыраптары.

      9. Мұнайдың, конденсат пен газдың, оның ішінде ілеспе (еріген) газдың нормадан тыс қабаттық ысыраптары бекітілген базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатында алу коэффициентінен ауытқулармен анықталады.

      10. Шикі газды жағу кезіндегі нормадан тыс ысыраптар базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатында көрсетілген және (немесе) қорларды есептеген кезде қабылданған компоненттердің құрамы негізінде пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансында тұрған газдың компоненттік құрамы бойынша анықталады.

      Компоненттердің құрамы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген соңғы бекітілген жобалау құжаттарынан ескеріледі.

      11. Жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде жобалық ысыраптарды есептеу Қазақстан Республикасының пайдалы қазба қорларының мемлекеттік балансында есепте тұрған және (немесе) базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатында көрсетілген өндірілетін пайдалы қазбадағы еріген газдың құрамы бойынша жүргізіледі.

      Компоненттердің құрамы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген соңғы бекітілген жобалау құжаттарынан ескеріледі.

      12. Бастапқы қайта өңдеу (дайындау) процесінде жол берілген көмірсутектердің нормадан тыс ысыраптарының сандық мәні көмірсутектердің тиісті типі (сорты) үшін технологиямен белгіленген алу шамасы мен оның тауарлық өнімге нақты қол жеткізілген алынуы арасындағы айырма бойынша анықталады.

  Көмірсутектерді барлау мен
өндіру кезінде жер қойнауын
ұтымды және кешенді
пайдалану бойынша
талаптардың бұзылуы
салдарынан келтірілген
залалдың мөлшерін
айқындау қағидаларына
қосымша

Нормадан тыс ысырабы үшін залал мөлшерін айқындау мысалдары

      1-мысал.

      Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде 2658000 тонна мұнай өндірді.

      Осы кезеңде мұнайдың нақты ысырабы 4442 тонна мұнайды, оның ішінде бекітілген нормативтік ысырап 1081 тонна мұнайды құрады.

      Есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (бағалардың ресми белгіленімдері, Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы орташа құны) мұнайды сату кезіндегі орташа баға 50,49 АҚШ долларын құрады,

      (4442 - 1081) х 50,49 = 169696,89 АҚШ доллары.

      169696,89 х залал анықталған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютадағы шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.

      2-мысал.

      Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде барлау және өндіру кезінде жүзеге асырған кезде 300 млн. м3 көлемінде шикі газды жақты. Бұл ретте газда "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе бекітілген жобалау құжатында көрсетілген Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансында есепте тұрған компоненттерінің өнеркәсіптік құрамы бар. Қазақстан Республикасының Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатында көрсетілген әлеуетті мазмұндардың мәндерінің негізінде компоненттердің, оның ішінде құрғақ газдың (метанның) санын анықтаймыз. Компоненттердің жоғалуы – этан, пропан және (немесе) бутан, әлеуетті жиынтық құрамы 1000 м3 газға 500 кг болғанда 150000 тоннаны құрайды. Құрамы 50 % болған кезде құрғақ газдың және (немесе) метанның ысырабы 150 млн. м3 құрайды.

      Есептік кезеңде құрғақ газ (метан) бойынша ресми баға белгіленімдерінің орташа құны 1000 м3 үшін 80 АҚШ долларын, ал компоненттер бойынша – этан, пропан және (немесе) бутан бойынша әрбір компонент бойынша 1 тоннасы үшін 350 АҚШ долларын құрады.

      Залал сомасы:

      құрғақ газ (метан) үшін: 150000000 х 80:1000 = 12000000 АҚШ доллары;

      компоненттер үшін – этан, пропан және (немесе) бутан: 150000 х 350 = 52500000 АҚШ доллары;

      барлығы: 64500000 АҚШ доллары.

      64500000 х залал анықталған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютадағы шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.".

  Тізбеге 2-қосымша
Көмірсутектерді барлау мен
өндіру жүргізу кезіндегі
консервациялау және жою
қағидаларына 1-қосымша
Нысан

Жер қойнауы учаскесін консервациялау АКТІСІ

      Орны №_____ 20___жылғы "___" _________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша

      оператор, сенімгерлік басқарушы) аты, жер қойнауы учаскесі (немесе оның бөлігі)

      және объект атаулары, келісімшарт нөмірі)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (Жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасының атауы және оны бекіту күні)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (базалық жобалау құжатының, Кодекс күшіне енгенге дейін бекітілген игеруді

      талдаудың немесе жобалық құжаттың атауы және оны бекіту күні)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жер қойнауы учаскесінің немесе оның бөлігінің, объектінің географиялық

      координаттары)

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (консервациялау жұмыстарын жасаған мердігердің атауы (болған жағдайда),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, лицензия нөмірі және берілген күні) 20____ жылғы

      "___" ______ №________________бұйрығымен тағайындалған

      _________________________________________________________________

      (комиссияны құрған органның атауы)

      (комиссияның әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және атқарып отырған

      лауазымы)

      құрамындағы комиссия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын

      пайдалану туралы заңнамасының, Көмірсутектерді барлау және өндіру жүргізу

      кезіндегі консервациялау және жою қағидаларының, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін

      консервациялау жобасының талаптарына сәйкес жер қойнауы учаскесін (немесе оның

      бөлігін) консервациялау мақсатындағы жүргізілген жұмыстардың толықтығы мен

      сапасын сипаттайтын барлық ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарап, жер

      қойнауы учаскесін консервациялау жұмыстары жүзеге асырылған жер қойнауын

      учаскесін (немесе оның бөлігін) қарап тексерді.

      Комиссияның шешімі:_____________________________

      ___________________________________________________________________

      Актіге орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын көрсететін графикалық

      материалдар, құжаттар, анықтамалар, хаттамалар қоса беріледі. Комиссия төрағасы:

      Комиссия мүшелері:

      Мөр орны

  Тізбеге 3-қосымша
Көмірсутектерді барлау мен
өндіру жүргізу кезіндегі
консервациялау және жою
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Жер қойнауын пайдалану салдарын жою АКТІСІ

      Орны №_____ 20___жылғы "___" _________

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша

      оператор, сенімгерлік басқарушы) аты, жер қойнауы учаскесі (немесе оның бөлігі)

      және объект атаулары, келісімшарт нөмірі)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасының атауы және оны бекіту күні)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (базалық жобалау құжатының, Кодекс күшіне енгенге дейін бекітілген игеруді

      талдаудың немесе жобалық құжаттың атауы және оны бекіту күні)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жер қойнауы учаскесінің немесе оның бөлігінің, объектінің географиялық

      координаттары)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жою жұмыстарын жасаған мердігердің атауы (болған жағдайда),

      бизнес- сәйкестендіру нөмірі, лицензия нөмірі және берілген күні)

      20____ жылғы "___" ______ №______________ бұйрығымен тағайындалған

      _________________________________________________________________

      (комиссияны құрған органның атауы)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (комиссияның әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және атқарып отырған

      лауазымы)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      құрамындағы комиссия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын

      пайдалану туралы заңнамасының, Көмірсутектерді барлау және өндіру жүргізу

      кезіндегі консервациялау және жою қағидаларының, сондай-ақ жер қойнауын

      пайдалану салдарын жою жобасының талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану

      салдарын жою мақсатындағы жүргізілген жұмыстардың толықтығы мен сапасын

      сипаттайтын барлық ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарап жер қойнауын

      пайдалану салдарын жою жұмыстары жүзеге асырылған жер қойнауын учаскесін

      (немесе оның бөлігін) қарап тексерді.

      Комиссияның шешімі:__________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Актіге орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын көрсететін графикалық

      материалдар, құжаттар, анықтамалар, хаттамалар қоса беріледі.

      Комиссия төрағасы:

      Комиссия мүшелері:

      Мөр орны

  Тізбеге 4-қосымша
  Көмірсутектерді барлау мен
өндіру жүргізу кезіндегі
консервациялау және жою
қағидаларына 6-қосымша
  Нысан

Консервацияланған технологиялық объектілерді немесе ұңғымаларды қабылдау туралы АКТІСІ

      Орны №_____ 20___жылғы "___" _________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісім шарты бойынша

      оператор, сенімгерлік басқарушы) және кен орны (құрылым), технологиялық

      объектінің атаулары, ұңғыма және келісімшарт нөмірі)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (консервациялау жобасының (консервациялау жоспарының) атауы және оны бекіту

      күні) ________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (базалық жобалау құжатының, Кодекс күшіне енгенге дейін бекітілген игеруді

      талдаудың немесе жобалық құжаттың атауы және оны бекіту күні)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жер қойнауы учаскесінің және технологиялық объектінің (ұңғыманың)

      географиялық координаттары, технологиялық объектінің (ұңғыманың) нысанасы,

      консервациялау күні, ұңғыманың жобалық және нақты тереңдігі*, перфорация

      аралықтары *, цементті көпірлер аралықтары*)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (консервациялау жұмыстарын жасаған мердігердің атауы (болған жағдайда),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, лицензия нөмірі және берілген күні)

      20____ жылғы "___" ______ №_____________ бұйрығымен тағайындалған

      _________________________________________________________________

      (комиссияны құрған жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану

      келісімшарты бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) атауы)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (комиссияның әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және атқарып отырған

      лауазымы)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      ________________________________________________құрамындағы комиссия

      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

      заңнамасының, Көмірсутектерді барлау мен өндіру жүргізу кезіндегі консервациялау

      және жою қағидаларының, сондай-ақ консервациялау жобасының (консервациялау

      жоспары) талаптарына сәйкес технологиялық объектіні (ұңғыманы) консервациялау

      мақсатында жүргізілген жұмыстардың толықтығы мен сапасын сипаттайтын барлық

      ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарап консервацияланған технологиялық

      объектіні (ұңғыманы) қарап тексерді. * ұңғыманы консервациялау кезінде

      Комиссияның шешімі: _________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Актіге орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын көрсететін графикалық

      материалдар, құжаттар, анықтамалар, қарап-тексеру, сығымдау және сынау актілері

      (хаттамалары), консервациялау жобасы (консервациялау жоспары) қоса беріледі.

      Комиссия төрағасы:

      Комиссия мүшелері:

      Мөр орны

  Тізбеге 5-қосымша
Көмірсутектерді барлау мен
өндіру жүргізу кезіндегі
консервациялау және жою
қағидаларына 7-қосымша
  Нысан

Жойылған технологиялық объектілерді немесе ұңғымаларды қабылдау туралы АКТІСІ

      Орны №_____ 20___жылғы "___" _________

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша

      оператор, сенімгерлік басқарушы) және кен орны (құрылым), технологиялық

      объектінің атаулары, ұңғыма және келісімшарт нөмірі)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жою жобасының (жою жоспарының) атауы және оны бекіту күні)

      __________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (базалық жобалау құжатының, Кодекс күшіне енгенге дейін бекітілген игеруді

      талдаудың немесе жобалық құжаттың атауы және оны бекіту күні)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жер қойнауы учаскесінің және технологиялық объектінің (ұңғыманың)

      географиялық координаттары, технологиялық объектінің (ұңғыманың) нысанасы,

      жою немесе жою күні, ұңғыманың жобалық және нақты тереңдігі*, перфорация

      аралықтары*, цементті көпірлер аралықтары*)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жою жұмыстарын жасаған мердігердің атауы (болған жағдайда),

      бизнес- сәйкестендіру нөмірі, лицензия нөмірі және берілген күні)

      20____ жылғы "___" ______ №_________________ бұйрығымен тағайындалған

      _________________________________________________________________

      (комиссияны құрған жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану

      келісімшарты бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) атауы)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (комиссияның әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және атқарып отырған

      лауазымы)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      ________________________________________құрамындағы комиссия

      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

      заңнамасының, Көмірсутектерді барлау мен өндіру жүргізу кезіндегі консервациялау

      және жою қағидаларының, сондай-ақ жою жобасының (жою жоспары) талаптарына

      сәйкес технологиялық объектіні (ұңғыманы) жою мақсатында жүргізілген

      жұмыстардың толықтығы мен сапасын сипаттайтын барлық ұсынылған құжаттар мен

      материалдарды қарап жойылған технологиялық объектіні (ұңғыманы) қарап тексерді.

      * ұңғыманы консервациялау кезінде

      Комиссияның шешімі: _________________________________________

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Актіге орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын көрсететін графикалық

      материалдар, құжаттар, анықтамалар, қарап-тексеру, сығымдау және сынау актілері

      (хаттамалары), жою жобасы (жою жоспары) қоса беріледі. Комиссия төрағасы:

      Комиссия мүшелері:

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады