"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 ақпанда № 38026 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:

      2-қосымшада:

      реттік нөмірі 8-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі:

1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
машиналарды тіркеу кезінде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 615-бабының 3-тармағында және 667-бабының 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
5) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын құжат;
6) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындалуы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме);
7) машиналарды бастапқы тіркеу жағдайында:
өндіруші зауыттың қозғалтқыштың номиналды қуатын растайтын құжатының көшірмесі немесе өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің паспортының көшірмесі / өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты;
сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі ("Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсына отырып кедендік декларация берілетін өнім тізбесін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 6 шешіміне (бұдан әрі – № 6 шешім) сәйкес);
8) заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы осы ұйымның (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мөрімен куәландырылған бұйрығы (өкімі);
Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен немесе республикадан тыс жерлерден келетін машиналарды уақытша тіркеуді жүзеге асыру кезінде:
1) осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) техникалық паспорттың түпнұсқасы;
3) жалға беру, қосалқы жалдау, өтеусіз пайдалану, лизинг, қосалқы лизинг, сенімгерлік басқару, шаруашылық жүргізу, қарыз шарты немесе машиналарды иелену және (немесе) пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат, ал уақытша әкелінген машиналар үшін ‒ машина уақытша тіркеуге қойылатын учаскенің немесе аумақтың иеленушінің (иесінің) келісуі;
4) машиналарды республикадан тыс жерлерден әкелген кезде – кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері экспорттау міндеттемесі);
машиналарды қайта тіркеген кезде:
меншік құқығы өзгерген немесе ортақ меншік пайда болған, тоқтатылған және машиналардың ортақ иелерінің құрамы өзгерген немесе машина иеленушінің (иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген, машина иеленушінің (иесінің) ерік білдіруі бойынша немесе машина тіркелген тұлғаның, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген жағдайларда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) Салық кодексінің 615-бабының 3-тармағында және 667-бабының 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
5) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындауы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
нөмірлік агрегаттарды қайта жабдықтау немесе ауыстыру, арнайы жабдықты орнату және өзге де осындай өзгерістер салдарынан машинаның түрі өзгерген жағдайларда:

5) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі ("Механикалық көлік құралдарының жекелеген түрлеріне және олардың тіркемелеріне арналған жарықты шағылыстыратын жабыны бар мемлекеттік тіркеу белгілері. Техникалық шарттар" ҚР СТ 1176 Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік стандарт) талаптарына сәйкес келмеген жағдайда);
машиналарды тіркеу есебінен шығару кезінде (машинаны кәдеге жаратудан, бас тартудан, есептен шығарудан, қызмет көрсету аумағынан тыс жерге ауыстырудан басқа, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы әрекеттерді қоспағанда):
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындауы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгі алған кезде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) Салық кодексінің 615-бабының 3-тармағында және 667-бабының 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
кәдеге жаратуға жататын машиналарды есептен шығару (шығарып тастау, есептен шығару) кезінде:
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша өтініш;
2) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі;
заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша өтініш;
2) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі;
3) есептен шығару актісі (тіркеу құжаттары немесе сынған машиналардың мемлекеттік нөмірлік белгісі болмаған жағдайда, өтініштерде олардың жоғалу жағдайлары, орны мен уақыты көрсетіледі);
ауыл шаруашылығы техникасы туралы ақпаратты өзектендіру (түзету) үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) техникалық паспорттың көшірмесі (тіркеу құжатындағы ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) үшін – техникалық паспорттың түпнұсқасы);
3) өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорты (өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорты болмаған кезде – арналған дайындаушы зауыттың ауыл шаруашылығы техникасына құжатының көшірмесі немесе өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің паспортының көшірмесі);
машиналар кепілінің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпаратты алу үшін:
1) осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш.
2. Порталға жүгінген кезде:
машиналарды тіркеген кезде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Кодекстің 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын электрондық құжат;
3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 615-бабының 3-тармағында және 667-бабының 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) машиналарға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес ресімделген шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот шешiмiнiң, қаулының, сот орындаушысының мемлекеттiк органның орындауы тиіс іс-әрекеттерi туралы хабарламасының сот куәландырған көшiрмесi бар атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері экспорттау міндеттемесі);
5) машиналарды бастапқы тіркеу жағдайында:
өндіруші зауыттың қозғалтқыштың номиналды қуатын растайтын құжатының электрондық көшірмесі немесе өздігінен жүретін машинаның және техника басқа да түрлерінің паспортының көшірмесі/ өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорты;
сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі (№ 6 шешімге сәйкес);
6) заңды тұлғаның (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мөрімен куәландырылған көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы заңды тұлға бұйрығының (өкімінің) электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасының басқа облыстарынан немесе республикадан тыс жерлерден келген машиналарды уақытша тіркеуді жүзеге асыру кезінде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) техникалық паспорттың түпнұсқасы (мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);
3) жалға беру, қосалқы жалдау, өтеусіз пайдалану, лизинг, қосалқы лизинг, сенімді басқару, шаруашылық жүргізу, қарыз немесе машиналарды иелену және (немесе) пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттардың электрондық көшірмелері, ал уақытша әкелінген машиналар үшін ‒ машина уақытша тіркеуге қойылатын учаскенің немесе аумақтың иесінің (иесінің) келісімі;
4) республикадан тыс жерден машиналарды әкелген кезде ‒ кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері экспорттау міндеттемесі);
машиналарды қайта тіркеу кезінде:
меншік құқығы өзгерген, ортақ меншік пайда болған, тоқтатылған және машиналардың ортақ меншік иелерінің құрамы өзгерген, машина иеленушінің (меншік иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген жағдайларда, машина иеленушінің (иесінің) ерік білдіруі бойынша, машина тіркелген адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген жағдайларда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 615-бабының 3-тармағында және 667-бабының 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) машиналарға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес ресімделген шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот шешiмiнiң, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттiк органның орындауы тиіс іс-әрекеттерi туралы хабарламасының сот куәландырған көшiрмесi бар атқару парағы;
қайта жабдықтау немесе ондағы нөмірленген агрегаттарды ауыстыру, арнайы жабдықты орнату және өзге де осыған ұқсас өзгерістерге байланысты машинаның типі өзгерген жағдайда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 615-бабының 3-тармағында және 667-бабының 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі (Мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда), тіркеу құжаты, нөмірлік белгі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш берген кезде ұсынылады);
машиналарды есептен шығару кезінде (машиналарды кәдеге жаратудан, бас тартудан, есептен шығарудан, қызмет көрсету аумағынан тыс жерге ауыстырудан басқа, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы әрекеттерді қоспағанда):
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) машиналардың меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, олар:
азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес жасалған келісімдер, мәмілелер, анықтамалар, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот шешiмiнiң, қаулының, сот орындаушысының орындауға жататын мемлекеттiк органның әрекеттерi туралы хабарламасының сот куәландырған көшiрмесi қоса берiлген атқару парағы;
тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгіні алған кезде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 615-бабының 3-тармағында және 667-бабының 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәдеге жаратуға (жарамсыз деп тану, есептен шығару) жататын машиналарды тіркеу есебінен шығару кезінде:
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетіледі);
заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмірлік белгі (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетіледі);
3) есептен шығару актінің электрондық көшірмесі (тiркеу құжаттары немесе кәдеге жарату машиналарының мемлекеттiк белгiлерi болмаған жағдайда, мәлімдемелерде олардың жоғалу жағдайлары, орны мен уақыты көрсетіледі);
ауыл шаруашылығы техникасы туралы ақпаратты өзектендіру (түзету) үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) техникалық паспорттың электрондық көшірмесі (тіркеу құжатындағы ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) үшін – техникалық паспорттың түпнұсқасы (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу кезінде көрсетілетін қызметті берушіге беріледі));
3) өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорты (өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорты болмаған кезде – дайындаушы зауыттың ауыл шаруашылығы техникасына арналған құжатының электрондық көшірмесі немесе өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің паспортының электрондық көшірмесі);
машиналарда кепілдің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпаратты алу үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу немесе дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, сондай-ақ машиналарды тіркегені үшін бюджетке алымдар мен алымдарды төлеу туралы мәліметтерді ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайда, тіркеу пунктінің қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты туралы мәліметтерді тіркеу пунктінің қызметкері көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінен алады.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан сұратуға жол берілмейді.
Меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң атынан өкiлдер тiркеу iс-әрекеттерiн жүзеге асырған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушiге осы тармақта белгiленген құжаттардан басқа, меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерiн бiлдiру жөнiндегi өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттар ұсынылады.
Бұрын Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуде болған автокөлік мемлекеттік тіркелуі тиіс болған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушіге осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа алдыңғы тіркеу құжаты ұсынылады, алайда осы құжаттың ұсынылмауы мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Машиналарды тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-шараларын жүргізу кезінде меншік иесі болып табылмайтын тұлғаларға меншік құқығын растайтын мына құжаттар ұсынылады:
шарт (жалға алу, қосалқы жалдау, лизинг, қосалқы лизинг, кепілдік) және машинаны қабылдау актісі;
меншік иесі қол қойған (жеке тұлғалар үшін), заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған (заңды тұлғалар үшін) машина иесінің тиісті тіркеу әрекетін жасауға меншік иесінің жазбаша келісімі.
Тіркеу әрекеттері жүргізілетін машина ортақ меншікте болса, онда барлық меншік иелері тіркеу құжаттарында көрсетіледі және барлық құжаттар машинаның барлық иелерінің атынан беріледі. Жеке тұлғалардың ортақ мүлкін иеліктен шығарудың негізі нотариалды куәландырылған мәміле болып табылады.
Меншік иелері 14 жасқа толмаған кәмелетке толмаған азаматтар болып табылатын жағдайларда, олардың атынан тіркеу әрекеттерін заңды өкілдер электронды немесе қағаз түрінде туу туралы куәлікті ұсына отырып жүзеге асырады.
Меншік иелері 14 жастан 18 жасқа дейінгі тұлғалар болып табылатын жағдайларда, тіркеу әрекеттерін осы адамдар заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлікті ұсына отырып жүзеге асырады.
Машиналарды заңды және жеке тұлғалар аукциондар мен сауда биржалары арқылы сатып алған жағдайда: аукционның хаттамасы және уәкілетті тұлғалардың қолдары қойылған сатып алу-сату шарты ұсынылады.

      "

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11702 болып тіркелген) бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына 2-қосымшаның реттік нөмірі 8 - жолы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі:

1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
машиналарды тіркеу кезінде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 615-бабының 3-тармағында және 667-бабының 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
5) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын құжат;
6) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындалуы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме);
7) машиналарды бастапқы тіркеу жағдайында:
өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорты (өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспортында қозғалтқыштың номиналды қуаты туралы деректер болмаған кезде қозғалтқыштың номиналды қуатын растайтын дайындаушы зауыттың құжатының көшірмесі қосымша ұсынылады);
сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі ("Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсына отырып кедендік декларация берілетін өнім тізбесін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 6 шешіміне (бұдан әрі – № 6 шешім) сәйкес);
8) заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы осы ұйымның (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мөрімен куәландырылған бұйрығы (өкімі);
Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен немесе республикадан тыс жерлерден келетін машиналарды уақытша тіркеуді жүзеге асыру кезінде:
1) осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) техникалық паспорттың түпнұсқасы;
3) жалға беру, қосалқы жалдау, өтеусіз пайдалану, лизинг, қосалқы лизинг, сенімгерлік басқару, шаруашылық жүргізу, қарыз шарты немесе машиналарды иелену және (немесе) пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат, ал уақытша әкелінген машиналар үшін ‒ машина уақытша тіркеуге қойылатын учаскенің немесе аумақтың иеленушінің (иесінің) келісуі;
4) машиналарды республикадан тыс жерлерден әкелген кезде – кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері экспорттау міндеттемесі);
машиналарды қайта тіркеген кезде:
меншік құқығы өзгерген немесе ортақ меншік пайда болған, тоқтатылған және машиналардың ортақ иелерінің құрамы өзгерген немесе машина иеленушінің (иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген, машина иеленушінің (иесінің) ерік білдіруі бойынша немесе машина тіркелген тұлғаның, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген жағдайларда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) Салық кодексінің 615-бабының 3-тармағында және 667-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат;
5) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындауы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
нөмірлік агрегаттарды қайта жабдықтау немесе ауыстыру, арнайы жабдықты орнату және өзге де осындай өзгерістер салдарынан машинаның түрі өзгерген жағдайларда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) Салық кодексінің 615-бабының 3-тармағында және 667-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат;
5) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі (тіркеу құжаты, нөмірлік белгі "Механикалық көлік құралдарының жекелеген түрлеріне және олардың тіркемелеріне арналған жарықты шағылыстыратын жабыны бар мемлекеттік тіркеу белгілері. Техникалық шарттар" ҚР СТ 1176 Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік стандарт) талаптарына сәйкес келмеген жағдайда);
машиналарды тіркеу есебінен шығару кезінде (машинаны кәдеге жаратудан, бас тартудан, есептен шығарудан, қызмет көрсету аумағынан тыс жерге ауыстырудан басқа, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы әрекеттер жағдайында):
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының,
сот орындаушысының мемлекеттік органның орындауы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгі алған кезде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) Салық кодексінің 615-бабының 3-тармағында және 667-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат;
кәдеге жаратуға жататын машиналарды есептен шығару (шығарып тастау, есептен шығару) кезінде:
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша өтініш;
2) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі;
заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша өтініш;
2) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі;
3) есептен шығару актісі (тіркеу құжаттары немесе сынған машиналардың мемлекеттік нөмірлік белгісі болмаған жағдайда, өтініштерде олардың жоғалу жағдайлары, орны мен уақыты көрсетіледі);
ауыл шаруашылығы техникасы туралы ақпаратты өзектендіру (түзету) үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) техникалық паспорттың көшірмесі (тіркеу құжатындағы ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) үшін – техникалық паспорттың түпнұсқасы);
3) өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорты (өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорты болмаған кезде – дайындаушы зауыттың ауыл шаруашылығы техникасына арналған құжатының көшірмесі немесе өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің паспортының көшірмесі);
машиналар кепілінің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпаратты алу үшін:
1) осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
2. Порталға жүгінген кезде:
машиналарды тіркеген кезде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Кодекстің 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын электрондық құжат;
3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 615-бабының 3-тармағында және 667-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) машиналарға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешiмiнiң, қаулының, сот орындаушысының мемлекеттiк органның орындауы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшiрмесi қоса берілген атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері экспорттау міндеттемесі);
5) машиналарды бастапқы тіркеу жағдайында:
өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорты (өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспортында қозғалтқыштың номиналды қуаты туралы деректер болмаған кезде дайындаушы зауыттың қозғалтқыштың номиналды қуатын растайтын құжатының электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады);
сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі (№ 6 шешімге сәйкес);
6) заңды тұлғаның (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мөрімен куәландырылған көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы заңды тұлға бұйрығының (өкімінің) электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен немесе республикадан тыс жерлерден келген машиналарды уақытша тіркеуді жүзеге асыру кезінде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) техникалық паспорттың түпнұсқасы (мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);
3) жалға беру, қосалқы жалдау, өтеусіз пайдалану, лизинг, қосалқы лизинг, сенімді басқару, шаруашылық жүргізу, қарыз шарттарының немесе машиналарды иелену және (немесе) пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттардың электрондық көшірмелері, ал уақытша әкелінген машиналар үшін ‒ машина уақытша тіркеуге қойылатын учаскенің немесе аумақтың меншік иесінің (иесінің) келісуі;
4) республикадан тыс жерден машиналарды әкелген кезде ‒ кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері экспорттау міндеттемесі);
машиналарды қайта тіркеу кезінде:
меншік құқығы өзгерген, ортақ меншік пайда болған, тоқтатылған және машиналардың ортақ меншік иелерінің құрамы өзгерген, машина иеленушінің (меншік иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген жағдайларда, машина иеленушінің (иесінің) ерік білдіруі бойынша, машина тіркелген адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген жағдайларда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 615-бабының 3-тармағында және 667-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) машиналарға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешiмiнiң, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттiк органның орындауы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшiрмесi қоса берілген атқару парағы;
қайта жабдықтау немесе ондағы нөмірленген агрегаттарды ауыстыру, арнайы жабдықты орнату және өзге де осыған ұқсас өзгерістерге байланысты машинаның типі өзгерген жағдайда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) Салық кодексінің 615-бабының 3-тармағында және 667-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі (Мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, тіркеу құжаты, нөмірлік белгі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға жүгінген кезде ұсынылады);
машиналарды есептен шығару кезінде (машиналарды кәдеге жаратудан, жарамсыз деп танудан, есептен шығарудан, қызмет көрсету аумағынан тыс жерге ауыстырудан басқа, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы әрекеттерді қоспағанда):
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) машиналарға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешiмiнiң, қаулының, сот орындаушысының мемлекеттiк органның орындауы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшiрмесi қоса берiлген атқару парағы;
тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгіні алған кезде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 615-бабының 3-тармағында және 667-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәдеге жаратуға (жарамсыз деп тану, есептен шығару) жататын машиналарды тіркеу есебінен шығару кезінде:
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде ұсынылады);
заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмірлік белгі (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде ұсынылады);
3) есептен шығару актінің электрондық көшірмесі (тiркеу құжаттары немесе кәдеге жарату машиналарының нөмірлік белгiлерi болмаған жағдайда, өтініштерде олардың жоғалу жағдайлары, орны мен уақыты көрсетіледі);
ауыл шаруашылығы техникасы туралы ақпаратты өзектендіру (түзету) үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) техникалық паспорттың электрондық көшірмесі (тіркеу құжатындағы ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) үшін – техникалық паспорттың түпнұсқасы (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде беріледі));
3) өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорты (өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорты болмаған кезде – дайындаушы зауыттың ауыл шаруашылығы техникасына арналған құжатының электрондық көшірмесі немесе өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің паспортының электрондық көшірмесі);
машиналарда кепілдің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпаратты алу үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу немесе дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, сондай-ақ машиналарды тіркегені үшін бюджетке алымдар мен баждарды төлеу туралы мәліметтерді ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайда, тіркеу пунктінің жұмыскері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты туралы мәліметтерді тіркеу пунктінің жұмыскері көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінен алады.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан сұратуға жол берілмейді.
Меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң атынан өкiлдер тiркеу iс-әрекеттерiн жүзеге асырған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушiге осы тармақта белгiленген құжаттардан басқа, меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерiн бiлдiру жөнiндегi өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттар ұсынылады.
Бұрын Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуде болған машина мемлекеттік тіркелуі тиіс болған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушіге осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа алдыңғы тіркеу құжаты ұсынылады, алайда осы құжаттың ұсынылмауы мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Машиналарды тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-шараларын жүргізу кезінде меншік иесі болып табылмайтын тұлғаларға меншік құқығын растайтын мына құжаттар ұсынылады:
шарт (жалға алу, қосалқы жалдау, лизинг, қосалқы лизинг, кепілдік) және машинаны қабылдау актісі;
меншік иесі қол қойған (жеке тұлғалар үшін), заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған (заңды тұлғалар үшін) машина иесінің тиісті тіркеу әрекетін жасауға меншік иесінің жазбаша келісуі.
Тіркеу әрекеттері жүргізілетін машина ортақ меншікте болса, онда барлық меншік иелері тіркеу құжаттарында көрсетіледі және барлық құжаттар машинаның барлық иелерінің атынан беріледі. Жеке тұлғалардың ортақ мүлкін иеліктен шығарудың негізі нотариалды куәландырылған мәміле болып табылады.
Меншік иелері 14 жасқа толмаған кәмелетке толмаған азаматтар болып табылатын жағдайларда, олардың атынан тіркеу әрекеттерін заңды өкілдер электронды немесе қағаз түрінде туу туралы куәлікті ұсына отырып жүзеге асырады.
Меншік иелері 14 жастан 18 жасқа дейінгі тұлғалар болып табылатын жағдайларда, тіркеу әрекеттерін осы адамдар заңды өкілдерінің жазбаша келісуімен электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлікті ұсына отырып жүзеге асырады.
Машиналарды заңды және жеке тұлғалар аукциондар мен сауда биржалары арқылы сатып алған жағдайда: аукционның хаттамасы және уәкілетті тұлғалардың қолдары қойылған сатып алу-сату шарты ұсынылады.

      5. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект

      және цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады