"Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 ақпанда № 37974 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 10 және 28-тармақтары, Қағидаларға 1-қосымша және Қағидаларға 2-қосымшаның реттік нөмірі 8-жолы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
А. Ертаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 12 ақпандағы
№ 49
Бұйрығына қосымша/
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 84 бұйрығына
7-қосымша

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші, БЖЗҚ) жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті беруші;

      3) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;

      4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Зейнеткерлік жасқа толған адамдарға, мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Көрсетілетін қызметті алушы мыналарда көзделген жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін:

      1) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 220-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен, 221-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен көзделген, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;

      2) Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен, Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен көзделген - БЖЗҚ-ға өтініш пен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.

      БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті ұсынады.

      4. Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген, бұл ретте жасы бойынша немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар болып табылатын адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға проактивті қызмет көрсету кезінде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға өтініш ұсыну талап етілмейді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде келтірілген.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнінде көрсетілетін зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелерін немесе жерлеуді жүзеге асырған адамдарды қоспағанда, құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.

      7. Тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

      Мемлекеттік корпорацияда – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      көрсетілетін қызметті берушіде – көрсетілетін қызметті берушіге пошта байланысы құралдары арқылы құжаттар топтамасын берген адамды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері бас тарту себебін көрсете отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      9. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталғанда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді.

      ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету немесе себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде әкімшілік орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      10. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген құжаттар топтамасы заңнама талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайтын Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері:

      Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді алу үшін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - "ЖТ МДҚ" АЖ) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы сұрау салуды қалыптастырады;

      "Халыққа қызмет көрсету орталығы" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "ХҚКО" ЫАЖ) арқылы БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БЖЗҚ АЖ) онда көрсетілетін қызметті алушының атына ашылған жеке зейнетақы шотының болуына, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне, зейнетақы жинақтарына құқығын, көрсетілетін қызметті беруші белгілеген төлем фактісін және көрсетілетін қызметті алушының зейнетақы жинақтарын төлеу мен аудару бойынша орындалмаған қолданыстағы өтінішін сұрау салуды қалыптастырады;

      БЖЗҚ АЖ-дан оң жауап алған кезде өтінішті "ХҚКО" ЫАЖ-да тіркеуді жүзеге асырады;

      құжаттарды, оның ішінде "ЖТ МДҚ" АЖ-да мәліметтері жоқ құжаттарды сканерлейді;

      қабылданған құжаттар негізінде электрондық іс макетін қалыптастырады;

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - "Е-Макет" Еңбекминінің АЖ) деректерді түсіре отырып, "ХҚКО" ЫАЖ-да тіркелген өтінішті өңдеуді жүзеге асырады.

      11. Алушылардың тіркелген өтініштері бойынша Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияда тіркелген алушылардың өтініштері мен электрондық өтінімдер туралы мәліметтер беріледі.

      Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларының кестесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың банк шоттарына аударады.

      Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыны өтініште көрсетілген осы көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысы абоненттік құрылғысының нөміріне (бар болса) sms-хабарлама беру арқылы зейнетақы төлемін жүзеге асыру туралы хабардар етеді.

      12. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген құжаттар топтамасы заңнама талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайтын БЖЗҚ жұмыскері:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "МОДҚ" АЖ) көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген мүгедектік тобы және қолданылу мерзімі туралы мәліметтердің болуы туралы сұрау салуды қалыптастырады;

      ұсынылған құжаттар топтамасына ескертулер болмаған, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыда бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленгенін растайтын "МОДҚ" АЖ-да мәліметтер болған кезде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін БЖЗҚ АЖ-да тіркеуді жүзеге асырады;

      қабылданған құжаттардың негізінде электрондық іс макетін қалыптастырады, оның ішінде қол қойылған өтініш пен құжаттардың сканерленген көшірмелерін БЖЗҚ АЖ-да тіркейді.

      12-1. Осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көрсетілетін қызметті алушылар бойынша БЖЗҚ зейнетақы төлемдерінің сомаларын есептеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларының (бұдан әрі - Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары) 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырады.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып, oop@enbek.kz электрондық поштасы арқылы қолдау қызметіне сұрау салу жолдайды.

3-тарау. Зейнеткерлік жасқа толған адамдарға проактивті қызмет көрсету тәртібі

      15. Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және БЖЗҚ-ға, оның ішінде зейнетақы жинақтарын төлеу үшін Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінбеген адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға проактивті қызмет көрсету "электрондық үкімет" веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін тіркеу кезінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар бойынша БЖЗҚ жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 наурызға дейін Мемлекеттік корпорациямен көрсетілген тұлғалардың жасы бойынша немесе еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің, "Е-Макет" Еңбекминінің АЖ бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің болуына салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Бұл ретте алушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

      16. Салыстырып тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік корпорация:

      "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірлері бар, бюджет қаражаты есебінен жасы немесе еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар болып табылатын адамдардың тізімін қалыптастырады;

      "Е-Макет" Еңбекмині АЖ арқылы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетуді ұсына отырып, алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөміріне сұрау (sms-хабарлама) жібереді;

      көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды (sms-хабарлама) алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды;

      хабарламаға жауап болмаған, оның ішінде күту мерзімі аяқталған кезде сұрау салудың күші жойылады және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгіну қажеттілігі туралы "Е-Макет" Еңбекминінің АЖ арқылы хабарлама (sms-хабарлама) жіберіледі;

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті қызмет арқылы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға келісім алған адамдар бойынша әрбір мемлекеттік қызметке электрондық өтінімдер мен хабарламалар журналында ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінімді жеке қалыптастырады;

      Мемлекеттік корпорация "Е-Макет" Еңбекминінің АЖ-да тіркеген электрондық өтінімдер бойынша БЖЗҚ АЖ-ға осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген келісімде айқындалған форматта "Е-Макет" Еңбекминінің АЖ-да тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық өтінімдер жібереді.

      17. БЖЗҚ Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген көрсетілетін қызметті алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорацияның зейнетақы төлемдерінің кестесіне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға аударады.

      18. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алған зейнетақы төлемдерінің сомаларын алушылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде Мемлекеттік корпорацияға алушылар бұрын ұсынған банк шоттарына аударады.

      19. Еңбекмині проактивті қызмет көрсетілетін "Е-макет" Еңбекмині АЖ иесі бола отырып, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған ақпараттың толықтығын, дұрыстығын, өзектілігін және деректерді қолданбалы бағдарламалық қамтылым деңгейінде, рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды, көрсетілетін қызметті алушыдан алынған мәліметтердің уақтылы берілуін және өзгермейтіндігін қамтамасыз етеді.

4-тарау. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      20. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖЗҚ-ға осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған өтініш пен құжаттарды ұсынады.

      21. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген құжаттар топтамасы заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда БЖЗҚ жұмыскері:

      "ЖТ МДҚ" АЖ-дан жүгінген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының, не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және оның жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады;

      ұсынылған құжаттар пакетіне ескертулер болмаған кезде, оның ішінде жүгінген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, не шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың жойылуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының, не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген куәлігінің болмауы немесе жарамсыздығы не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы туралы "ЖТ МДҚ" АЖ-да мәліметтері болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін БЖЗҚ АЖ-да тіркеуді жүзеге асырады;

      қабылданған құжаттардың негізінде істің электрондық іс макетін қалыптастырады, оның ішінде қол қойылған өтініш пен құжаттардың сканерленген көшірмелерін БЖЗҚ АЖ-ға тіркейді.

      22. Осы Қағидалардың 2-қосымшасында айқындалған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайларда, сондай-ақ "ЖТ МДҚ" АЖ-дан Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың не уәкілетті орган берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы мен жарамдылығы туралы мәліметтер алынған жағдайда БЖЗҚ жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыны осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру үшін тыңдау өткізу мүмкіндігі қарастыру туралы хабардар етеді.

      Тыңдау нәтижелері бойынша БЖЗҚ жұмыскері бас тарту себебін көрсете отырып, құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жіберу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      23. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға бір жолғы зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады.

5-тарау. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      24. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізеді.

      25. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері немесе жерлеуді жүзеге асырған адам жерлеуге біржолғы төлемді алу үшін БЖЗҚ-ға осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған өтініш пен құжаттарды ұсынады.

      26. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алушылар (мұрагерлер) алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған өтініш пен құжаттар ұсынылады.

      27. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарына сот актісі бойынша жүгінген адамдар БЖЗҚ-ға осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған құжаттарды ұсынады.

      28. Тізбеде көрсетілген құжаттар топтамасы заңнама талаптарына сәйкес келген кезде БЖЗҚ жұмыскері осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген адамдар жүгінген кезде:

      ұсынылған құжаттарға ескертулер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін БЖЗҚ АЖ-да тіркеуді жүзеге асырады;

      тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде, оның ішінде "ЖТ МДҚ" АЖ-да мәліметтері жоқ құжаттарды сканерлейді;

      қабылданған құжаттардың негізінде істің электрондық іс макетін қалыптастырады, оның ішінде қол қойылған өтініш пен құжаттардың сканерленген көшірмелерін БЖЗҚ АЖ-ға тіркейді.

6-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      29. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде, қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасаумен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген кезде, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  "Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорынан міндетті
зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен
қалыптасқан зейнетақы
төлемдерінен жүзеге асыру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан

      Аудан коды

      ________________________

      Қазақстан Республикасы

      Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің

      _____________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ)

Өтініш

      Азамат ________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні: _____ жылғы "___"___________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі:____________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі:_______________________

      Құжат сериясы: ____ құжаттың нөмірі:____ кім берді:_________________

      Берілген күні: _____ жылғы "___"___________

      Тұрақты тұрғылықты мекенжайы:

      Облысы _______________ қала (аудан) __________ ауыл: _____________

      көше (шағын аудан) ______________ үй ____ пәтер _____________

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы __________________________

      Банктік шот № ________________________________________

      Шот түрі: ағымдағы _______________________________________

      Резиденттік: резидент / резидент емес

      Маған тағайындауды (қайта бастауды)/ жүзеге асыруды сұраймын

      ______________________________________________________________ (жасына байланысты зейнетақы төлемдері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері).

      Бұрын маған зейнетақы төлемдері тағайындалды/тағайындалмады (қажет емесі сызылып тасталсын).

      Төленетін зейнетақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғатын барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің тұрғылықты жерінің өзгеруі (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуі) туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттігі туралы хабардар етілді.

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банктік шот ашылғанда, мұндай шоттағы ақшаға үшінші адамдардың өндіріп алуына жол берілмейді.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

№ р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе

1




2




3




      Төлемді тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін жүзеге асыру туралы, жасына байланысты зейнетақы төлемін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді ұялы телефонға sms-хабарлама жіберу арқылы қабылдау туралы хабарламаға келісім беремін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      Үй телефоны__________ мобильді ____________ Е-маil _______________

      Өтініш беру күні: 20___ жылғы "___" __________

      Өтініш берушінің қолы __________________________________________

      Азаматтың өтініші ______________________________________________

      № ____ тіркелді құжаттарды қабылдау күні 20___ жылғы "___" _______

      ____________________________________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

  "Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорынан міндетті
зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен
қалыптасқан зейнетақы
төлемдерінен жүзеге асыру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
- Бірінші, екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз адамдарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын адамдарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;
- Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері болып табылатын адамдарға немесе жерлеуді жүзеге асырған адамдарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;
- Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлері болып табылатын адамдарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;
- Зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар бойынша – "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы – мерзімсіз бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері, зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуді жүзеге асырған адамдар;
қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлері;
зейнеткерлік жасқа толған адамдар,
сот актісі (жеке немесе заңды тұлғалар) бойынша жүгінген адамдар;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – Портал) - мерзімсіз бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
зейнеткерлік жасқа толған адамдар бойынша;
4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы – зейнеткерлік жасқа толған адамдар бойынша жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарға Мемлекеттік корпорацияның зейнетақы төлемдерінің кестелеріне сәйкес мерзімдерде;
зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамдарға – көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлеріне, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарына сот актісі бойынша жүгінген адамдарға – көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынады.
2) Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушіде, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде:
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;
- зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлеріне.
Сот актісі (жеке немесе заңды тұлғаларға) бойынша жүгінген адамдарға;
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде:
мерзімсіз бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамдарға.
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ проактивті/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызмет:
зейнеткерлік жасқа толған адамдарға.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік корпорацияда тіркелген өтініштер бойынша Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге зейнетақы төлемдерін алушының банк шотына аударған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініште (бар болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемін жүзеге асырғаны туралы хабарлайды. Көрсетілетін қызметті беруші тіркеген, бірінші және екінші топтардағы мерзімсіз мүгедектігі бар адамдар, зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері немесе жерлеуді жүзеге асырған адамдар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлері болып табылатын адамдардың, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарына сот актісі бойынша жүгінген адамдардың өтініштері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге өтініште (бар болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы зейнетақы төлемін жүзеге асырғаны туралы хабарлайды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау электрондық кезек тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті электрондық үкімет порталы арқылы броньдауға болады;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады не көрсетілетін қызметті берушінің ішкі құжатында бекітілген өзге жұмыс кестесі бойынша жүзеге асырылады.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен немесе көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жеріне қарамастан, кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы (бірінші және екінші топтардағы мүгедектіктің мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты, жерлеуге арналған біржолғы төлемге өтініш берген кезде) – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты туралы мәліметтерді
ұсынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация жұмыскері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Бірінші, екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде
көрсетілетін қызметті берушінің ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш), жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты туралы мәліметтерді
ұсынады.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен зейнетақы жинақтары бар шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мына құжаттарды береді:
1) өтініш;
2) шетелдік паспорттың түпнұсқасы (сәйкестендіру үшін);
Бұл ретте азаматтығы жоқ адам шетелдік паспорт ретінде азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын, шет мемлекет берген және азаматтығы жоқ адамның құқықтық мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;
3) көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты туралы мәліметтер.
Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі немесе жерлеуді жүзеге асырған адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге жеке өзі жүгінген кезде мына құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің банк шоты туралы мәліметтер.
"ЖТ МДҚ" АЖ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде өтініш жасаған адамның зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, өтініш жасаған адамның зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мына құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
4) көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты туралы мәліметтер.
"ЖТ МДҚ" АЖ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады.
Осы Қағидалардың 3, 19, 25-тармақтарында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге үшінші тұлға немесе заңды өкіл арқылы жүгінген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша үшінші тұлға (сенім білдірілген адам немесе заңды өкіл) мына құжаттарды ұсынады:
1) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі не заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілгенде).
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге пошта байланысы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының өтініштегі қолы нотариалды куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілгенде).
Осы Қағидалардың 20, 25 және 26-тармақтарында көрсетілген адамдар не олардың сенім білдірілген адамдары (заңды өкілдері) шет тілінде ресімделген құжаттарды ұсынған кезде құжаттардың мемлекеттік не орыс тілдеріне аудармасының болуы қажет.
Заңды күшіне енген сот актісімен айқындалған көрсетілетін қызметті алушы (жеке немесе заңды тұлға) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның зейнетақы жинақтарын алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
нысандағы өндірістерге жүгіну,
заңды күшіне енген сот актісі;
алушының (сот актісінде айқындалған жеке немесе заңды тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.
Осы қосымшада көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алуға мүмкіндік болса, оларды ұсыну талап етілмейді.
Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге зейнетақы төлемдерін алу мақсатында алушы ұсынған банктік деректемелер өзгерген жағдайда алушы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге банктік деректемелердің өзгергені туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті берушіге берілген өтініштер бойынша зейнетақы төлемдерін алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке басын куәландыратын құжатпен және көрсетілетін қызметті берушінің ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша өтінішпен не ЭЦҚ бар болса, банктік деректемелерге өзгерістер енгізу үшін көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы жүгінеді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші:
1) көрсетілетін қызметті алушы осы қосымшада белгіленген немесе осы Қағидалардың немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) өтінішті қабылдау күніне қолданыс мерзімі өткенде ұсынған кезде;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіде зейнетақы жинақтары болмаған не егер ол белгіленген кесте бойынша алушы болып табылса;
3) көрсетілетін қызметті алушының "МОДҚ" АЖ-да бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің мерзімсіз болып белгіленгендігі туралы мәліметтер болмаған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмағанда мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы қосымшада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы, Мемлекеттік корпорация, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 нөмірлері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

  "Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорынан міндетті
зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен
қалыптасқан зейнетақы
төлемдерінен жүзеге асыру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан

ҚОЛХАТ № ____ зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қабылдау туралы

_____________________________________________________________

(түрін көрсету)

      20___ жылғы "___" _________ бастап

      Азамат __________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні ______ жылғы "___" ____________

      Үшінші тұлға / заңды өкіл __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Өтініш берген күні 20___ жылғы "___" ___________

      _________________________________________________________________

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

№ р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе

1




2




3




      __________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

  Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорынан міндетті
зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен
қалыптасқан зейнетақы
төлемдерінен жүзеге асыру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан

ҚОЛХАТ № ____ зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы

______________________________________________

(түрін көрсету)

      20___ жылғы "___" _________

      Азамат ___________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні ______ жылғы "___" ____________

      Үшінші тұлға / заңды өкіл___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Өтініш берген күні 20___ жылғы "___" ___________

      Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті қабылдаудан бас тартылды:

      құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолданылу мерзімі өткен

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады