"Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 61/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 12 ақпанда № 37970 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32233 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 270) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларында:

      12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мыналарды:";

      17-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем жасайды.";

      19-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзімдерде төлем құжатын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері жеті жұмыс күні ішінде мәліметтерді іріктеуге, жасауға кіріседі және қорытындысы бойынша:";

      1-қосымшада 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жергілікті жердің, оның ішінде теңіздердің, көлдердің, өзендердің, су қоймаларының қайраңының топографиялық түсірілімдері бойынша (масштабы 1:500 және кіші), сондай-ақ инженерлік желілерді түгендеу нәтижелері (геодезиялық іздестіру нәтижелері) бойынша техникалық есептер.

      6. Мемлекеттік топографиялық жоспарлардың, оның ішінде теңіздердің, көлдердің, өзендердің, су қоймаларының қайраңының, қалалар мен елді мекендердің жоспарларының (масштабы 1:500 және кіші), сондай-ақ инженерлік желілерді түгендеу нәтижелерінің (геодезиялық іздестіру нәтижелері) графикалық, цифрлық, фотографиялық, электрондық нысандардағы түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ көрсетілген карталар мен жоспарлардың таралымдық бедерлемелері.";

      2-қосымшада реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

  ";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Геодезия және картография департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 9 ақпандағы
№ 61/НҚ Бұйрыққа
1-қосымша
Ұлттық кеңістіктік деректер
қорының мәліметтерін
қалыптастыру, жинау, сақтау,
пайдалану және беру
қағидаларына
3-қосымша

Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы

      Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (бұдан әрі – АЕК) сүйене отырып есептеледі:

Р/с

Қызмет атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік құны, АЕК

1

2

3

4

Геодезиялық материалдар мен деректерді ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер

1

МГЖ пунктерінің координаттары туралы мәліметтер ұсыну

пункт

0,2

2

МГЖ пунктерінің координаттары туралы мәліметтер ұсыну, координаттарды бір жүйеден басқасына қайта есептеу

пункт

0,2

3

КЖ-42-ден қайта есептей отырып МГЖ пунктерінің координаттары туралы мәліметтер ұсыну

пункт

1,2

4

МГЖ пунктерінің биіктігі туралы мәліметтер ұсыну

пункт

0,4

5

МНЖ пунктерінің орналасқан жерін сипаттай отырып, олардың биіктігі туралы мәліметтер ұсыну

пункт

0,6

6

CD дискісіне жазумен техникалық есеп беру

парақ

0,25

Картографиялық материалдар мен деректерді ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер

7

Картографиялық өнімді таңдау

парақ

0,1

8

Картографиялық өнімді сканерлеу А0

парақ

1,5


А1

парақ

0,7


А2

парақ

0,4

9

Картографиялық материалды түрлендіру А0

парақ

1,9


А1

парақ

1,3


А2

парақ

0,6

10

Картографиялық өнімді плоттерлік басып шығару А0

парақ

1,8


А1

парақ

0,9


А2

парақ

0,4

11

Картографиялық өнімдерді басып шығару (4-түрлі-түсті басумен көбейту)

парақ

1,4

12

Картографиялық өнімдерді басып шығару (5-түрлі-түсті басумен көбейту)

парақ

1,7

13

Картографиялық өнімдерді басып шығару (екі жақты 4 түрлі-түсті басып шығару)

парақ

2,6

14

Картографиялық өнімді монтаждау

парақ

0,2

15

Картографиялық өнімді құрастыру, бүктеу

100 парақ

0,1

16

Картографиялық өнімді ламинаттау

шаршы метр

0,4

17

Картографиялық өнімді CD-дискіге жазу

парақ

0,5

18

Картографиялық өнімді түптеу, брошюралау (қатты түптеу)

кітап

0,5

19

Картографиялық өнімді түптеу, брошюралау (жұмсақ түптеу)

кітап

0,4

Жерді қашықтықтан зондтау материалдары мен деректерін ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер

20

Аса жоғары ажыратымдылықты ортофотожоспарларды ұсыну (АФТ)

НП

1,8

21

Қайта жобалаумен жоғары ажыратымдылықты ортофотожоспарларды ұсыну (Ғарыштық сурет)

НП

2,0

22

РЦМ ұсыну

НП

2,1

"Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы мемлекеттік геопорталы" ақпараттық жүйесінен Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы туралы мәліметтерді беру қызметі

23

БЦКН-ден ашық пайдалануға арналған картографиялық деректерді ұсыну

НП

1,0

24

Метадеректерді ұсыну

Бір материалға қатысты мәліметтер

0,7

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АФТ – аэрофототүсірілім;

      БЦКН – бірыңғай цифрлық картографиялық негіз;

      МГЖ – мемлекеттік геодезиялық желі;

      МНЖ – мемлекеттік нивелирлік желі;

      НП – номенклатуралық парақ;

      РЦМ – рельефтік цифрлық моделі;

      КЖ-42 – 1942 жылғы координаттар жүйесі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 9 ақпандағы
№ 61/НҚ Бұйрыққа
2-қосымша
Ұлттық кеңістіктік
деректер қорының мәліметтерін
қалыптастыру, жинау, сақтау,
пайдалану және беру
қағидаларына
7-қосымша

Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнің
"Ұлттық геодезия және
кеңістіктік ақпарат орталығы"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны



Республиканское государственное
предприятие на праве
хозяйственного ведения
"Национальный центр геодезии
и пространственной информации"
Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан


Жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі не
заңды тұлғаның толық атауы
____________________________



Дәлелді бас тарту

Нөмірі _________



20__ жылғы "___" _______

      Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарап, мынадай себеппен мәліметтерді беруден бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі] 

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады