"Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 ақпанда № 37967 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі туралы ережесінде:

      100-8-тармақтағы "мұрағатында" деген сөз "архивінде" деген сөзбен ауыстырылсын;

      133-тармағындағы "мұрағатта" деген сөз "архивте" деген сөзбен ауыстырылсын;

      213-тармағындағы "мұрағаттық" деген сөз "архивтік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      228-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "228. Атқарушылық жазбаны пошталық хабарламаға сәйкес табыс еткен не өзге де байланыс құралдарын пайдалану кезінде жеткізуді тіркеген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін және борышкер тарапынан қойылған талаптарға қарсылықтар туралы жазбаша өтініш болмаған кезде нотариус өндіріп алушыға "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңның талаптарына сәйкес аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына ұсыну үшін береді не оның өтініші бойынша атқарушылық жазбаны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырған оны электрондық түрде БНАЖ арқылы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесіне орындау үшін жолдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрі Е. Сарсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады