Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 2 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 ақпанда № 37933 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабынының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
___________________
"__"__________2025 г.

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
___________________
"__"__________2025 г.

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
___________________
"__"__________2025 г.

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
___________________
"__"__________2025 г.

  2026 жылғы 28 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6107 болып тіркелген);

      2. "Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 506 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10932 болып тіркелген);

      3. "Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 219 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15105 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады