"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 қаңтарда № 37851 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22100 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Арнайы шот ашқаннан кейін өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландыратын арнайы шоттың нөмірін, пайдалану мақсатын, қолжетімді сомасын көрсете отырып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін өтініш беруші біржолғы зейнетақы төлеміне арналған электрондық өтініштерді толтырады.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тұрғын үйді сатып алуға (оның ішінде бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізуге) немесе жеке тұрғын үй салуға (нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық болатын жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша алынған ипотекалық тұрғын үй негізгі борышы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған тұрғын үй құрылысы жинақтарына тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарты бойынша құқықтарды жұбайына (зайыбына) және (немесе) жақын туыстарына беруге жол беріледі.

      Алушының жұбайының (зайыбының) және (немесе) жақын туыстарының өтініш берушінің біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған тұрғын үй құрылыс жинақтарына тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартын одан әрі үшінші тұлғаларға беруіне жол берілмейді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Растайтын құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемдерінің қаражаты өтінім берушінің БЖЗҚ-на қайтарылуға жатады.";

      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Өтініш берушінің арнайы шотынан БЖЗҚ-ға біржолғы зейнетақы төлемінің сомасы қате аударылған жағдайда уәкілетті оператор ЭЦҚ-мен қол қойылған қате қайтарылған қаражатты оның жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісім алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ-ға өтініш берушінің осы келісімін қоса бере отырып, оның қате қайтарылған қаражатының жеке зейнетақы шотына аударылады.

      БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтару туралы хабарламада көрсетілген, бірақ өтініш берушінің (алушының) жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын соманы кейін өтініш берушінің (алушының) уәкілетті операторда ашылған арнайы шотына есепке жатқызу үшін аударады.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
К. Кажкенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      жəне дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады