Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 11-3 "Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7337-07 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшері айқындалсын";
көрсетілген шешіммен бекітілген Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшері";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігі күшімен өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.
Мемлекеттік корпорациядан не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауаптың мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";
7 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. рғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.".
2. "Бөрлі аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | К. Ермекбаев |
