Өскемен қаласы әкімдігінің және Өскемен қалалық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 2638 қаулысы және Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 21 тамыздағы № 37/8-VIII бірлескен шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 тамызда № 36685 болып тіркелді

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Өскемен қаласы әкімдігінің және Өскемен қалалық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі А. Акышов
      Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш

  Өскемен қаласының әкімдігі
2025 жылғы 25 тамыздағы № 2638
мен Өскемен қалалық мәслихатының
2025 жылғы 21 тамыздағы № 37/8-VIII
бірлескен әкімдік қаулысы мен
мәслихат шешіміне қосымша

Өскемен қаласы әкімдігінің және Өскемен қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің тізбесі

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 235 және Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/4-VII "Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8387 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешімі.

      2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 5186 және Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 14/6-VII "Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 235 және Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/4-VII "Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26476 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешімі.

      3. Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 1292 және Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 33/6-VIII "Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 235 және Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/4-VII "Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу бойынша женілдік белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9192-16 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады