"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Н. Сактаганов |
|
"Келісілді" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 05 мамырдағы № 109 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.12.2025 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидия сомасы, мың теңге |
1. | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | |||
1.1 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | килограмм | 1 065 458,52 | 287 673,8 |
Барлығы: | 287 673,8 | |||
2. | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (албырт, тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін) | |||
2.1 | Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) дана уылдырық | дана | 2 035 000 | 10 175,0 |
2.2 | Албырт тұқымдас шабақ (10 граммға дейін) | 1 183 032 | 29 187,2 | |
Барлығы: | 39 362,2 | |||
3. | Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | |||
3.1 | Балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу | дана | 3 | 814,5 |
Барлығы: | 814,5 | |||
Жиынтығы: | 327 850,5 | |||
