"Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы № 109 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 305 қаулысы

      Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы № 109 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9196-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы "17" желтоқсандағы
№ 305 қаулысына
қосымша
  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 05 мамырдағы
№ 109 қаулысына
қосымша

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері

    №

Субсидиялау түрлері

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидия сомасы, мың теңге

1.

Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

1.1

Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары

килограмм

1 065 458,52

287 673,8

Барлығы:



287 673,8

2.

Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (албырт, тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін)

2.1

Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) дана уылдырық

дана

2 035 000

10 175,0

2.2

Албырт тұқымдас шабақ (10 граммға дейін)

1 183 032

29 187,2

Барлығы:



39 362,2

3.

Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

3.1

Балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу

дана

3

814,5

Барлығы:



814,5

Жиынтығы:



327 850,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады