"Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 18 қарашадағы № 25/203-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/213-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 желтоқсанда № 37580 болып тіркелді

      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 18 қарашадағы № 25/203-VIII шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Д. Рыпаков

  Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2025 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 26/213-VIII шешіміне
қосымша
  Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2025 жылғы 18 қарашадағы
№ 25/203-VIII шешіміне
қосымша

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/156-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5262 болып тіркелген).

      2. "Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/156-VI шешіміне толықтыру енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 33/354-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген).

      3. "Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/156-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12/102-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26368 болып тіркелген).

      4. "Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/156-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/25-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8856-16 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады