"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Д. Рыпаков |
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 18 қарашадағы № 25/203-VIII шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 09.12.2025 № 26/213-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. "Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/156-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5262 болып тіркелген).
2. "Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/156-VI шешіміне толықтыру енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 33/354-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген).
3. "Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/156-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12/102-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26368 болып тіркелген).
4. "Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/156-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/25-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8856-16 болып тіркелген).
