Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қаласының келесі ауылдарының және елді мекендерінің шекаралары (шегі) белгіленсін:
1) Кентау қаласы Қарнақ ауылының шекарасының (шегі) жалпы алаңы 35 901 гектар болып белгіленсін;
2) Кентау қаласы Ащысай ауылының шекарасының (шегі) жалпы алаңы 15 082,55 гектар болып белгіленсін;
3) Кентау қаласы Байылдыр ауылының шекарасының (шегі) жалпы алаңы 24 927,25 гектар болып белгіленсін;
4) Байылдыр ауылы Байылдыр елді мекені шекарасының (шегі) жалпы алаңы 241,99 гектар болып белгіленсін;
5) Кентау қаласы Хантағы ауылының шекарасының (шегі) жалпы алаңы 44 694,55 гектар болып белгіленсін;
6) Хантағы ауылы Хантағы елді мекені шекарасының (шегі) жалпы алаңы 763,91 гектар болып белгіленсін;
7) Хантағы ауылы, Шоқтас елді мекені шекарасының (шегі) жалпы алаңы 657,98 гектар болып белгіленсін;
8) Хантағы ауылы, Қотырбұлақ елді мекені шекарасының (шегі) жалпы алаңы 58,88 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласының әкімі | Ж. Тасов |
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы | К. Елеусизов |