Новинский мемлекеттік табиғи қаумал аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 79 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 25 сәуірде № 5273-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68, 69-баптарына сәйкес, жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Новинский мемлекеттік табиғи қаумал аумағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне келесі шектеулер белгіленсін:

      уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, аң аулауға, балықтарды қоспағанда, кез келген тәсiлдермен және құралдармен жануарларды аулауға, жануарлардың бөтен түрлерiн интродукциялауға, ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге, жұмыртқалар жинауға.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады