Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 13 қарашадағы № 23/272 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2025 жылғы 17 қарашада № 37425 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.


      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2025 жылғы 13 қарашадағы
  № 23/272
  шешіміне қосымша

Маңғыстау облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4009 болып тіркелген).

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 "Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/19 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 болып тіркелген).

      3. "Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 "Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 7/80 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4650-12 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады