Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімінің 2-тармағымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сырдария ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 41 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8435-11 болып тіркелген) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Сырдария аудандық мәслихат төрағасы | Е. Әжікенов |
