Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 210 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы М. Тлеумбетов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2025 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 210 шешіміне қосымша

Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6851 болып тіркелген);

      2. "Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 436 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7518 болып тіркелген);

      3. "Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне толықтыру енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 19 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8225 болып тіркелген);

      4. "Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы № 56 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8462-11 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады