Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10/101 "Шет ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 маусымдағы № 24/216 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 маусымда № 36353 болып тіркелді

      Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №10/101 "Шет ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6584-09 болып тіркелген) шешіміне, келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібінде:

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет аудандық мәслихатының төрағасы С. Социал

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады