Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі "Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 22-90 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Көксу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 мамырдағы № 41-176 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 2 маусымда № 317-19 болып тіркелді

      Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі "Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 22-90 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195888 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көксу ауданы мәслихатының төрағасы Ж. Бейсенбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады