"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеті атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Көксу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі №321 "Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №158900 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Көксу ауданының әкімі | Д. Халелов |
| 2025 жылғы 21 ақпандағы № 60 Қаулысына қосымша |
Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Нақты орналасқан жері |
Алып жатқан алаңы, шаршы | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объетілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) | Қызмет саласы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесінің бойы, "Дастан" дүкеніне қарама-қарсы | 120,0 | "Жетісу", "Дастан" дүкендері | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сату | 5 |
2 | Балпық би ауылы, Измайлова көшесінің бойы (оң жағы), "Көксу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы | 180,0 | "Әсем" дүкені | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сату | 5 |
3 |
Балпық би ауылы, Измайлов көшесіндегі | 85,0 | "Әсем" дүкені | Бөлшек сауда (концелярия тауарларын сату) | 5 |
4 | Балпық би ауылы, Амангелді көшесінің бойы, "Нұржан" дүкенінің жаны (оң жағы) | 1190,0 | "Нұржан" дүкені | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сату | 5 |
5 | Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесінің бойы, "Шаған" сауда үйінің жаны (оң жағы) | 18,0 | "Шаған" сауда үйі | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сату | 5 |
