"Кербұлақ ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 13-104 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жетісу облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 31-245 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 желтоқсанда № 37647 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 4-тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Кербұлақ ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 13-104 ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 186-19 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Кербұлақ аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелінсін.

      4. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы К. Бекиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады