"Текелі қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 мамырдағы № 17-86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2025 жылғы 4 маусымдағы № 32-138 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 маусымда № 36277 болып тіркелді

      Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Текелі қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 мамырдағы № 17-86 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 208-19 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Текелі қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының төрағасы Б. Тугулбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады