"Жергілікті маңызы бар "Қордай-Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 154 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 75 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 8 сәуірде № 5270-08 болып тіркелді

      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті маңызы бар "Қордай-Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 154 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4278 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағындағы "369 970,16" деген сандар "369 473,21" деген сандармен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген 1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Жергілікті маңызы бар "Қордай-Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалының аумағы 496,95 гектарға азайтылсын.

      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Карашукеев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 2 сәуірдегі № 75
  қаулысына қосымша
  Жамбыл облысы әкімдігінің
  2019 жылғы 17 шілдедегі
  № 154 қаулысына қосымша

Жергілікті маңызы бар "Қордай-Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалын жерге орналастыру жобасы

     



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады