Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 15/88-VIII "Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 229-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Аталған шешімнің қосымшасында:
7 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"7. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарынан үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын мүгедектігі бар әрбір балаға он айлық есептік көрсеткішке тең".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы | |
Г. Хусайнова |