Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2020 жылғы 26 қарашадағы № 299 "Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 7706 болып тіркелген) қаулысы;
2) 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 210 "Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 299 "Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 8625-04 болып тіркелген) қаулысы.
2. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |
