Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 177 "Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 449 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қыркүйекте № 36925 болып тіркелді

      Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 177 "Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8568-04 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасының атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";

      9 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар аудандық
мәслихатының төрағасы
К. Ермагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады