Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 177 "Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8568-04 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасының атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";
9 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".
2. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы |
К. Ермагамбетов |