"Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 желтоқсанда № 37776 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

      1) иесi бүркемеленген жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс – иесін анықтау мүмкін емес және (немесе) арыз иесінің қойылған қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы жоқ жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс;

      2) жолданымның, хабарламаның, сұрау салудың, пікірдің, ұсыныстың телнұсқасы (бұдан әрі – телнұсқа) – бір тұлғадан (немесе тұлғалар тобынан) бұрын жіберілгеннің көшірмесі болып табылатын сол мәселе бойынша не соған ұқсас, соның ішінде әртүрлі субъектілерге жолданған, өзге редакцияда ресімделген немесе өзге нысанда берілген, бірақ алдыңғы қабылданған шешімді қайта қарау үшін жаңа дәлелдерді, мән-жайларды немесе құқықтық негіздерді қамтымайтын сол мәселе бойынша жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс;

      3) жолданымдарды есепке алу – жолданымдарды қабылдау, тіркеу және қарау жөніндегі мәліметтерді, оның ішінде жеке қабылдауға арыздардың, хабарламалардың, сұрау салулардың, пікірлердің, ұсыныстардың тіркелуі және олардың мемлекеттік құқықтық статистикада көрсетілуі;

      4) субъект – өз құзыреттеріне сәйкес жолданымдарды, хабарламаларды, пікірлерді, ұсыныстарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайтын заңды тұлғалар;

      5) тег – жолданымның, хабарламаның, сұрау салудың, пікірдің, ұсыныстың қысқаша мәнін сипаттайтын және кілт сөздер болып табылатын бір немесе бірнеше сөздер және (немесе) сөз тіркестері;

      6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, оның аумақтық және оған теңестірілген органдары;

      7) ұжымдық жолданым – екі және одан да көп жеке немесе заңды тұлғалардың бір мәселе (талап) бойынша сол бір адамдардың мүдделерін білдіретін жолданымы, хабарламасы, сұрау салуы, пікірі, ұсынысы;

      8) электрондық ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі – есепке алу карточкасы) – мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректері қалыптасатын құқықтық статистикалық ақпарат тасымалдағышы.";

      4-тармақта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТЖ-1 нысанының "Құжат түрі" 8-деректемесін тегті енгізе отырып редакциялау жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс мазмұнына сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі.";

      мынадай редакциядағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке қабылдауға жолданымдарды тіркеу осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Жеке қабылдау" есепке алу карточкасын (бұдан әрі – ЖҚ-1 нысаны) толтыру арқылы "Электрондық жолданымдар" АТЖ-да жүзеге асырылады.";

      6-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "ҰЖ" - ұжымдық жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс;";

      мынадай редакциядағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) "ЖҚ" - жеке қабылдауға арыз.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Егер жолданымда, хабарламада, сұрау салуда, пікірде, ұсыныста бірнеше мәселе (талап) қамтылған жағдайда, олардың арасында қаралуы субъектінің құзыретіне кірмейтін мәселе (талап) болса, онда осы жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс мәселенің (талаптың) осы бөлігінде құзыреті бойынша Кодекстің 65-бабының екінші бөлігіне сәйкес негізгі жолданымның, хабарламаның, сұрау салудың, пікірдің, ұсыныстың реттік нөмірін көрсете отырып, тіркеу нөмірі қиғаш сызық (бөлшек) арқылы беріліп, басқа субъектіге жіберіледі.

      Көрсетілген жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс бойынша талонды оларды мәні бойынша қарау үшін алған субъект береді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жолданымды, хабарламаны, сұрау салуды, пікір, ұсынысты тіркегенге дейін "Электрондық жолданымдар" АТЖ бойынша тексеріс жүзеге асырылады және жолданымның, хабарламаның, сұрау салудың, пікірдің, ұсыныстың телнұсқа болып табылмайтыны анықталады.

      Телнұсқалар осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес тіркелуге жатады және олар бойынша осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес шешімдер қабылданады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мыналар:

      1) бір субъектіден басқа субъектіге келіп түскен қызметтік құжаттар;

      2) жоғары тұрған органның тапсырмалары мен нұсқаулары;

      3) жарнамасы бар ұсыныстар, коммерциялық ұсыныс;

      4) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша жолданымдар;

      5) қарау тәртібі Кодекстің 3-бабының 4-бөлігімен және "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 9-тармағымен реттелетін жолданымдар, хабарламалар, сұрау салулар, пікірлер, ұсыныстар, өтінішхаттар;

      6) өтінішхаттары жоқ шақырулар мен хабарламалар;

      7) материалдық көмек көрсету туралы жолданымдар есепке алуға жатпайды.

      Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ға келіп түскен құжаттар ТЖ-2 нысанын толтыру жолымен басқа ақпараттық жүйелерге көшірілуге жатады.

      Басқа ақпараттық жүйелерге көшіру келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қарау мерзімдері "Электрондық жолданымдар" АТЖ-да тіркелген күннен бастап есептеледі.

      Басқа ақпараттық жүйелерге көшіруді жою шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ны жүргізу мәліметтерді, оның ішінде әкімшілік рәсімдер бойынша әрбір іс-әрекетке және шешімге ТЖ-1, ТЖ-2, ЖҚ-1, АИ-1 нысанының тиісті деректемелерін толтыру арқылы жолданым, жеке қабылдау, хабарлама, пікір, ұсыныс бойынша қабылданған шешімдерді көрсету болып табылады.

      ЖҚ-1 нысаны жеке тұлғаның және заңды тұлға өкілінің әрбір жеке қабылдау туралы жолданымына толтырылады.

      Жеке қабылдау жүргізілмеген жағдайда, жеке қабылдау жүргізбеу себебін көрсете отырып, ЖҚ-1 нысаны толтырылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Есепке алу карточкалары деректемелік құрамына сәйкес толтырылады:

      1)ТЖ-1 нысанында:

      1, 2, 3, 5 деректемелері жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс тіркелгеннен кейін автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде – қолмен) толтырылады;

      9-деректеме 8 – деректемедегі мағынаға байланысты автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде – қолмен) толтырылады;

      10-деректеме шағымды тіркеген субъектінің атауын бере отырып, автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде – қолмен) толтырылады;

      13-деректеме жолданымдарды, хабарламаларды, сұрау салуларды, пікірлерді, ұсыныстарды қарау мерзіміне байланысты автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде – қолмен) толтырылады;

      2) АИ-1 нысанында:

      1, 2 деректемелер ТЖ-1 нысанынан деректерді жүктеу арқылы автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде – қолмен) толтырылады;

      3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 деректемелер 4-деректемені толтырған және жеке және заңды тұлғалардың деректерін мемлекеттік деректер базасынан алған кезде автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған жағдайда – қолмен) толтырылады;

      12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 деректемелер тексерілуге және жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныста көрсетілген пошта адресінде айырмашылықтар болған жағдайда сәйкес келтірілуге тиіс;

      3)ТЖ-2 нысанында:

      1, 2, 3-деректемелер ТЖ-1 нысанынан деректерді жүктеу арқылы автоматты түрде толтырылады;

      4-деректемеде әрбір қабылданған шешімге жеке ТЖ-2 нысаны толтырылады;

      4)ЖҚ-1 нысанында:

      деректемелерді жеке қабылдауды ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлға толтырады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ға кіруді субъектінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық өтінімді жіберу арқылы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. "Электрондық жолданымдар" АТЖ-дан берілген ТЖ-1, АИ-1, ТЖ-2, ЖҚ-1 нысандарының мәліметтері негізінде уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Жолданымдарды, хабарламаларды, сұрау салуларды, пікірлерді, ұсыныстарды қарау туралы" ТӨ-№1 нысанының есебі (бұдан әрі – ТӨ-№ 1 есебі) қалыптастырылады.

      ТӨ-№1 есебі электрондық нысанда уәкілетті органның орталық аппаратының автоматтандырылған режимінде қалыптастырылады.

      ТӨ-№1 жиынтық есебі ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінде өсу нәтижесімен қалыптастырылады.

      Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс істемейтін күнге түссе (демалыс, мереке), онда мерзімнің соңғы күні деп одан кейінгі келесі бірінші жұмыс күні есептеледі.";

      34-тармақ алып тасталсын;

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

      Қағидаларға 5-қосымшаға:

      "Жолданымдарды, хабарламаларды, сұрау салуларды, пікірлерді, ұсыныстарды қарау туралы" 1-ТӨ есеп осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жеке қабылдау" 5-бөлімімен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2025 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 170 Бұйрыққа 1-қосымша
Мемлекеттік органдарға,
жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына, мемлекет жүз
пайыз қатысатын заңды
тұлғаларға келіп түсетін
жолданымдарды тіркеу, есепке
алу, сондай-ақ "Электрондық
жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу
қағидаларына 2-1-қосымша

      нысан

Жеке қабылдау

      1. Субъектінің атауы (анықтамалық бойынша)

      2. Қабылдау карточкасының тіркеу нөмірі ____________________________

      3. Кезек нөмірі ___________________________________________________

      4. Кезекке қою күні 20__ жыл "__" _________________________________

      5. Кестеден тыс 1) иә; 2) жоқ

      6. Қабылдау түрі 1) онлайн; 2) офлайн

      7. Азаматтардың санаты 1) жеке; 2) заңды

      8. Мәртебесі 1) резидент; 2) резидент емес

      9. Жынысы 1) еркек; 2) әйел

      10. Жеке сәйкестендіру нөмірі*_____________________________________

      11. Тегі*_________________________________________________________

      12. Аты*_________________________________________________________

      13. Кәсіп түрі (жұмыс орны) ________________________________________

      14. Ұлты (анықтамалық бойынша)

      15. Азаматтық (анықтамалық бойынша)

      16. Туған күні 20__ жыл "__" _______________________________________

      17. Жасы (анықтамалық бойынша)

      18. Әлеуметтік мәртебе* (анықтамалық бойынша)

      19. Тіркеу мекенжайы ______________________________________________

      20. Нақты тұрғылықты мекенжайы ___________________________________

      21. Үй / жұмыс телефоны ___________________________________________

      22. Ұялы телефон __________________________________________________

      23. Сұрақтың сипаты (анықтамалық бойынша)

      24. Азаматтарды қабылдауда төрағалық ететін лауазымды тұлға ("басшы" рөлімен

      пайдаланушылардың анықтамалық бойынша)

      25. Жеке қабылдау бойынша шешім (анықтамалық бойынша)

      26. Қабылдау күні* 20__ жыл "__" __________________________________

      27. Қабылдау уақыты*

      28. Қабылдау орны / қала * ӘШНЖ

      29. Қабылдау орны / адресат* ______________________________________

      30. Жолданым берушіге түсініктеме ________________________________

      31. Азаматтарды қабылдауды жүргізген лауазымды тұлға (қабылдауды нақты

      жүргізген лауазымды адам таңдалады)* (анықтамалық бойынша)

      32. Отырыс хатшысы (хатшының ТАӘ (болған жағдайда))* ______________

      33. Қабылдауға қатысты* ТАӘ (болған жағдайда) ______________________

      34. Хаттаманы қалыптастыру тілі (анықтамалық бойынша)

      35. Пікір __________________________________________________________

      36. Қабылдау өткізілмеді (түсініктеме қабылдауды өткізбеу себебі) ________

      Ескерту: * міндетті деректеме

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2025 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 170 Бұйрыққа 2-қосымша
  Мемлекеттік органдарға,
жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына, мемлекет жүз
пайыз қатысатын заңды
тұлғаларға келіп түсетін
жолданымдарды тіркеу, есепке
алу, сондай-ақ "Электрондық
жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу
қағидаларына 5-қосымша

      нысан

"Жолданымды, хабарламаны, сұрау салуды, пікірді, ұсынысты қарау" 1-ТӨ нысаны

5-бөлім. Жеке қабылдау

Көрсеткіштердің атауы

Баған кодтары

Жыл басындағы жеке қабылдауға қаралмаған жолданымдардың қалдығы

Жеке қабылдауға барлығы өтініш келіп түсті

оның ішінде:

Есепті кезеңнің соңындағы қалдық

Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органның басшысымен қабылдады

Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органның басшысының орынбасарымен қабылдады

Шешім

Жеке қабылдауға жазылды

Жеке қабылдауға жазудан бас тартылды

Қанағат тандырылды

Бас тартылды

Түсініктеме берілді

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Барлығы












Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 20-бабы 2-бөлігінде көзделген мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың тізбесі













Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады