"Бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 54 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 5 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 816 және Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 136 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 желтоқсанда № 37765 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 54 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 5 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26590 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) елеулі бұзушылық – Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзу, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін елеулі бұзушылықтарға әкеп соқтырады;

      5) елеусіз бұзушылық – Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзу;

      6) өрескел бұзушылық – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзу, сондай-ақ міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымды құру шарттарын бұзу;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Заңды, Заңды іске асыру мақсатында қабылданған бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.

      Алынған деректердің дұрыстығын тексеру үшін ақпаратты жинау және өңдеу процестері толық автоматтандырылады.";

      8-тармақтың екінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бақылау субъектілері қызметінің тәуекел дәрежесін бағалауға қойылатын талаптарды бұзушылық дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі, елеусіз бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

      Талдау және бағалау кезінде:

      бұрын есепке алынған және нақты бақылау субъектісіне қатысты пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.";

      көрсетілген Өлшемшарттарға 1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Ұлттық экономика министрі
__________С. Жумангарин
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________М. Такиев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 136 мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 816 Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
  Бағалаушылар
палаталарына қатысты
бағалау қызметі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Бақылау субъектілері қызметінің тәуекел дәрежесін бағалауға қойылатын талаптарды бұзу дәрежесі

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген нысан бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін бағалаушылар палатасының қызметі және өз мүшелерінің қызметі туралы дәйекті ақпаратты ұсыну

Өрескел

2.

Біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттарды қабылдау және біліктілік емтиханының нәтижелеріне өтініштерді қарау тәртібін сақтау

Елеусіз

3.

Біліктілік емтиханын өткізу тәртібі мен шарттарын сақтау

Елеусіз

4.

"Бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктерді алу тәртібін сақтау

Елеулі

5.

Біліктілік комиссиясының мүшелерін сайлау мерзімдерін және қалыптастыру талаптарын сақтау

Елеусіз

6.

Бағалау туралы есепке сараптама жүргізу тәртібін сақтау

Елеусіз

7.

Сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптарды сақтау (оның қамтылуы мен бекітілу бөлігінде)

Елеусіз

8.

Сарапшылық кеңесінің мүшелерін сайлау мерзімдерін және қалыптастыру талаптарын сақтау

Елеусіз

9.

Сарапшылық кеңесі мүшелерінің тізіліміне "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы күні мен уақыты көрсетілген ақпаратты уақтылы енгізу және сарапшылық кеңесі туралы ақпаратты палатаның интернет-ресурсында орналастыру

Елеулі

10.

Бағалаушылар палатасына кіру үшін жеке тұлға беретін құжаттардың мынадай тізімге сәйкестігі:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлік;
4) экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ қасақана жасалған ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығының болмауы туралы анықтама;
5) бағалаушылар палатасы белгілеген өзге де құжаттар

 
Елеулі

11.

Бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға туралы ақпараттың, сондай-ақ еңбек шартын жасасқан және (немесе) өзгерістің туындауы күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде бағалаушы ұсынатын осы ақпараттың кез келген өзгерісі туралы мәліметтердің болуы

Елеусіз

12.

Бағалаушы тоқсан сайын ұсынатын есеп жасалған күнді және оның реттік нөмірін, бағалау объектісін, айқындалған құнның түрін көрсете отырып, көрсетілген кезеңде қол қойылған бағалау туралы есептер жөніндегі ақпараттардың болуы

Елеусіз

13.

Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағалаушылар палатасы әзірлеген бағалаушыларға, сарапшыларға біліктілік емтихандарын өткізуге арналған тест тапсырмаларының болуы

Елеулі

14.

Өтініштерді қарау рәсімін сақтау (өтініштерді қабылдау, мерзімін сақтау, тыңдау жүргізу, тексеру актісін жасау және шешімге шағымдану бөлігінде)

Елеусіз

15.

Бағалаушыларға кандидаттарды оқыту, кәсіптік қайта даярлау бағдарламасының болуы және сақталуы және үлгілік бағдарламаға сәйкестігі

Елеулі

16.

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру мерзімдерін сақтау

Елеусіз

17.

Бағалау туралы есептi ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтау

Елеусіз

18.

Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімі, тоқсандық және жылдық есептер туралы ақпаратты, "бағалаушы" және "сарапшы" біліктілігін беру туралы шешімдерді, сондай-ақ алқалы басқару органының "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату және "сарапшы" біліктілік куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы шешімдерін орналастыра отырып, бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында жариялау

Елеулі

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары –
  Ұлттық экономика министрі
  2025 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 136 мен
  Қазақстан Реcпубликасының
  Қаржы министрі
  2025 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 816
  Бірлескен бұйрыққа
  2-қосымша
  Бағалаушылар
  палаталарына қатысты
  бағалау қызметі саласындағы
  тәуекел дәрежесін бағалау
  өлшемшарттарына
  2-қосымша

Бағалау қызметі саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

      _________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
_________________________________________________________________
138-бабына сәйкес
_____________________________________бағалаушылар палатасына қатысты

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 балдан аспайды), wi

Шарттар/
мәндер, xi

1-шарт /мәні

1

2

3

4

Қазақстан Республикасы
бағалау қызметі саласындағы заңнамасында белгіленген нысан бойынша, бір тоқсанда ақпаратты уақтылы бермеу немесе бермеу, сол сияқты анық емес ақпарат беру

Бақылау субъектілері ұсынған есептілік пен мәліметтерге мемлекеттік орган жүргізетін мониторинг нәтижелері

100

1 факт

100%
(пайыз)

      мұнда:

      xi – есепке алу шарты және субъективті өлшемшарт көрсеткішінің сандық мәні,

      wi– xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы.

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары –
  Ұлттық экономика министрі
  2025 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 136 мен
  Қазақстан Реcпубликасының
  Қаржы министрі
  2025 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 816
  Бірлескен бұйрыққа
  3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2022 жылғы 19 қаңтардағы № 54 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2022 жылғы 19 қаңтардағы
  № 5 бірлескен
  бұйрығына 2-қосымша

Бағалаушылар палатасына қатысты бағалау қызметі саласындағы тексеру парағы

      ____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
____________________________________________________________________
бағалаушылар
палатасына ___________________________________________________ қатысты
бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы
____________________________________________________________________
бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру
тағайындаған мемлекеттік орган
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру
тағайындау туралы акт
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
күні мен №
Бақылау субъектісінің атауы____________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________
_____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1.

Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген нысан бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін бағалаушылар палатасының қызметі және өз мүшелерінің қызметі туралы дәйекті ақпаратты ұсыну



2.

Біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттарды қабылдау тәртібін сақтау және біліктілік емтиханының нәтижелеріне өтініштерді қарау тәртібін сақтау



3.

Біліктілік емтиханын өткізу тәртібі мен шарттарын сақтау



4.

"Бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы куәліктерді алу тәртібін сақтау



5.

Біліктілік комиссиясының мүшелерін сайлау мерзімдерін және қалыптастыру талаптарын сақтау



6.

Бағалау туралы есепке сараптама жүргізу тәртібін сақтау



7.

Сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптарды сақтау (оның қамтылуы мен бекітілу бөлігінде)



8.

Сарапшылық кеңесінің мүшелерін сайлау және мерзімдерін қалыптастыру талаптарын сақтау



9.

Сарапшылық кеңесі мүшелерінің тізіліміне "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы күні мен уақыты көрсетілген ақпаратты уақтылы енгізу және палатаның интернет-ресурсында сарапшылық кеңесі туралы ақпаратты жариялау



10.

Бағалаушылар палатасына кіру үшін жеке тұлға беретін құжаттардың мынадай тізімге сәйкестігі:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлік;
4) экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ қасақана жасалған ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығының болмауы туралы анықтама;
5) бағалаушылар палатасы белгілеген өзге де құжаттар



11.

Бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға туралы ақпараттың, сондай-ақ еңбек шартын жасасқан және (немесе) өзгерістің туындауы күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде бағалаушы ұсынатын осы ақпараттың кез-келген өзгерісі туралы мәліметтердің болуы



12.

Бағалаушы тоқсан сайын ұсынатын есеп жасалған күнді және оның реттік нөмірін, бағалау объектісін, айқындалған құнның түрін көрсете отырып, көрсетілген кезеңде қол қойылған бағалау туралы есептер жөніндегі ақпараттардың болуы



13.

Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағалаушылар палатасы әзірлеген бағалаушыларға, сарапшыларға біліктілік емтихандарын өткізуге арналған тест тапсырмаларының болуы



14.

Өтініштерді қарау рәсімін сақтау (өтініштерді қабылдау, мерзімін сақтау, тыңдау жүргізу, тексеру актісін жасау және шешімге шағымдану бөлігінде)



15.

Бағалаушыларға кандидаттарды оқыту, кәсіптік қайта даярлау бағдарламасының болуы мен сақталуы және үлгілік бағдарламаға сәйкестігі



16.

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру мерзімдерін сақтау



17.

Бағалау туралы есепті ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтау



18.

Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімі, тоқсандық және жылдық есептер туралы ақпаратты, "бағалаушы" және "сарапшы" біліктілігін беру туралы шешімдерді, сондай-ақ алқалы басқару органының "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату және "сарапшы" біліктілік куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы шешімдерін орналастыра отырып, бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында жариялау



      Лауазымды тұлға (лар)
__________________________________________________________________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы
_____________________________________________________________
лауазымы қолы
_____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады