"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 608 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2023 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі | __________А. Куантыров |
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | __________Е. Жамаубаев |
|
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 5 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 54 бірлескен бұйрығына 1-қосымша |
Бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 608 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2023 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттар (бұдан әрі – Өлшемшарттар) бағалау қызметін жүзеге асыратын бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабына және 143-бабына, "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) бақылау субъектісі – мүшелерінің бағалау қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асыру, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылған кәсіби қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым;
3) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
4) елеулі бұзушылық – Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзу, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін елеулі бұзушылықтарға әкеп соқтырады;
5) елеусіз бұзушылық – Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзу;
6) өрескел бұзушылық – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзу, сондай-ақ міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымды құру шарттарын бұзу;
7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – бағалау саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
11) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2025 № 816 және Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 29.12.2025 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2-тарау. Объективті өлшемшарттар
3. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіндегі бақылау субъектілеріне бағалау қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар жатады.
4. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің қызмет салалары үшін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
5. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады..
6. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Заңды, Заңды іске асыру мақсатында қабылданған бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.
Алынған деректердің дұрыстығын тексеру үшін ақпаратты жинау және өңдеу процестері толық автоматтандырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2025 № 816 және Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 29.12.2025 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.7. Қолда бар ақпарат көздері негізінде реттеуші мемлекеттік орган бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды қалыптастырады.
8. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және елеусіз дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.
Бақылау субъектілері қызметінің тәуекел дәрежесін бағалауға қойылатын талаптарды бұзушылық дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі, елеусіз бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.
Талдау және бағалау кезінде:
бұрын есепке алынған және нақты бақылау субъектісіне қатысты пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Жүргізілген алдыңғы бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты кезекті мемлекеттік бақылау кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды енгізуге жол берілмейді.
Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерін мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері 71-ден 100-ге дейін қоса болса, бақылау субъектісі (объектісі) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2025 № 816 және Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 29.12.2025 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.9. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес Өлшемшарттардың 5-тарауына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдылығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес бағалау қызметі саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесі бойынша белгіленеді.
4-тарау. Тәуекелдерді басқару
10. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.
11. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату, егер мұндай негіздер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделсе, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттарына сәйкес қолданылатын тәуекелдерді бағалау мен талдаудың, аудиттің, сараптамалардың баламалы (тәуелсіз) жүйелері негізінде мүмкін болады.
5-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі
12. Мемлекеттік орган Өлшемшарттардың 6-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SP) және 9-тармаққа сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қосу жолымен, кейіннен деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC , мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – 9-тармаққа сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын бақылау субъектілерінің тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
13. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Өлшемшарттардың 6-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда
SРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеусіз бұзушылықтардың саны.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн, мұнда
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
| Бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша |
Бақылау субъектілері қызметінің тәуекел дәрежесін бағалауға қойылатын талаптарды бұзу дәрежесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2025 № 816 және Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 29.12.2025 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
№ | Талаптар | Бұзушылық дәрежесі |
1. | Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген нысан бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін бағалаушылар палатасының қызметі және өз мүшелерінің қызметі туралы дәйекті ақпаратты ұсыну | Өрескел |
2. | Біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттарды қабылдау және біліктілік емтиханының нәтижелеріне өтініштерді қарау тәртібін сақтау | Елеусіз |
3. | Біліктілік емтиханын өткізу тәртібі мен шарттарын сақтау | Елеусіз |
4. | "Бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктерді алу тәртібін сақтау | Елеулі |
5. | Біліктілік комиссиясының мүшелерін сайлау мерзімдерін және қалыптастыру талаптарын сақтау | Елеусіз |
6. | Бағалау туралы есепке сараптама жүргізу тәртібін сақтау | Елеусіз |
7. | Сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптарды сақтау (оның қамтылуы мен бекітілу бөлігінде) | Елеусіз |
8. | Сарапшылық кеңесінің мүшелерін сайлау мерзімдерін және қалыптастыру талаптарын сақтау | Елеусіз |
9. | Сарапшылық кеңесі мүшелерінің тізіліміне "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы күні мен уақыты көрсетілген ақпаратты уақтылы енгізу және сарапшылық кеңесі туралы ақпаратты палатаның интернет-ресурсында орналастыру | Елеулі |
10. |
Бағалаушылар палатасына кіру үшін жеке тұлға беретін құжаттардың мынадай тізімге сәйкестігі: |
|
11. | Бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға туралы ақпараттың, сондай-ақ еңбек шартын жасасқан және (немесе) өзгерістің туындауы күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде бағалаушы ұсынатын осы ақпараттың кез келген өзгерісі туралы мәліметтердің болуы | Елеусіз |
12. | Бағалаушы тоқсан сайын ұсынатын есеп жасалған күнді және оның реттік нөмірін, бағалау объектісін, айқындалған құнның түрін көрсете отырып, көрсетілген кезеңде қол қойылған бағалау туралы есептер жөніндегі ақпараттардың болуы | Елеусіз |
13. | Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағалаушылар палатасы әзірлеген бағалаушыларға, сарапшыларға біліктілік емтихандарын өткізуге арналған тест тапсырмаларының болуы | Елеулі |
14. | Өтініштерді қарау рәсімін сақтау (өтініштерді қабылдау, мерзімін сақтау, тыңдау жүргізу, тексеру актісін жасау және шешімге шағымдану бөлігінде) | Елеусіз |
15. | Бағалаушыларға кандидаттарды оқыту, кәсіптік қайта даярлау бағдарламасының болуы және сақталуы және үлгілік бағдарламаға сәйкестігі | Елеулі |
16. | "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру мерзімдерін сақтау | Елеусіз |
17. | Бағалау туралы есептi ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтау | Елеусіз |
18. | Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімі, тоқсандық және жылдық есептер туралы ақпаратты, "бағалаушы" және "сарапшы" біліктілігін беру туралы шешімдерді, сондай-ақ алқалы басқару органының "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату және "сарапшы" біліктілік куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы шешімдерін орналастыра отырып, бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында жариялау | Елеулі |
| Бағалаушылар | |
| палаталарына қатысты | |
| бағалау қызметі саласындағы | |
| тәуекел дәрежесін бағалау | |
| өлшемшарттарына | |
| 2-қосымша |
Бағалау қызметі саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2025 № 816 және Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 29.12.2025 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
_________________________________________________________________Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
_________________________________________________________________
138-бабына сәйкес
_____________________________________бағалаушылар палатасына қатысты
Субъективті өлшемшарт көрсеткіші | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі | Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 балдан аспайды), wi |
Шарттар/ |
1-шарт /мәні | |||
1 | 2 | 3 | 4 |
Қазақстан Республикасы | Бақылау субъектілері ұсынған есептілік пен мәліметтерге мемлекеттік орган жүргізетін мониторинг нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% |
мұнда:
xi – есепке алу шарты және субъективті өлшемшарт көрсеткішінің сандық мәні,
wi– xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы.
| Қазақстан Республикасы | |
| Қаржы министрінің | |
| 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 54 және | |
| Қазақстан Республикасы | |
| Ұлттық экономика министрінің | |
| 2022 жылғы 19 қаңтардағы | |
| № 5 бірлескен | |
| бұйрығына 2-қосымша |
Бағалаушылар палатасына қатысты бағалау қызметі саласындағы тексеру парағы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2025 № 816 және Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 29.12.2025 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
____________________________________________________________________Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
____________________________________________________________________
бағалаушылар
палатасына ___________________________________________________ қатысты
бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы
____________________________________________________________________
бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру
тағайындаған мемлекеттік орган
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру
тағайындау туралы акт
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
күні мен №
Бақылау субъектісінің атауы____________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1. | Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген нысан бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін бағалаушылар палатасының қызметі және өз мүшелерінің қызметі туралы дәйекті ақпаратты ұсыну | ||
2. | Біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттарды қабылдау тәртібін сақтау және біліктілік емтиханының нәтижелеріне өтініштерді қарау тәртібін сақтау | ||
3. | Біліктілік емтиханын өткізу тәртібі мен шарттарын сақтау | ||
4. | "Бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы куәліктерді алу тәртібін сақтау | ||
5. | Біліктілік комиссиясының мүшелерін сайлау мерзімдерін және қалыптастыру талаптарын сақтау | ||
6. | Бағалау туралы есепке сараптама жүргізу тәртібін сақтау | ||
7. | Сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптарды сақтау (оның қамтылуы мен бекітілу бөлігінде) | ||
8. | Сарапшылық кеңесінің мүшелерін сайлау және мерзімдерін қалыптастыру талаптарын сақтау | ||
9. | Сарапшылық кеңесі мүшелерінің тізіліміне "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы күні мен уақыты көрсетілген ақпаратты уақтылы енгізу және палатаның интернет-ресурсында сарапшылық кеңесі туралы ақпаратты жариялау | ||
10. |
Бағалаушылар палатасына кіру үшін жеке тұлға беретін құжаттардың мынадай тізімге сәйкестігі: | ||
11. | Бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға туралы ақпараттың, сондай-ақ еңбек шартын жасасқан және (немесе) өзгерістің туындауы күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде бағалаушы ұсынатын осы ақпараттың кез-келген өзгерісі туралы мәліметтердің болуы | ||
12. | Бағалаушы тоқсан сайын ұсынатын есеп жасалған күнді және оның реттік нөмірін, бағалау объектісін, айқындалған құнның түрін көрсете отырып, көрсетілген кезеңде қол қойылған бағалау туралы есептер жөніндегі ақпараттардың болуы | ||
13. | Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағалаушылар палатасы әзірлеген бағалаушыларға, сарапшыларға біліктілік емтихандарын өткізуге арналған тест тапсырмаларының болуы | ||
14. | Өтініштерді қарау рәсімін сақтау (өтініштерді қабылдау, мерзімін сақтау, тыңдау жүргізу, тексеру актісін жасау және шешімге шағымдану бөлігінде) | ||
15. | Бағалаушыларға кандидаттарды оқыту, кәсіптік қайта даярлау бағдарламасының болуы мен сақталуы және үлгілік бағдарламаға сәйкестігі | ||
16. | "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру мерзімдерін сақтау | ||
17. | Бағалау туралы есепті ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтау | ||
18. | Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімі, тоқсандық және жылдық есептер туралы ақпаратты, "бағалаушы" және "сарапшы" біліктілігін беру туралы шешімдерді, сондай-ақ алқалы басқару органының "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату және "сарапшы" біліктілік куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы шешімдерін орналастыра отырып, бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында жариялау |
Лауазымды тұлға (лар)
__________________________________________________________________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы
_____________________________________________________________
лауазымы қолы
_____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)