БҰЙЫРАМЫН:
"Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларында:
кіріспе мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН";
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасында берілген жүргізушінің қолданыстағы карточкасы бар жартылай (тіркемелерді) қоспағанда, шетелдік азаматтарды қоса алғанда, жұмысқа орналастырылған жүргізушілердің саны автокөлік құралының санынан кем емес (қайталанбайтын). Бұл ретте, жеке кәсіпкерлер жүргізуші ретінде ескерілетін болады.";
3-тармақ 3), 4) және 5) жаңа тармақшалармен толықтырылсын:
3) көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлғалардың филиалдарын, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шетелдік мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары;
5) "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Рұқсатты және (немесе) рұқсаттама карточкасын ресімдеуді және беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.";
7-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушылар шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат алу үшін және шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат карточкасын көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жібереді:".
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат карточкасын алған автокөлік құралдарының қатысуымен тасымалдауды жүзеге асырғанын растайтын, алдыңғы алты айдың әрбір 3 айы үшін тауар-көлік жүкқұжаттарымен (ТКЖ), халықаралық тауар-көлік жүкқұжаттарымен (CMR), кемінде 1 ТКЖ және/немесе CMR);";
8-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасында берілген жүргізушінің қолданыстағы карточкаларымен.".
8-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушылар шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат алу үшін және шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат карточкасын портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді:";
9-тармақтың 3-абзацы алып тасталсын;
9-тармақтың 4-абзацының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шетелдік тұлғаға тиесілі жалға алынған автокөлік құралдарына;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштегі және ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексереді.";
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты және (немесе) рұқсаттама карточкасын беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:";
16-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса.";
19-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жаңа рұқсатты және (немесе) рұқсат карточкасын алған кезде КДАТЖ жүйесінде шетелдік рұқсаттарды алу және қайтару бойынша тасымалдаушының тарихы сақталады.";
20-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) көрсетілетін қызметті берушілерге осы Қағидалардың 2 және 8-тармақтарына сәйкессіздіктер анықталса;";
20-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында көзделген жағдайлар анықталған кезде рұқсатты және (немесе) рұқсат карточкасын алған дара кәсіпкерді және (немесе) заңды тұлғаны рұқсаттың және (немесе) рұқсат карточкасының қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсаттама карточкасының қолданылуын тоқтату көрсетілетін қызметті берушілерге өтінімдерді электрондық беру жүйесінде олардың күшін жою жолымен жүзеге асырылады.";
21-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Рұқсат карточкасы 5 (бес) жылға беріледі. Жалға алынған автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасының қолданылу мерзімі жалдау шартының мерзімін негізге ала отырып, бірақ ол берілген сәттен бастап 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімде айқындалады.";
25-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі