ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
9) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МҚҚК ААЖ) – картографиялық және атрибутивтік кеңістіктік-үйлестірілген деректерді (геокеңістіктік деректерді) жинауды, сақтауды, өңдеуді, қол жеткізуді, көрсетуді және таратуды қамтамасыз ететін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мамандандырылған ақпараттық жүйесі;";
4-тармақтың 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1) объектінің бірегей нөмірі (бұдан әрі – ОБН) – объектіні мониторингілеу мақсатында құрылыс жобаларын әзірлеуге, реконструкциялауға (қайта жоспарлауға және қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алудан бастап пайдалануға қабылдауға дейін құрылыс объектісі туралы ақпаратты (мәліметтерді) жинау үшін МҚҚК ААЖ-да қалыптастырылатын он сегіз таңбалы сәйкестендіру нөмірі;"
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Кезекші топографиялық жоспардың ақпараты және (немесе) мәліметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11111 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларына сәйкес МҚҚК ААЖ-ға енгізіледі және жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде ұсынылады, не интернет-портал арқылы кезекші топографиялық жоспарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. 1-мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші "электрондық үкімет" веб-порталы, МҚҚК ААЖ (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 1-топтама)/СЖТ және техникалық шарттарды (бұдан әрі – 2-топтама)/тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 3-топтама) ұсыну/ берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасын түзету (мазмұнын өзгертпестен) (бұдан әрі – 4-топтама) туралы өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды.
4-қосымшаның 8-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, 1-мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшада жазылған.";
37, 38, 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"37. МҚҚК ААЖ өтінішті ол келіп түскен күні автоматты түрде тіркейді.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда 1-мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
38. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың елді мекеннің бекітілген бас жоспарына және елді мекеннің егжей- тегжейлі жоспарлау жобасына немесе дамыту және салу схемасына сәйкестігін қарайды.
39. Жоспарланған құрылыс елді мекеннің бекітілген бас жоспарына және елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе дамыту және салу схемасына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге сауалнама парағын және сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды алу үшін ахуалдық схеманы жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай құжаттарды қатар дайындайды:
1-топтама бойынша – егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан немесе елді мекенді дамыту және құрылысын салу схемасынан алынған үзінді көшірмесін, тік жоспарлау белгілерін, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын;
3-топтама бойынша – тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімін.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай мерзімде жібереді:
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер үшін 10 (он) жұмыс күні;
сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден:
1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған;
2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда бас тартуға жол беріледі.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге қызметтерді ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуатының тапшылығы, желілердің немесе өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені есептеулермен қоса береді.";
мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
"40-1. "Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығымен бекітілген Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14483 болып тіркелген) 46-тармағына сәйкес, 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асыру шеңберінде қалыптасатын өтініштер, өтініштер бойынша шешімдер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаның 9-тармағында көзделген негіздер бойынша 1-ші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.
Өтініш беруші 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес";
мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:
"46-1. Жергілікті атқарушы орган елді мекендердің ортақ пайдаланылатын аумақтарын абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды реконструкциялау кезінде осындай жұмыстарды жүргізу туралы шешімдерді МҚҚК ААЖ арқылы тіркеуді жүзеге асырады.
1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жергілікті атқарушы орган МҚҚК ААЖ-да қалыптасатын, елді мекендердің жалпы пайдаланылатын аумақтарын абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы шешімнің тіркеу нөмірін көрсетеді.";
49, 50, 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"49. 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші портал, МҚҚК ААЖ арқылы көрсетілетін қызметті берушіге эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жазылған.
50. Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал немесе МҚҚА ААЖ арқылы берген кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
51. МҚҚК ААЖ өтінішті ол келіп түскен күні автоматты түрде тіркейді.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда 2-мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.";
54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаның 9-тармағында көзделген негіздер бойынша 2-ші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.
Өтініш беруші 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес.
55. Эскиз (эскиздік жоба) келісілгеннен кейін МҚҚК ААЖ-да есепке алынады.";
мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:
"55-1. "Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығымен бекітілген Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14483 болып тіркелген) 46-тармағына сәйкес, 2-көрсетілетін қызметті жүзеге асыру шеңберінде қалыптасатын өтініштер, өтініштер бойынша шешімдер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары барлық сатыларда және олардың барлық түрлері мемлекеттік есептеу жүйесінде топографиялық түсірілім негізінде (қолданылу мерзімі 1 (бір) жылдан аспайды) – Фундаменталды астрономиялық-геодезиялық желі тармақтарымен және Жоғары дәлдіктегі геодезиялық желі тармақтарымен бекітілген 2023 жылғы Қазақстандық жер координаттық есептеу негізінде (Qazaqstan Terrestrial Reference Frame 2023, QazTRF-23) және Қазақстандық биіктіктік есептеу негізінде (Qazaqstan Vertical Reference Frame, QazVRF) орындалады.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. ЖТҚ үшін бөлінген алаңдар елді мекеннің бекітілген бас жоспарына және елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе дамыту және құрылысын салу схемасына сәйкес орналастырылады.";
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"78. Бекітілген жобаға сәйкес кіреберіс есігі мен терезе блоктары (толтыру) орнатылған, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, қабырғалары мен төбелері сыланған және тегістелген (ішкі қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру жұмыстарынсыз), еден жабынын салу бойынша төсем салынған (таза едендер салусыз), электр кабельдері мен сымдарын өткізу көзделген, пәтер ішіндегі бөлу автоматтары орнатылған (тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптарсыз, газды немесе электрлі ас үй плиталарсыз), аспаптарды орнату орындарына дейін жапқыш арматурасы мен тығындары бар су өткізу және кәріз құбырлары жүргізілген (санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар орнатусыз), сондай-ақ тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) орнатылған, жылыту аспаптары мен терезелік жақтау тақтайлары орнатылған, егер шартта осы көзделмесе, атап көрсетілгеннен асатын көлемдердегі жұмыстар орындалған, сондай-ақ объекті инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылып салынған, объектінің құрылысына бөлінген аумақты аббатандыру және көгаландыру бойынша жұмыстар орындалған объектілердің (кешендердің) жай-күйі салынған объектілердің (кешендердің) толық әзірлігін білдіреді.
Ішкі әрлеу (қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталған, таза едендер салынған, санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, газды немесе электрлі ас үй плиталары, тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке), пәтерішілік есік блоктары орнатылып және объекті инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылып салынған, объектінің құрылысына бөлінген аумақты аббатандыру және көгаландыру бойынша жұмыстар орындалған объектілердің жай-күйі мемлекеттiк инвестициялардың қатысуымен салынған тұрғын үй объектілерінің толық әзірлігін білдіреді.";
79-1, 80, 81 және 81-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"79-1. Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгенге дейін инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін МҚҚК ААЖ тіркеу үшін "Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 172/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9603 болып тіркелген) Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларына сәйкес жолдайды.
Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ЖАО "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және МҚҚК ААЖ арқылы пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрына пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін әрі қарай енгізуді осы Қағидалардың 81-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
80. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінде есепке алынған және МҚҚК ААЖ-да ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен енгізілген объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.
81. Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі Заңның 75-1-бабымен регламенттеледі.
Бұл ретте, меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлерге қатысты:
1) Мемлекеттік корпорация өтініш берушіден осы Қағидалардың 79-1-тармағына сәйкес МҚҚК ААЖ-да тіркелген меншiк иесiнің объектіні пайдалануға дербес қабылдауының бекітілген актісін алған кезден бастап бір күн ішінде инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін қоса бере отырып, оларды объект орналасқан жердегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті ЖАО құрылымдық бөлімшесіне жолдайды;
2) тиісті ЖАО сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бір жұмыс күн ішінде меншiк иесiнің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және МҚҚК ААЖ-да пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.
Бұзушылықтар анықталған кезде Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды;
3) бұзушылықтар болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.
81-1. ОБН-ді беру 1-мемлекеттік қызметті көрсету, 2-мемлекеттік қызметті көрсету, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау кезеңінде МҚҚК ААЖ арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.";
1, 4, 6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Нысан
____________________________
____________________________
____________________________
Жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар алу туралы өтініш
Өтініш берушінің аты:_______________________________ ___________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: _________________________________________________________
Телефоны:___________________________________________________________
Тапсырыс беруші: ____________________________________________________
Жобаланатын объектінің атауы: ________________________________________
____________________________________________________________________
Жобаланатын объектінің мекенжайы: ___________________________________
____________________________________________________________________
Сізден 1-топтама. Жаңа құрылысқа бастапқы материалдар (СЖТ, тік жоспарлау белгілерін, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан немесе елді мекенді дамыту және құрылысын салу схемасынан алынған үзінді көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды (бұдан әрі –ТШ), сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын);
2-топтама. СЖТ және ТШ;
3-топтама. Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар (тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) беруіңізді сұраймын.
Жер учаскелері туралы мәліметтер:
Кадастрлық нөмірі: _______________________
Қаулының тіркеу нөмірі: __________________
Құрылыс объектісі туралы мәліметтер:
ОБН: ___________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Күні: 20__ жылғы "_____" ________
Қолы________
| Бұйрыққа 2-қосымша Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 4-қосымша |
"Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2. | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе МҚҚК ААЖ арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін: техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобалар бойынша - 15 (он бес) жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі - 1-топтама) алу бойынша: СЖТ, тік жоспарлау белгілерін, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан немесе елді мекенді дамыту және құрылысын салу схемасынан алынған үзінді көшірмесі, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттар, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларының электрондық көшірмелері; |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) 1 және 2-топтамалар бойынша: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесінде тіркелмеген жағдайда); |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар | Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде МҚҚК ААЖ "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
| Бұйрыққа 3-қосымша Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
____________________________
____________________________
Өтініш
Өтініш берушінің атауы:
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты (немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы:__________________________________________________________
Телефоны:___________________________________________________________
Тапсырыс беруші:_____________________________________________________
Жобаланатын объектінің атауы:_________________________________________
Жобаланатын объектінің мекенжайы:____________________________________
Жер учаскелері туралы мәліметтер:
Кадастрлық нөмірі: ____________________________________________________
Қаулының тіркеу нөмірі: _______________________________________________
Құрылыс объектісі туралы мәліметтер:
ОБН: ___________________
Сізден эскизді (эскиздік жобаны) келісуіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Күні: 20__ жылғы "_____" ____________
Қолы ________
| Бұйрыққа 4-қосымша Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 7-қосымша |
"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) | ||
1. | Қызметті берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары. |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе МҚҚК ААЖ арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | электрондық хат – эскизді (эскиздік жобаны) келісу не осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | осы Қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі. |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде МҚҚК ААЖ "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
