ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 25) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары бекітілсін;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 265 Бұйрыққа 1-қосымша |
Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 24-бабының 25) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңа құрылыс объектілерін салу және қолданыстағы объектілерді, үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгерту үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және беру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құрылыс объектілерін пайдалануға енгізу; елді мекендердің аумақтары мен қонысаралық аумақтарды жобалау және оларда құрылыс салу және "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды беру" және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісу" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібі мен мерзімін белгілейді.
2. Осы Қағидаларды жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО), инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері инженерлік инфрақұрылым желілерін қоса алғанда, құрылыс және (немесе) реконструкциялау объектілеріне меншік нысанына қарамастан, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерінің меншік иелері оларды пайдалану және күтіп-ұстау бөлігінде қолданады.
3. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға сәйкес елді мекеннің аумағында және қонысаралық аумақта құрылыс салуды жүзеге асырады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бастапқы материалдар – жобалау құжаттамасын әзірлеу үшін қажетті материалдар;
2) жеке тұрғын үй құрылысы – белгiленген тәртiппен бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiнде азаматтардың өз күшiмен, мердiгерлiк немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да әдiспен жеке тұрғын үйлер салуы;
3) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесін иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы, жер учаскесін сату жөніндегі сауда (аукцион) қорытындылары бойынша хаттама немесе жер учаскесін жалдау құқығы;
4) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
5) қайта жабдықтау – үй-жайдың (үй-жайлардың) тіршілікті қамтамасыз ету және пайдалану үшін қажетті өзінің функционалдық мақсатының өзгеруіне, технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты өзгертілуі;
6) қайта жоспарлау – белгілі бір үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекараларын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарлануын өзгерту;
7) құрылыс – өндiрiстiк және өндiрiстiк емес мақсаттағы негiзгi қорларды жаңа құрылыс объектiлерін (олардың кешендерiн, коммуникацияларын) салу және (немесе) барын өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi консервациялау және өз ресурсын жоғалтқан құрылыс объектілерді кәдеге жаратқаннан кейінгі жұмыстарды жүзеге асыру жолымен құру жөнiндегi қызмет;
8) құрылыс алаңы – салынатын объектіні, уақытша құрылыстар мен құрылысжайларды, техникаларды, топырақ үйінділерін орналастыру, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен жабдықтарын қоймалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін пайдаланылатын аумақ;
9) құрылыс объектісі – құрылыс қызметінің түпкі нәтижесі болып табылатын ғимарат немесе құрылысжай түріндегі жасанды орта объектісі;
10) құрылыс объектісінің бірегей нөмірі (бұдан әрі – ҚОБН) – құрылыс объектісінің пайдаланылу циклін мониторингтеу мақсатында құрылыс жобаларын әзірлеуге, реконструкциялауға (қайта жоспарлауға және қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарын алудан бастап оны пайдалануға қабылдап алуға және беруге дейінгі құрылыс объектісі туралы ақпаратты (мәліметтерді) жинау үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде қалыптастырылатын он сегіз таңбалы сәйкестендіру нөмірі
11) құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) салу және (немесе) өзгерту жөніндегі өзінің түпкі ойын іске асыруға құқық беру;
12) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – МҚҚК АЦЖ) – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпаратын және (немесе) мәліметтерін жинауды, есепке алуды, тіркеуді, енгізуді (толықтыруды), өңдеуді, сақтауды, қол жеткізуді, беруді, деректерін көрсетуді және таратуды қамтамасыз ететін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлық жүйесі;
13) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға, сондай-ақ олардың сақталуын бақылау мен қадағалауға бағытталған қызметі;
14) мердігер – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда);
15) өтініш беруші – жаңа құрылысты жүзеге асыруға не қолданыстағы ғимараттың (құрылысжайдың) жекелеген үй-жайларына немесе өзге бөліктеріне реконструкциялау, қайта жоспарлау немесе қайта жабдықтау жүргізуге ниеті бар мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырыс беруші, құрылыс салушы);
16) реконструкциялау – әдетте өзгертілетін құрылыс объектісін жаңарту мен жаңғырту қажеттігіне байланысты ғимараттың жекелеген үй-жайларын, өзге бөліктерін немесе жалпы ғимаратты өзгерту;
17) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы – инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарға сәйкес әзірленген, жобаланатын және қолданыстағы инженерлік желілердің орналасу схемасы;
18) тапсырыс беруші – қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Қызметінің мақсаттарына қарай тапсырыс беруші – жобаның (бағдарламаның) инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі) не олардың уәкілетті адамдары тапсырыс беруші бола алады;
19) техникалық жоба – қолданыстағы ғимараттардың (құрылысжайлардың) үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау мақсатында әзірленетін жобалау алдындағы құжаттама түрі;
20) топографиялық түсірілім – масштабпен, жергілікті есептеу жүйелерінде орындалған және қолданыстағы жерүсті және жерасты желілері мен құрылыстарын көрсететін жергілікті жердің электрондық не графикалық моделі;
21) тұрғын емес үй-жай – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қоспағанда, көппәтерлі тұрғын үйдегі құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін, жоба сатысында көзделген, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, шекаралары қабырғалардың, еденнің және төбенің (қабатаралық жабындылардың) ішкі беттері болып табылатын, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарда (кеңсе, дүкен, кафе, қонақүй, хостел және халыққа қызмет көрсету саласының басқа да объектілері) пайдаланылатын және дара (бөлек) меншіктегі жеке ішкі кеңістік.
22) эскиз (эскиздік жоба) – схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн, жобалау (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, декоративтік немесе басқа) шешiмінiң оңайлатылған түрi.
2-тарау. Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
5. Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беру жағдайларынан басқа);
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу;
3) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (бұдан әрі – жобалау) және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған құрылыс объектісін қабылдау және пайдалануға беру.
Сейсмикалық микроаймақтарға бөлу карталарына, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптері мен тәуекелдері карталарына сәйкес сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы (аймақтардағы) құрылысты қоспағанда, жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі объектілерді салу және реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау эскиз (эскиздік жоба) бойынша жүзеге асырылады. Құрылыс жобасын әзірлеу, оның сараптамасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау талап етілмейді.
6. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) жөніндегі жобаларды іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:
1)құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдарды алу;
2) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін жобаларды жобалау және сараптау;
3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
4) реконструкциялаудан кейін құрылыс объектісін (жекелеген бөлігін) қабылдау және пайдалануға беру.
Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарын өзгертумен байланысты емес құрылыс объектілері (жекелеген бөліктерін) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) бір функционалдық мақсаты шеңберінде мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес әзірленген және лицензиясы бар тұлғалар орындаған техникалық жобаның негізінде жүзеге асырылады. ЖАО-ның шешімін алу, жобалау және жобаны сараптамадан өткізу талап етілмейді. Құрылыс объектісін пайдалануға беру кезінде меншік иесінің құрылыс объектісін пайдалануға өз бетінше қабылдау актісіне техникалық жоба қоса беріледі.
7. Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:
1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);
2) инженерлік қамтамасыз ету көздеріне және коммуналдық қызметтерге қосылу үшін техникалық шарттар (бұдан әрі – техникалық шарттар);
3) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;
4) тік жоспарлау белгілері;
5) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;
6) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары.
8. Құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:
1) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы ЖАО-ның шешімі;
2) СЖТ;
3) техникалық шарттар (өтініш беруші инженерлік қамтамасыз ету көздеріне және коммуналдық қызметтерге қосылуға техникалық шарттар үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағын (бұдан әрі – сауалнама парағы) берген кезде);
4) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде).
9. Жобаланатын инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды беруге жол берілмейді.
10. СЖТ мен техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының барлық мерзімі ішінде қолданылады.
Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан асқан жағдайда, СЖТ және техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттардың ұсынылу талабымен құрылыс кезеңіне ұзартылады.
Құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттар ұсынылмаған жағдайда, СЖТ және техникалық шарттар берілген күнінен бастап үш жыл өткен соң жарамсыз деп есептеледі.
Кодекстің 24-бабының 28) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына сәйкес қалыптастырылатын техникалық қадағалау есептері мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейлеріндегі объектілер үшін құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттар болып табылады.
Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға, қайта бейіндеуге) ЖАО-ның шешімі құрылыс объектісі пайдалануға енгізілгенге дейін қолданылады.
11. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді тиісті жұмыс түрлеріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
12. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тапсырыс беруші берген жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес негізгі талаптар ескеріле отырып, сондай-ақ мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды қозғамайтын жағдайларды қоспағанда, реконструкциялау (қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта бейіндеу) жобалары бойынша міндетті сараптамаға жататын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы әзірленеді.
Көрсетілген жағдайларда жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеудің алдында тапсырыс беруші жауапкершіліктің барлық деңгейлеріндегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғаларды және ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына маман сертификаты бар жеке тұлғаларды шарт негізінде тарта отырып қолданыстағы үй-жайдың, ғимараттың немесе құрылысжайдың физикалық жай-күйін, конструкцияларының сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асырады.
14. Жолдар құрылысының жобалары, сондай-ақ оларды түзету "Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелген) Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларында белгіленген тәртіппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
15. Әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасы Кодекстің 24-бабының 10) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ бұрыннан барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
16. Құрылыс объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін таратушы және алаңішілік инженерлік желілерді, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың ішкі желілерін жобалау ұзындығына қарамастан сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган берген СЖТ және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушілердің техникалық шарттарына сәйкес құрылыс салушылардың (тапсырыс берушілердің) тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.
17. Инженерлік желілер мен құрылыстардың барлық кезеңдері және барлық түрлері Іргелі астрономиялық геодезиялық желі пункттерімен және Дәлдігі жоғары геодезиялық желі пункттерімен бекітілген 2023 жылғы Қазақстандық жер координаталық есептеу негізі (Qazaqstan Terrestrial Reference Frame 2023, QazTRF-23) және Қазақстандық биіктік есептеу негізі (Qazaqstan Vertical Reference Frame, QazVRF) - мемлекеттік есептеу жүйесінде топографиялық түсірілім (қолданылу мерзімі 1 (бір) жылдан аспайтын) негізінде орындалады.
18. Магистральдық коммуникацияларды, инженерлік инфрақұрылымның бас құрылыстарын жобалау құжаттамасын әзірлеу, салу, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату кезінде, сондай-ақ аумақтарды инженерлік даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде аралас аумақтардың мүдделерін ескеретін және аумаққа және тұратын халыққа қауіпті (зиянды) құбылыстар мен процестердің әсер ету мүмкіндігін болдырмайтын шешімдер қабылдануы тиіс.
19. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушілер берген техникалық шарттарға сәйкес әзірленген сыртқы инженерлік желілер мен құрылысжайлардың жобалары инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушілермен келісілуге жатпайды.
2-параграф. Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды беру және "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
20. "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды беру" мемлекеттік көрсетлетін қызметін (бұдан әрі – 1-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО-сы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
21. 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе МҚҚК АЦЖ арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушіге жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 1-топтама)/СЖТ, техникалық шарттарды (бұдан әрі – 2-топтама)/ тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 3-топтама) беру туралы өтінішті жолдайды.
3-қосымшаның 9-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжат туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
1-мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.
22. Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" 1-мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, 1-мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
23. МҚҚК АЦЖ-да өтініш келіп түскен күні автоматты түрде тіркеледі.
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР ЕК) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда 1-мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
24. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың елді мекеннің бекітілген бас жоспарына және егжей- тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекеннің дамыту және құрылысын салу схемасына сәйкестігіне қарайды.
25. Жоспарланған құрылыс елді мекеннің бекітілген бас жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекеннің дамыту және құрылысын салу схемасына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды алу үшін ахуалдық схеманы және сауалнама парағын жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай құжаттарды қатар дайындайды:
1-топтама бойынша – егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары;
3-топтама бойынша – тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы ЖАО-ның шешімін.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай мерзімде жібереді:
техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні;
техникалық жағынан күрделі объектілер үшін 10 (он) жұмыс күні;
сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні.
Мынадай:
1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған;
2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге техникалық шарттарды беруден бас тартуға жол беріледі.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуатының тапшылығы, желілердің немесе өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені есептеулермен қоса береді.
26. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің оң нәтижесі не дәлелді бас тарту жолданады.
Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.
Өтініш беруші 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
Кейіннен бас тарту бұрын көрсетілуі мүмкін болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша берілуі мүмкін емес.
27. 1-мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша осы Қағидаларда көзделген мерзімдерде көрсетілетін қызметті беруші 1-мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды:
1-топтама бойынша – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан үзінді көшірме, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының сызбалары;
2-топтама бойынша – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ және техникалық шарттар;
3-топтама бойынша – тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы ЖАО-ның шешімі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ, техникалық шарттар (өтініш беруші сұрау парағын берген кезде), сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде);
дәлелді бас тарту.
1-мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.
28. "Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14483 болып тіркелген) Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының 46-тармағына сәйкес 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асыру шеңберінде қалыптастырылатын өтініштер, өтініш бойынша шешімдер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде тіркелуге жатады.
29. Техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын объектілерді салу жобалары бойынша 1-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
СЖТ және техникалық шарттарды беруге – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды беруге – 15 (он бес) жұмыс күні.
Техникалық жағынан күрделі объектілерді салу жобалары бойынша 1-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
СЖТ және техникалық шарттарды беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды беруге – 17 (он жеті) жұмыс күні.
Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) және құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдарды беру бойынша 1-мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні.
1-мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды беру мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.
30. Бір құрылыс жобасына қайта өтініш берілген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 6-тармағында көрсетілген бұрын ұсынылған құжаттар олардың өзектілігі расталған кезде беріледі.
31. Уәкілетті орган 1-мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы 1-мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне келіп түседі.
32. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.
33. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
34. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
35. Жергілікті атқарушы орган елді мекендердің жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарын абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды реконструкциялау кезінде МҚҚК АЦЖ арқылы осындай жұмыстарды жүргізу туралы шешімдерді тіркеуді жүзеге асырады.
1-мемлекеттік қызметті алу үшін жергілікті атқарушы орган елді мекендердің жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарды абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы шешімнің МҚҚК АЦЖ-да қалыптастырылатын тіркеу нөмірін көрсетеді.
3-параграф. "Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
36. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – 2-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО-сы жүзеге асырады.
37. Бастапқы материалдардың негізінде әзірленген эскизді (эскиздік жобаны) көрсетілетін қызметті берушімен келісуді жүзеге асыру.
Эскиз (эскиздік жоба) осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген құрамы мен мазмұнына, құрылыс объектісінің мақсатына, негізгі параметрлеріне, нақты жер учаскесінде орналасуына және көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге қойылатын талаптар кешеніне сәйкес келуі қажет.
38. 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші портал немесе МҚҚК АЦЖ арқылы көрсетілетін қызметті берушіге эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеугенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжат туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
2-мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшада жазылған.
39. Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал немесе МҚҚК АЦЖ арқылы берген кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" 2-мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, 2-мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
40. МҚҚК АЦЖ өтінішті ол келіп түскен күні автоматты түрде тіркейді.
Өтініш беруші ҚР ЕК сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, 2-мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
41. Өтінішті және қоса берілген эскизді (эскиздік жобаны) тіркеуден өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, құрылыс объектілерінің, 2-мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарайды.
42. 2-мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші ҚОБН, құрылыс объектісінің атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, келісу хатты немесе дәлелді бас тартуды дайындайды.
2-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.
43. Осы Қағидаларға 7-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің оң нәтижесі не дәлелді бас тарту жолданады.
Өтініш берушіге себептері және жою үшін нақты ескертулер көрсетіле отырып, дәлелді бас тарту беріледі.
2-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші 2-мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептері жойылған жағдайда, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта жүгінеді.
Кейінгі бас тарту бұрын көрсетілуі мүмкін болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша берілмейді.
44. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізгеннен кейін ол МҚҚК АЦЖ-ға есепке алады.
45. 2-мемлекеттік қызметті көрсету немесе дәлелді бас тартуды беру мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.
46. Уәкілетті орган 2-мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
47. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.
48. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
49. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
4-параграф. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құрылыс объектілерін пайдалануға беру тәртібі мен мерзімі
50. Құрылыс объектiлерін пайдалануға қабылдау Кодекспен және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі.
51. Құрылыс объектісін қабылдауды және пайдалануға беруді тапсырыс беруші ол бекітілген құрылыс жобасына сәйкес толық дайын болған және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі және құрылыс объектісінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар болған кезде жүргізеді.
52. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты емес құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) кезінде меншік иесі құрылыс объектісін пайдалануға өз бетінше қабылда алу актісі жоблаушымен бұрын әзірленген техникалық жобаға сәйкестікке келісіледі.
53. Салынған құрылыс объектілерінің (кешендерінің) бекітілген жобаға сәйкес кіреберіс есігі мен терезе блоктары (толтыру) орнатылған, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, қабырғалары мен төбелері сыланған және тегістелген (ішкі қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру жұмыстарынсыз), еден жабынын салу бойынша төсем салынған (таза едендер салусыз), электр кабельдері мен сымдарын өткізу көзделген, пәтер ішіндегі бөлу автоматтары орнатылған (тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптарсыз, газды немесе электрлі ас үй плиталарсыз), аспаптарды орнату орындарына дейін жапқыш арматурасы мен тығындары бар су өткізу және кәріз құбырлары жүргізілген (санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар орнатусыз), тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) орнатылған, жылыту аспаптары мен терезелік жақтау тақтайлары орнатылған, егер шартта осы көзделсе, атап көрсетілгеннен асатын көлемдердегі жұмыстар орындалған, сондай-ақ құрылыс объектісі инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылған, объектінің құрылысына бөлінген аумақты аббатандыру және көгаландыру бойынша жұмыстар орындалған жай-күйі құрылыс объектілерінің (кешендерінің) толық дайындығын білдіреді.
Салынған объектілердің ішкі әрлеу (қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталған, таза едендер салынған, санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, газды немесе электрлі ас үй плиталары, тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке), пәтерішілік есік блоктары орнатылып және құрылыс объектісі инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылған, объектінің құрылысына бөлінген аумақты аббатандыру және көгаландыру бойынша жұмыстар орындалған жай-күйі мемлекеттiк инвестициялардың қатысуымен салынған тұрғын үй объектілерінің толық дайындығын білдіреді.
54. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алуактісімен ресімделеді. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісін тапсырыс беруші бекітуге тиіс. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісіне қол қойылған күн оны бекіту күні және құрылыс объектісін пайдалануға беру күні болып есептеледі.
55. Тапсырыс беруші құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісін бекіткенге дейін инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін Кодекстің 24-бабының 46) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеу қағидаларына сәйкес МҚҚК АЦЖ-да тіркеу үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына жолдайды.
56. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органда есептен өткен және ол МҚҚК АЦЖ-ға енгізген, бекітілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісі жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органда құрылыс объектісін тіркеу үшін негіз болып табылады.
57. Құрылыс объектісін қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі Кодекстің 135-бабымен регламенттеледі.
Бұл ретте меншік иесі пайдалануға өз бетінше қабылдайтын құрылыс объектілеріне қатысты:
1) Мемлекеттік корпорация өтініш берушіден меншік иесінің құрылыс объектісін пайдалануға өз бетінше қабылдап алуының бекітілген актісін алған сәттен бастап бір күн ішінде осы Қағидалардың 56-тармағына сәйкес МҚҚК АЦЖ-да тіркелген инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін қоса бере отырып, оларды құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға жібереді;
2) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бір жұмыс күні ішінде меншік иесінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын тексеруді жүргізеді және МҚҚК АЦЖ-да пайдалануға қабылдап алу актісін есепке алуды жүргізеді.
Бұзушылықтар анықталған кезде Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы тіркеуші органға жазбаша түрде хабарлайды;
3) бұзушылықтар болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы тіркеуші органға жазбаша түрде хабарлайды.
58. ҚОБН беру 1-мемлекеттік қызметті көрсету, 2-мемлекеттік қызметті көрсету, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау кезеңінде МҚҚК АЦЖ арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.
5-параграф. Елді мекендердің аумақтарын және қонысаралық аумақтарды жобалау және құрылысын салу тәртібі мен мерзімі.
59. Елді мекендер аумағында әртүрлі мақсаттағы құрылыс объектілерін өз бетінше салуға жол берілмейді.
60. Елді мекендердің аумақтарын және қонысаралық аумақтарды дамыту және құрылысын салу белгіленген тәртіппен бекітілген елді мекендердің бас жоспарлары немесе елді мекендердің дамыту және құрылысын салу схемалары (оңайлатылған бас жоспар) негізінде жүзеге асырылады.
61. Құрылыс мақсаттары үшін жер учаскелерін беру кезінде оларды пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары бекітілген бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының, аумақты аймақтарға бөлудің, сондай-ақ осы Қағидалардың негізінде белгіленеді.
62. Жер учаскелерінде құрылыс салу және пайдалану жер учаскелеріне құқық белгілейтін және (немесе) сәйкестендіру құжаттарында көрсетілетін нысаналы мақсатқа қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
63. Қала маңы аймақтарының шекараларын белгілеу бекітілген қала құрылысы құжаттамасының негізінде жүзеге асырылады.
64. Елді мекендерді жобалау, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтар мен елді мекендерді абаттандыру кезінде халықтың қозғалысы шектеулі топтарының тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылысжайлар мен үй-жайларға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың аумағында орналасатын автомобиль тұрақтарын жобалау кезінде халықтың қозғалысы шектеулі топтарының жеке автокөлік құралдарына арналған орындар көзделеді.
Әлеуметтік инфрақұрылымның құрылыс объектілерін (білім беру және денсаулық сақтау объектілерін) орналастыруды есепке алмай, тұрғын аймақтарда көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттарын (үйлер) салуға жол берілмейді.
65. Жобалау және құрылыс сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ Кодекстің 34-бабының 1-тармағына сәйкес жер сілкінісі кезінде адамдарды шұғыл эвакуациялау шарттары көзделетін жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда (аудандарда) жобалау және құрылыс көрсетілген мәселелерді реттейтін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптері мен тәуекелдері картасының сейсмикалық микроаймақтарға бөлу карталары ескеріледі.
66. Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуеайлақ жабдығының және әуе кемелері ұшуларының адамдардың денсаулығына және жеке және заңды тұлғалардың қызметіне ықтимал теріс әсерлерін ескере отырып, ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін әуеайлақ маңындағы аумақта құрылыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
67. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезінде автопаркингтерді, гараждарды және инженерлік жабдық құрылысжайларын орналастыруға арналған жерасты кеңістігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға, экологиялық, санитариялық және өртке қарсы талаптарға сәйкес құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайлары ескеріле отырып пайдаланылады.
68. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда кабельдік желілерді, телерадиоарналардың ұжымдық және жеке қабылдау жүйелерін, оның ішінде ұлттық спутниктік немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату жүйелерін жобалау және салу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
69. Уақытша құрылыстар мен құрылысжайларды (сауда дүкендері (павильондар), дүңгіршектер, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері және басқа да сервис объектілері) орналастыру Жер кодексінің 109-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
| Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы
Ескертпе *
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
* Қосалқы тұтынушы сауалнама парағын берген жағдайда, ескертпеде қосалқы тұтынушыны оның желілеріне қосуға тұтынушының келісімі көрсетіледі. Бұл ретте тұтынушының келісімінде оның деректері көрсетіледі (жеке тұлғалар – қолдарын қояды, заңды тұлғалар – қолдары мен мөрлерін қояды (ол болған жағдайда)).
Тапсырыс беруші: ______________________
20___ жылғы "___" _____________________
| Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 2-қосымша Нысан |
|
| __________________________ __________________________ __________________________ |
Жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және
техникалық шарттарды/тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік
жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты құрылыс объектілерін (жекелеген
бөліктерін) және құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта
жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдарды беру туралы өтініш
Өтініш берушінің аты: ____________________________________________
_____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: __________________________________________________________
Телефоны: ____________________________________________________________
Тапсырыс беруші: _____________________________________________________
Жобаланатын құрылыс объектісінің атауы: ________________________________
_____________________________________________________________________
Жобаланатын құрылыс объектісінің мекенжайы: ___________________________
_____________________________________________________________________
Сізден мыналарды беруді сұраймын
1-топтама. Жаңа құрылысқа бастапқы материалдар (сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ), тік жоспарлау белгілері, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, техникалық шарттар (бұдан әрі – ТШ), сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары);
2-топтама. СЖТ және ТШ;
3-топтама. Құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) және құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдар (тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) және құрылысжайларды реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) ЖАО шешімі, СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары).
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Жер учаскелері туралы мәліметтер:
Кадастрлық нөмір/ қаулының тіркеу нөмірі:
________________________________________________________________
Құрылыс объектісі туралы мәліметтер:
ОБН: ___________________
Цифрлық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Күні: 20__ жылғы "__" _______________
Қолы
| Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 3-қосымша |
"Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау және қайта бейіндеу) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: |
3. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну жолдары | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру портал немесе МҚҚК АЦЖ арқылы жүзеге асырылады. |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімдері |
1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін: |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі - 1-топтама) алу бойынша: |
7. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Төленбейді. |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – ҚР ЕК сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
9. | Мемлекеттік қызметті, оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) 1 және 2-топтармалар бойынша: |
10. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті, оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ)
Архитектурно-планировочное задание на проектирование (АПЗ)
20___ жылғы "___"______ №_____
№ ___ от "___"________20____ года
Құрылыс объектісінің бірегей нөмірі:
_______________________________________________________________
Уникальный номер строительного объекта:
Құрылыс объектісінің атауы:
_______________________________________________________________
Наименование строительного объекта:
Құрылыс объектісінің мекенжайы
_______________________________________________________________
Адрес строительного объекта
Елді мекен, жыл
_______________________________________________________________
Населенный пункт, год
р/с № | Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзірлеу үшін негіздеме |
Қала (аудан) әкімдігінің қаулысы немесе құқық белгілейтін құжат №_______ _________ (күні, айы, жылы) |
Основание для разработки архитектурно-планировочного задания (АПЗ) | ||
Учаскенің сипаттамасы | ||
Характеристика участка | ||
1. | Местонахождение участка | Қала, аудан, шағын аудан, ауыл, орам |
Учаскенің орналасқан жері | Город, район, микрорайон, аул, квартал | |
2. | Салынған құрылыстың болуы (учаскеде бар құрылыстар мен құрылысжайлар, оның ішінде коммуникациялар, инженерлік құрылысжайлар, абаттандыру элементтері және басқалары) | Қысқаша сипаттамасы |
Краткое описание | ||
Наличие застройки (строения и сооружения, существующие на участке, в том числе коммуникации, инженерные сооружения, элементы благоустройства и другие) | ||
3. | Геодезиялық зерделенуі (түсірілімдердің болуы, олардың масштабтары) | Қысқаша сипаттамасы |
Краткое описание | ||
Геодезическая изученность (наличие съемок, их масштабы) | ||
4. | Инженерлік-геологиялық зерделенуі (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-ботаникалық және басқа іздестірулердің қолда бар материалдары) | Қысқаша сипаттамасы |
Краткое описание | ||
Инженерно-геологическая изученность (имеющиеся материалы инженерно-геологических, гидрогеологических, почвенно-ботанических и других изысканий) | ||
Жобаланатын құрылыс объектісінің сипаттамасы | ||
Характеристика проектируемого строительного объекта | ||
1. | Құрылыс объектісінің функционалдық мәні | Қысқаша сипаттамасы |
Краткое описание | ||
Функциональное значение строительного объекта | ||
2. | Қабат саны | Қысқаша сипаттамасы |
Этажность | Краткое описание | |
3. | Жоспарлау жүйесі | Құрылыс объектісінің функционалдық мәнін ескере отырып, жоба бойынша |
Планировочная система | ||
По проекту с учетом функционального назначения строительного объекта | ||
4. | Конструктивті схема | Жоба бойынша |
Конструктивная схема | По проекту | |
5. | Инженерлік қамтамасыз ету | Қысқаша сипаттамасы |
Инженерное обеспечение | Краткое описание | |
6. | Энергия тиімділік сыныбы | Қысқаша сипаттамасы |
Класс энергоэффективности | Краткое описание | |
Қала құрылысы талаптары | ||
Градостроительные требования | ||
1. | Көлемдік-кеңістіктік шешім | Учаске бойынша іргелес объектілермен байланыстыру |
Увязать со смежными по участку объектами | ||
Объемно-пространственное решение | ||
2. | Бас жоспар жобасы: | Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, іргелес көшелердің тік жоспарлау белгілеріне, Қазақстан Республикасы құрылыс нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес |
Проект генерального плана: | ||
В соответствии с проектом детальной планировки, вертикальными планировочными отметками прилегающих улиц, требованиями строительных нормативных документов Республики Казахстан | ||
тік жоспарлау | Іргелес аумақтардың биіктік белгілерімен байланыстыру | |
вертикальная планировка | ||
Увязать с высотными отметками прилегающей территории | ||
абаттандыру және көгалдандыру |
Қысқаша сипаттамасы | |
благоустройство и озеленение | ||
автомобильдер тұрағы |
Қысқаша сипаттамасы | |
парковка автомобилей | ||
топырақтың құнарлы қабатын пайдалану | Қысқаша сипаттамасы | |
Краткое описание | ||
использование плодородного слоя почвы | ||
шағын сәулет нысандары | Қысқаша сипаттамасы | |
малые архитектурные формы | Краткое описание | |
жарықтандыру | Қысқаша сипаттамасы | |
освещение | Краткое описание | |
Сәулет талаптары | ||
Архитектурные требования | ||
1. | Сәулеттік келбетінің стилистикасы | Объектінің функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес сәулеттік келбетін қалыптастыру |
Стилистика архитектурного образа | Сформировать архитектурный образ в соответствии с функциональными особенностями объекта | |
2. | Қоршап тұрған құрылыс салумен өзара үйлесімдік сипаты | Құрылыс объектісінің орналасқан жеріне және қала құрылысы мәніне сәйкес |
Характер сочетания с окружающей застройкой | В соответствии с местоположением строительного объекта и градостроительным значением | |
3. | Түсіне қатысты шешім | Келісілген эскиздік жобаға сәйкес |
Цветовое решение | Согласно согласованному эскизному проекту | |
4. | Жарнамалық-ақпараттық шешім, оның ішінде: | "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына сәйкес жарнамалық-ақпараттық қондырғыларды көздеу |
Рекламно-информационное решение, в том числе: | ||
Предусмотреть рекламно-информационные установки согласно статье 21 Закона Республики Казахстан "О языках в Республике Казахстан" | ||
түнгі жарықпен безендіру | Қысқаша сипаттамасы | |
ночное световое оформление | Краткое описание | |
5. | Кіреберіс тораптар | Кіреберіс тораптарға назар аударуды ұсыну |
Входные узлы | Предложить акцентирование входных узлов | |
6. | Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының өмір сүруі үшін жағдай жасау |
Қазақстан Республикасы құрылыс нормативтік құжаттарының нұсқаулары мен талаптарына сәйкес іс-шараларды көздеу; |
Создание условий для жизнедеятельности маломобильных групп населения | ||
Предусмотреть мероприятия в соответствии с указаниями и требованиями строительных нормативных документов Республики Казахстан; | ||
7. | Дыбыс-шу көрсеткіштері бойынша шарттарды сақтау | Қазақстан Республикасы құрылыс нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес |
Соблюдение условий по звукошумовым показателям | Согласно требованиям строительных нормативных документов Республики Казахстан | |
Сыртқы әрлеуге қойылатын талаптар | ||
Требования к наружной отделке | ||
1. | Цоколь | Қысқаша сипаттамасы |
Цоколь | Краткое описание | |
2. | Қасбет | Қысқаша сипаттамасы |
Қоршау конструкциялары | Краткое описание | |
Фасад | ||
Ограждающие конструкции | ||
Инженерлік желілерге қойылатын талаптар | ||
Требования к инженерным сетям | ||
1. | Жылумен жабдықтау | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)(бұдан әрі – ТШ) |
Теплоснабжение | ||
Согласно техническим условиям (№ __и дата выдачи технических условий (далее - ТУ) | ||
2. | Сумен жабдықтау | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
Водоснабжение | Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) | |
3. | Кәріз | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
Канализация | ||
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) | ||
4. | Электрмен жабдықтау | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
Электроснабжение | ||
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) | ||
5. | Газбен жабдықтау | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
Газоснабжение | ||
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) | ||
6. | Телекоммуникациялар және телерадиохабар тарату | Техникалық шарттарға (ТШ №__ және берілген күні) және мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес |
Телекоммуникации и телерадиовещания | Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) и требованиям государственных нормативных документов | |
7. | Дренаж (қажет болған жағдайда) және нөсерлік кәріз | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
Дренаж (при необходимости) и ливневая канализация | Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) | |
8. | Стационарлы суару жүйелері | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
Стационарные поливочные системы | Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ) | |
Құрылыс салушыға жүктелетін міндеттемелер | ||
Обязательства, возлагаемые на застройщика | ||
1. | Инженерлік іздестірулер бойынша | Инженерлік-геологиялық қазбалар мен инженерлік-геологиялық іздестірулерді байланыстыра отырып, жер учаскесінің шекараларын натураға (жерге) көшіруге байланысты инженерлік-геодезиялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін жер учаскесін игеруге кірісуге рұқсат етіледі |
По инженерным изысканиям | ||
Приступать к освоению земельного участка разрешается после проведения инженерно-геодезических работ, связанных с переносом в натуру (на местность) границ земельного участка, с привязкой инженерно-геологических выработок и инженерно-геологических изысканий | ||
2. |
Қолданыстағы құрылыстар мен құрылысжайларды бұзу (көшіру) бойынша |
Қажет болғанда қысқаша сипаттамасы |
3. | Қолданыстағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын ауыстыру бойынша | Ауыстыруға (шығаруға) немесе желілер мен құрылысжайларды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған техникалық шарттарға сәйкес |
По переносу существующих подземных и надземных инженерных коммуникаций | Согласно техническим условиям на перенос (вынос) либо на проведения мероприятия по защите сетей и сооружений | |
4. |
Жасыл көшеттерді сақтау және/немесе отырғызу бойынша |
Қысқаша сипаттамасы |
5. |
Учаскенің уақытша қоршау құрылысы бойынша |
Қысқаша сипаттамасы |
Қосымша талаптар | ||
Дополнительные требования | ||
1. Ғимараттағы ауа баптау жүйесін жобалау кезінде (жобада орталықтандырылған суықпен жабдықтау және ауа баптау қарастырылмағанда) ғимарат қасбеттерінің сәулеттік шешіміне сәйкес жергілікті жүйелердің сыртқы элементтерін орналастыруды көздеу қажет. Жобаланатын ғимараттың қасбеттерінде жергілікті ау баптау жүйелерінің сыртқы элементтерін орналастыруға арналған жерлерді (бөліктер, маңдайшалар, балкондар және т.б.) көздеу қажет. | ||
Жалпы талаптар | ||
Общие требования | ||
1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алу қажет. | ||
2. Қаланың (ауданның) бас сәулетшісімен келісу: | ||
- эскиздік жоба (жаңа құрылыс кезінде). | ||
3. Құрылыс жобасына сараптама жүргізу (ҚР Құрылыс кодексінің 116 және 117-баптарына сәйкес). | ||
4. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарлама беру. | ||
5. Салынған құрылыс объектісін қабылдау және пайдалануға беру (қабылдау түрі). | ||
1. При разработке проекта (рабочего проекта) необходимо руководствоваться нормами действующего законодательства Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности. | ||
2. Согласовать с главным архитектором города (района): | ||
- эскизный проект (при новом строительстве). | ||
3. Провести экспертизу проекта строительства (согласно статьям 116 и 117 Строительного Кодекса РК). | ||
4. Подать уведомление о начале строительно-монтажных работ. | ||
5. Приемка и ввод в эксплуатацию построенного строительного объекта (тип приемки). | ||
1. СЖТ және ТШ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.
Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан астам асқан жағдайда, СЖТ және техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда құрылыс кезеңіне ұзартылады.
Құрылысының басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, СЖТ және техникалық шарттар берілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін жарамсыз болып саналады.
АПЗ и ТУ действуют в течение всего срока нормативной продолжительности строительства, утвержденного в составе проектной (проектно-сметной) документации.
В случае превышения нормативной продолжительности строительства более трех лет срок действия АПЗ и технических условий продлевается на период строительства при условии представления подтверждающих документов о начале строительства.
В случае непредставления подтверждающих документов о начале строительства АПЗ и технические условия по истечении трех лет с даты выдачи считаются недействительными.
2. СЖТ-да жазылған талаптар мен шарттарды меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан инвестициялық процестің барлық қатысушылары орындайды.
Требования и условия, изложенные в АПЗ, выполняются всеми участниками инвестиционного процесса независимо от форм собственности и источников финансирования.
3. Тапсырыс берушінің СЖТ-да қамтылған талаптармен келіспеуі сот тәртібімен шағымдалады.
Несогласие заказчика с требованиями, содержащимися в АПЗ, обжалуется в судебном порядке.
| Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 5-қосымша |
Эскиздің (эскиздік жобаның) және техникалық жобаның құрамы мен мазмұны
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген жаңа құрылыс объектілері үшін жобалау алдындағы сатыда әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:
1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;
2. 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабындағы объектінің бас жоспары;
3. Сыртқы әрлеу ведомосімен қоса, 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы қасбеттер;
4. 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы үй-жайлардың экспликациясы бар қабаттардың жоспарлары, бөліністер;
5. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы шатыр жоспары;
6. 1:200; 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабындағы инженерлік желілердің жоспарлары;
7. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімін таңдау, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштері (сыйымдылығы, өткізу қабілеті, қуаты, құрылыс көлемі, ғимараттың, құрылыс алаңының, көгалдандырылған және абаттандырылған учаске аумағының жалпы және пайдалы алаңы, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсі) келтірілген учаскенің абаттандыру мен көгалдандыру элементтері сипатталған жалпы деректер.
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) және құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) объектілері үшін әзірленетін техникалық жобаның және реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау үшін эскиздік жобаның құрамы мен мазмұны:
1. Қабат саны өзгерген кезде, кіреберіс алаңның құрылысына байланысты қасбеті өзгерген кезде, жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабтағы ахуалдық жоспар;
2. Қабат саны өзгерген кезде, кіреберіс алаңның құрылысына байланысты қасбеті өзгерген кезде, жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабтағы құрылыс объектісінің бас жоспары;
3. Қабат саны өзгерген кезде, кіреберіс алаңның құрылысына байланысты қасбеті өзгерген кезде, жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде сыртқы әрлеу ведомосімен қоса 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабтағы қасбеттер;
4. Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға, қайта бейіндеуге) дейінгі үй-жайлардың 1:50; 1:100; 1:200 (аталғанның бірі) масштабтағы жоспарлары;
5. Реконструкциялаудан (қайта жоспарлаудан, қайта жабдықтаудан, қайта бейіндеуден) кейінгі үй-жайлардың 1:50; 1:100; 1:200 (аталғанның бірі) масштабтағы жоспарлары;
6. Қабат саны өзгерген және жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабтағы шатыр жоспары;
7. Қабат саны өзгерген кезде 1:50; 1:100; 1:200 (аталғанның бірі) масштабтағы бөліністер;
8. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, қасбеттердің әрлеу материалдары мен түсіне қатысты шешімді таңдау, бөлшектенетін конструкциялардың жай-күйі сипатталған, реконструкциялаудың (қайта жоспарлаудың, қайта жабдықтаудың, қайта бейіндеудің) түрі - тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты (байланысты емес) екені туралы тұжырымдармен жалпы деректер.
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама құрылыс объектілері үшін әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:
1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;
2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің күндізгі және түнгі бейнесі;
3. Конструктивтік шешімдер;
4. Инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешім;
5. Негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, материалдары мен түсіне қатысты шешімін таңдау сипатталған жалпы деректер.
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымдары әзірлеген инженерлік желілер эскизінің (эскиздік жобасының) құрамы мен мазмұны:
1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;
2. Жобаланатын және қолданыстағы (сақталатын және бұзылуға жататын) ғимараттар, құрылысжайлар, құрылыстар, инженерлік және көлік коммуникациялары, абаттандыру элементтері және көпжылдық жасыл екпелер, геодезиялық пункттер белгіленетін бас жоспар;
3. 1:200; 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабындағы инженерлік желілердің жоспарлары;
4. Инженерлік желілердің профильдері – кескіндер масштабы: тік 1:100 және көлденең 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі);
5. Конструктивтік және құрылыс шешімдері;
6. Ерекшеліктер;
7. Инженерлік желілер мен коммуникацияларды орналастыру (төсеу) жөніндегі негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, материалдарды таңдау, пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі инженерлік-техникалық іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштерін (өткізу қабілеті, қуаты, көлемі, ұзындығы, құрылыс алаңы, көгалдандырылған және абаттандырылған учаскелер, материалдар) келтіре отырып, учаскені абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар баяндалған жалпы деректер.
| Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 6-қосымша Нысан |
|
| ____________________________ ____________________________ ____________________________ |
Өтініш
Өтініш берушінің атауы:___________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: _____________________________________________________
Телефоны: ______________________________________________________
Тапсырысберуші: ________________________________________________
Жобаланатын құрылыс объектісінің атауы: ___________________________
Жобаланатын құрылыс объектісінің мекенжайы: ______________________
Жер учаскелері туралы мәліметтер:
Кадастрлық нөмірі/
Қаулының тіркеу нөмірі: _____________________________
Құрылыс объектісі туралы мәліметтер:
ОБН: ___________________
Сізден эскизді (эскиздік жобаны) келісуіңізді сұраймын.
Цифрлық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Күні: 20__ жылғы "___" ____________
Қолы ____________________________
| Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 7-қосымша |
"Эскизді (эскиздік жобаны) келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары. |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3. | Мемлекеттік көрсетілетін және оның кіші түрлерін (бар болса) қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру портал немесе МҚҚК АЦЖ арқылы жүзеге асырылады. |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні. |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған). |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Эскизді (эскиздік жобаны) келісу хаты не осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді бас тарту. |
7. | Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Төленбейді. |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және құрылыс ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – ҚР ЕКсәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
10. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетінқызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 265 бұйрықа 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген).
2. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 224 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13897 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 135 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16499 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 4-тармағы.
4. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 701 бұйрығының 1-тармағы және "Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17577 болып тіркелген).
5. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 475 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18977 болып тіркелген).
6. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 174 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20244 болып тіркелген).
7. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 149 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27222 болып тіркелген).
8. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 352 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28555 болып тіркелген).
9. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 20 қазандағы № 585 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30274 болып тіркелген).
10. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 392 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32623 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы.
11. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 493 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33050 болып тіркелген).
12. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 116 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33765 болып тіркелген).
13. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 228 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34600 болып тіркелген).
14. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 457 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35596 болып тіркелген).
15. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 555 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37744 болып тіркелген).
