БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
Министрі
____________ Д. Абаев
2018 жылғы 27 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
___________ Т.Сүлейменов
2018 жылғы "__"_______
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
____________ Р. Даленов
2018 жылғы 26 ақпан
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 135 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 24.06.2026 № 330 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.05.2026 № 257 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.05.2026 № 240 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.05.2026 № 265 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу;
2) эскизді (эскиздік жобаны) келісу;
3) құрылыс жобаларын жобалау және сараптау;
4) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалаған кезде олардың эскизін (эскиздік жобасын) келісу талап етілмейді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Құрылыс жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:
1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);
2) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар (бұдан әрі – техникалық шарттар);
3) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;
4) тік жоспарлау белгілері;
5) түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;
6) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы.
Реконструкциялау, қайта жоспарлау және қайта жабдықтау жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдардың тізбесі осы Қағидалардың 3-бөлімінің 5-параграфында келтірілген.";
39-тармақ алып тасталсын;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрамдағы және мазмұндағы эскиздерді (эскиздік жобаларды) ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қарайды және келіседі.";
48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті берушiлер берген техникалық шарттарға сәйкес әзірленген сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті берушiлермен келісуге жатпайды.
49. Сараптама ұйымдарының жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын бергеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жобалау құжаттаманы (сметалық бөліксіз) ұсынуы арқылы мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасына енгізіледі.";
56, 57, 58, 59, 60, 61, 62 және 72-тармақтар алып тасталсын;
осы Тізбеге қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырсын.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қосымшаның күшін жою көзделген - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.05.2026 № 265 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап ететін жаңа құрылыс объектілері үшін, сондай-ақ реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін жобалау алдындағы сатыда әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйым әзірлеген Қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап ететін жаңа құрылыс объектілері үшін, сондай-ақ реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін жобалау алдындағы сатыда әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:
1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ситуациялық жоспар;
2. 1:500; 1:1000 (аталғанның бірі) масштабындағы объектінің бас жоспары;
3. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы сыртқы әрлеудің ведомосімен қоса, қасбеттер;
4. 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы үй-жайлардың экспликациясы бар қабаттардың жоспары, бөліністер;
5. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы шатыр жоспары;
6. Инженерлік желілердің жоспарлары;
7. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімін таңдау, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштері (сыйымдылығы, өткізу қабілеті, қуаты, құрылыс көлемі, ғимараттың, құрылыс алаңының, көгалдандырылған және абаттандырылған учаске аумағының жалпы және пайдалы алаңы, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсі) келтірілген абаттандыру мен көгалдандыру элементтері сипатталған жалпы деректер.
