Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көлік құралдарының кіруіне шектеу енгізу туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LII сессиясының 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 356 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 208-бабының 4-тармағына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Электр қозғалтқышындағы көлік құралдарынан (электромобильдерден), арнайы техникадан және коммуналдық, жедел көлік құралдарынан басқа, Шымбұлақ шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көлік құралдарының және шұғыл қызметтер, сондай-ақ осы аймақта тұратын жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдары кіруін шектеу.

      Демалыс және мереке күндері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеу электр қозғалтқышындағы көлік құралдарына (электромобильдерге) да қолданылады.

      2. "Алматы қаласы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады