Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 208-бабының 4-тармағына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Электр қозғалтқышындағы көлік құралдарынан (электромобильдерден), арнайы техникадан және коммуналдық, жедел көлік құралдарынан басқа, Шымбұлақ шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көлік құралдарының және шұғыл қызметтер, сондай-ақ осы аймақта тұратын жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдары кіруін шектеу.
Демалыс және мереке күндері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеу электр қозғалтқышындағы көлік құралдарына (электромобильдерге) да қолданылады.
2. "Алматы қаласы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |