ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 790-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өткізілген минералдық шикізат пен пайдалы қатты қазбаның, оның ішінде қайта өңдеуден өткендердің көлемін, сондай-ақ өткізілетін минералдық шикізаттағы пайдалы қатты қазбалардың құрамын растау қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 552 бұйрығымен бекітілген |
Өткізілген минералдық шикізат пен пайдалы қатты қазбаның, оның ішінде қайта өңдеуден өткендердің көлемін, сондай-ақ өткізілетін минералдық шикізаттағы пайдалы қатты қазбалардың құрамын растау қағидалары мен мерзімдері
1. Осы Өткізілген минералдық шикізат пен пайдалы қатты қазбаның, оның ішінде қайта өңдеуден өткендердің көлемін, сондай-ақ өткізілетін минералдық шикізаттағы пайдалы қатты қазбалардың құрамын растау қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 790-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және өткізілген минералдық шикізат пен пайдалы қатты қазбаның, оның ішінде қайта өңдеуден өткендердің көлемін, сондай-ақ өткізілетін минералдық шикізаттағы пайдалы қатты қазбалардың құрамын растау қағидалары мен мерзімдері н айқындайды.
2. Өткізілетін минералдық шикізаттағы пайдалы қатты қазбалардың құрамын растау мақсатында аккредиттелген зертхана ұлттық стандарттарға сәйкес өткізілетін минералдық шикізат пен пайдалы қатты қазбаларды тиеу барысында сынамалар іріктеуді жүргізеді. Іріктелген сынамаларды пайдалы қазбалардың құрамы тұрғысынан талдауды аккредиттелген зертхана жүргізеді. Сынама талдау нәтижелерін аккредиттелген зертхана талдау нәтижелерін алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға жібереді. Іріктелген сынаманың дубликаты жер қойнауын пайдаланушыда және аккредиттелген зертханада 5 жыл бойы сақталады.
Аккредиттелген зертхананы таңдауды жер қойнауын пайдаланушы өз бетінше Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 790-бабы 3-тармағына сәйкес қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізімнен жүзеге асырады. Бұл ретте, мұндай зертхана Салық кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдаланушының өзара байланысты тарабы болмауға тиіс. Сынамаларды іріктеу, аккредиттелген зертханадан растауды алу минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбаларды тиеу және өткізу процесін тоқтатпайды.
3. Сынамаларды іріктеу өткізілетін минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбалардың әрбір партиясы бойынша жүргізіледі. Осы тармақтың мақсаттары үшін бір ілеспе құжат бойынша берілген (тиелген) және минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбаларды өткізу шарттарына сәйкес сынама іріктеу мен сапасын айқындауға арналған дербес бірлік болып табылатын өткізу көлемі бір партия деп танылады.
4. Өткізілген минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбалардың, оның ішінде өңдеуден өткендерінің көлемі осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес ұсынылған жер қойнауын пайдаланушының өткізілген минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбалардың, оның ішінде өңдеуден өткендерінің көлемі туралы деректері мен аккредиттелген зертханалардың өткізілген минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбалардың, оның ішінде өңдеуден өткендерінің көлемдері, сондай-ақ өткізілетін минералдық шикізаттағы қатты пайдалы қазбалардың құрамы туралы деректері негізінде расталады.
5. Жер қойнауын пайдаланушылар есепті минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбалардың өткізілуі орын алған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, аккредиттелген зертханалардың деректері негізінде өткізілген минералдық шикізат пен пайдалы қатты қазбалардың, оның ішінде өңдеуден өткендерінің көлемдері, сондай-ақ өткізілетін минералдық шикізаттағы пайдалы қатты қазбалардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын есептерді жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде тоқсан сайын ұсынады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: minerals.e-qazyna.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: "Жер қойнауын пайдаланушының өткен (есепті) тоқсанда минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбаларды өткізу көлемдері туралы мәліметтер".
Индекс: 1-Роялти. Мерзімділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: тоқсан
![]()
![]()
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қатты пайдалы қазбалар бойынша роялти салынуға жататын минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбаларды өткізетін жер қойнауын пайдаланушылар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: өткен (есепті) тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інші күнінен кешіктірмей.
ЖСН/БСН
![]()
Жинау әдісі: жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы электронды түрде.
Жер қойнауын пайдаланушының өткен (есепті) тоқсанда минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбаларды өткізу көлемдері туралы мәліметтер
№ р/с | Жер қойнауын пайдаланушының атауы | Лицензияның №, берілген күні | Кен орнының атауы | Тауарлық өнімінің түрі | Өткізілген минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбалардың, оның ішінде өңдеуден өткендерінің көлемі, сондай-ақ өткізілетін минералдық шикізаттағы пайдалы қатты қазбалардың құрамы | Аккредиттелген зертхана туралы мәліметтер | Тауарлық өнімді өткізу көлемдері | Өлшем бірлігі | Алдыңғы салық кезеңдері бойынша түзетулер | Түзету негіздемесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Атауы __________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________
Орындаушы: _______________________________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) (қолы)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға
_______________________________________ _________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) (қолы)
Жер қойнауын пайдаланушының ЭЦҚ деректері;
ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты. 20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минут.
| Өткен (есепті) тоқсанда жер қойнауын пайдаланушының минералдық шикізатты немесе пайдалы қатты қазбаларды өткізу көлемдері туралы мәліметтер нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме "Өткен (есепті) тоқсанда жер қойнауын пайдаланушының минералдық шикізатты немесе қатты пайдалы қазбаларды өткізу көлемдері туралы мәліметтер" (Индекс 1-Роялти, мерзімділігі – тоқсан сайын)
1. Терминдер мен анықтамалар:
лицензия – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілген қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру лицензиясы;
минералдық шикізат – құрамында пайдалы қазбалар (пайдалы қазбалар) бар, жер қойнауынан жер бетіне алынған (тау жынысы, рудалық шикізат және басқалары) бөлігі, су азайту ескерілместен;
пайдалы қазбалар – жер қойнауында болатын табиғи минералдық түзілімдер, сондай-ақ пайдалы компоненттері бар табиғи минералдық түзілімдер мен органикалық заттар; олардың химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері оларды материалдық өндірісте және (немесе) тұтынуда, және (немесе) өзге де қажеттіліктер тікелей немесе қайта өңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Әдіснамалық түсіндірмелер:
1-бағанда – кен орнының реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда – жер қойнауын пайдаланушының атауы көрсетіледі;
3-бағанда – лицензияның нөмірі және берілген күні көрсетіледі;
4-бағанда – кен орнының атауы көрсетіледі;
5-бағанда – тауарлық өнім түрі төмендегілерді ескере отырып көрсетіледі:
1) минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбалар бөлшектеу, ірілігі бойынша елеу, ұнтақтау, классификациялау (сұрыптау) процесінен өткен жағдайда, есепті тоқсан бойынша әрбір түрі бойынша өткізу көлемдері көрсетіледі, оған техногендік минералдық түзілімдерден алынған қатты пайдалы қазбалардың өткізілген көлемдері де кіреді;
2) минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбалар байыту өндірісінің концентраты, алғашқы қайта өңдеу (байыту) өнімдері және (немесе) мұндай концентрат құрамындағы пайдалы қазбалар түрінде өткізілген жағдайда, есепті тоқсан бойынша әрбір түр бойынша:
– байыту концентратын және (немесе) алғашқы қайта өңдеу (байыту) өнімдерін өткізу көлемдері,
– сондай-ақ мұндай концентраттағы пайдалы қазбалардың көлемдері көрсетіледі;
3) минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбалар металдар, қорытпалар, өзге де өнімдер немесе химия-металлургиялық қайта өңдеу нәтижесіндегі қалдықтар және (немесе) олардың құрамындағы пайдалы қазбалар түрінде өткізілген жағдайда, есепті тоқсан бойынша әрбір түр бойынша көрсетіледі:
– металдар мен қорытпалардың және (немесе) олардың құрамындағы пайдалы қазбалардың өткізу көлемдері,
– өзге өнімдер мен өндірістік қалдықтардың және (немесе) олардың құрамындағы пайдалы қазбалардың өткізу көлемдері.
6-бағанда – аккредиттелген зертхана сынамаларды талдау нәтижелері негізінде айқындайтын, өңдеуден өткендерін қоса алғанда, минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбалардың көлемдері, сондай-ақ өткізілетін минералдық шикізаттағы қатты пайдалы қазбалардың құрамы туралы мәліметтер көрсетіледі;
7-бағанда – сынама талдауын жүргізген аккредиттелген зертхана туралы мәліметтер көрсетіледі;
8-бағанда – есепті кезеңдегі тауарлық өнімді өткізу көлемі көрсетіледі;
9-бағанда – өлшем бірлігі көрсетіледі;
10-бағанда – Салық кодексінің 793-бабы 4-тармағына сәйкес, алдыңғы тоқсандарда өткізілген минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбалардың құрамы мен көлеміне қатысты алдыңғы салық кезеңдеріне енгізілетін түзетулер көлемі көрсетіледі;
11-бағанда – түзету негіздемесі көрсетіледі.
