ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
1. "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бірлескен қаулысы мен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33512 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 наурызға дейін:";
көрсетілген бірлескен қаулымен және бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ұлттық Банк (оның аумақтық филиалы), мемлекеттік кірістер органы (оның аумақтық бөлімшесі), уәкілетті банк (оның филиалы) Қағидаларда көзделген ақпаратты берілетін деректердің жасырындылығын және теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып ақпараттық жүйелердің интеграциялау, жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалану арқылы және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық тәсілмен беруді жүзеге асырады.
Ұлттық Банктің (оның филиалының) Қағидаларда көзделген ақпаратты ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, Ұлттық Банктің экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі ақпараттық жүйесінен көшіріп алу жолымен ұсынуына жол беріледі.
Мемлекеттік кірістер органының Қағидаларда көзделген ақпаратты Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, Ұлттық Банктің экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі ақпараттық жүйесіне жүктеу жолымен ұсынуына жол беріледі.
Техникалық себептер бойынша ақпаратты электрондық тәсілмен беру мүмкін болмаған кезде уәкілетті банктің (оның филиалының) ақпаратты қағаз жеткізгіште беруіне жол беріледі. Мұндай жағдайда бұрын қағаз жеткізгіште ұсынылған ақпарат техникалық себептер жойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық тәсілмен жіберілуге тиіс.
Ұлттық Банк (оның аумақтық филиалдары), мемлекеттік кірістер органы (оның аумақтық бөлімшелері) және уәкілетті банктер (олардың филиалдары) Қағидаларға сәйкес алынған ақпараттың жасырындылығы мен сақталуын қамтамасыз етеді.";
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті банк (оның филиалы) өзгерістері және (немесе) толықтыруларын қоса, экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттың талаптарын "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) талаптарына сәйкес әзірленген ішкі бақылау қағидаларына сәйкес, сондай-ақ егер операция Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында көзделген түрлер мен өлшемшарттарға сәйкес келсе, талдайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Экспорттаушы немесе импорттаушы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тараптардың міндеттемелерді орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайларды растайтын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа қосымша келісімдерді қоса алғанда, ақпаратты және (немесе) құжаттарды есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке не есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына бейрезиденттің экспорттаушы немесе импорттаушы алдында орындамаған міндеттемелерінің сомасы 50 000 (елу мың) АҚШ доллары баламасынан асқан репатриациялау мерзімі аяқталған айдың соңғы күнінен кешіктірмей ұсынады.";
37-тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер бойынша;
3) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт бойынша валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар жөніндегі ақпаратты күн сайын жібереді.";
38-тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлар әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер бойынша ақпаратты – тауарлар әкелу туралы өтініштерге енгізілген өзгерістер туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпаратты - электрондық шот-фактураларды өзгерту туралы мәліметтер түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлайды.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 20-1-бабына сәйкес жүргізілген тексеру аяқталғаннан кейін репатриациялау талабын орындау бөлігінде, оның ішінде репатриациялау талабын орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін ақпаратты және (немесе) құжаттарды уақтылы ұсыну, сондай-ақ экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге уақтылы өтініш жасау бөлігінде Қағидалардың нормаларын бұзу фактісін анықтаған жағдайда, экспорттаушының немесе импорттаушының іс-әрекеттерінде жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген бұзушылықтар белгілерінің бар-жоғы (әрекетсіздігі) туралы мәселені қарайды және қажет болған кезде, құзыреті бойынша валюталық бақылаудың басқа органдарына жібереді.";
2-қосымша осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
8-қосымша осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
9-қосымша осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен қаулы мен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен қаулы мен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
_________М. Такиев |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
_________Т. Сулейменов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау жəне
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz
интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі
валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: XMCO_1
Кезеңділігі: күн сайын
Есепті кезеңі: 20__жылғы "___" __________ үшін
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар
тобы: мемлекеттік кірістер органы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
тауарды репатриацияны бақылау мақсаты үшін ескерілетін кедендік рәсіммен
орналастырған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде, күн сайын
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ________________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері | Экспорт немесе импорт белгісі | Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың деректемелері | Қаржылық реттеуге жауапты тұлғаның деректемелері | |||
Нөмірі | Күні | Нөмірі | Күні | БСН/ЖСН | Атауы немесе ТАӘ | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Жөнелтушінің/ | Алушының деректемелері | Декларанттың деректемелері |
Белгісі - заңдық | |||
БСН/ | Атауы немесе ТАӘ |
БСН/ | Атауы немесе ТАӘ |
БСН/ | Атауы немесе ТАӘ | |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
кестенің жалғасы
Тауарларға арналған декларацияның нөмірі | Тауарларға арналған декларациядағы тауардың нөмірі | Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген кедендік рәсім | Шот бойынша тауардың сомасы | Тауарларға арналған декларацияның шығарылған күні | Тауарларға арналған декларацияның мәртебесі | |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
кестенің жалғасы
Тауарларға арналған декларация | Тауардың құны | Мәміле сипатының коды | Сыртқы экономикалық мәміленің коды | |||
Статистикалық | Фактуралық | Жеткізу валютасы | Валюта бағамы | |||
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
кестенің жалғасы
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды | Тауарларды декларациялау ерекшеліктерінің коды | Алдыңғы құжат | Тауарды жөнелтуші ел | Тауардың шығарылған елі | |
Атауы | Коды | ||||
29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 |
кестенің жалғасы
Тауардың белгіленген елі | Жөнелту/келу кезіндегі көлік құралын тіркеу елі | Қолданылған көлік құралын шекарада тіркеу елі | Шекарадағы көлік түрі | Ел ішіндегі көлік түрі | Жеткізу шарттары | Брутто салмағы (кг) | Таза салмағы (кг) | |
Атауы | Коды | |||||||
35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 |
Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________
Телефоны ____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________
Орындаушы __________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам
_____________________________________ ________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Күні 20 ____ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
| "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпарат (индексі – XMCO_1, кезеңділігі – күн сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік кірістер органы Нысанды күн сайын, тауарды репатриацияны бақылау мақсаты үшін ескерілетін кедендік рәсімге орналастырған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді.
2-тарау. Нысанды толтыру
4. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).
5. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).
6. 3-бағанда мына белгілер көрсетіледі:
"1" – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт болса;
"2" – егер импорт жөніндегі валюталық шарт болса.
7. 4-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).
8. 5-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).
9. 6-бағанда қаржылық реттеуге жауапты тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 9-бағаны).
10. 7-бағанда қаржылық реттеуге жауапты тұлғаның атауы немесе тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – ТАӘ) көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 9-бағаны).
11. 8-бағанда жөнелтушінің/экспорттаушының БСН/ЖСН (тауарларға арналған декларацияның 2-бағаны) көрсетіледі.
12. 9-бағанда жөнелтушінің/экспорттаушының атауы немесе ТАӘ (тауарларға арналған декларацияның 2-бағаны) көрсетіледі.
13. 10-бағанда тауарларды алушының БСН/ЖСН мәліметтері көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 8-бағаны).
14. 11-бағанда тауарларды алушының атауы немесе ТАӘ (тауарларға арналған декларацияның 8-бағаны) көрсетіледі.
15. 12-бағанда декларанттың БСН/ЖСН мәліметтері көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 14-бағаны).
16. 13-бағанда декларанттың атауы немесе ТАӘ көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 14-бағаны).
17. 14-бағанда егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болса, "1" белгісі және егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болса, "2" белгісі көрсетіледі.
18. 15-бағанда тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі (тауарларға арналған декларацияның әріптік бағаны) көрсетіледі.
19. 16-бағанда тауарларға арналған декларациядағы тауардың реттік нөмірі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 32-бағаны).
20. 17-баған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды декларациялау мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшелері пайдаланатын жіктеуішке сәйкес кедендік рәсімнің цифрлық белгісін көрсете отырып толтырылады (тауарларға арналған декларацияның 1-бағанының екінші шағын бөлімі).
21. 18-бағанда егер декларацияланатын тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, бұрын өзге кедендік рәсіммен орналастырылған болса, кедендік рәсімдер түрлерінің жіктеуішіне сәйкес алдыңғы кедендік рәсімнің цифрлық белгісі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 37-бағаны).
22. 19-бағанда шот бойынша тауардың жалпы сомасы көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 22-бағаны).
23. 20-бағанда мемлекеттік кірістер органының тауарларға арналған декларацияны шығару (оның ішінде шартты шығару) туралы шешім қабылдаған күні көрсетіледі.
24. 21-бағанда тауарларға арналған декларацияның мәртебесі көрсетіледі (шығарылды, кері қайтарып алынды, шығарудан бас тартылды, шартты түрде шығарылды, түзетілді).
25. 22-бағанда тауарларға декларация мәртебесінің өзгерген күні көрсетіледі.
26. 23-бағанда тауардың статистикалық құны Америка Құрама Штаттары долларымен бірліктермен көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 46-бағаны).
27. 24-бағанда тауардың фактуралық құны жеткізу валютасының бірлігімен көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 42-бағаны).
28. 25-бағанда "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 ұлттық жіктеуішіне сәйкес жеткізу валютасының әріптік белгісі көрсетіледі.
29. 26-бағанда фактуралық құнға қайта есептеу үшін пайдаланылған және тауарларға арналған декларацияда көрсетілген валюта бағамы көрсетіледі.
30. 27-бағанда мәміле сипатының коды көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 24-бағаны).
31. 28-бағанда сыртқы экономикалық мәміле ерекшеліктерінің коды көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 24-бағаны).
32. 29-бағанда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.
33. 30-бағанда тауарларды декларациялау ерекшелігінің коды көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 7-бағаны).
34. 31-бағанда алдыңғы құжат көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 40-бағаны).
35. 32-бағанда тауарды жөнелтуші елдің атауы көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 15-бағаны).
36. 33-бағанда тауарды жөнелтуші елдің коды көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 15а-бағаны).
37. 34-бағанда тауардың шығарылған елі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 16-бағаны).
38. 35-бағанда тауардың межелі елінің атауы көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 17-бағаны).
39. 36-бағанда тауардың межелі елінің коды көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 17а-бағаны).
40. 37-бағанда екінші шағын бөлімнен жөнелту/келу кезінде көлік құралының тіркелген елі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 18-бағаны).
41. 38-бағанда екінші шағын бөлімнен шекарада белсенді көлік құралының тіркелген елі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 21-бағаны).
42. 39-бағанда шекарадағы көлік түрі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 25-бағаны).
43. 40-бағанда ел ішіндегі көлік түрі (тауарларға арналған декларацияның 26-бағаны) көрсетіледі.
44. 41-бағанда жеткізу шарттары көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 20-бағаны).
45. 42-бағанда тауардың брутто салмағы (кг) көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 35-бағаны).
46. 43-бағанда тауардың нетто салмағы (кг) көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 38-бағаны).
47. 2, 5, 20 және 22-бағандар мынадай тәртіппен сегіз цифрды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.
48. Тауарларға арналған декларацияның 17 және 18-бағандарын беру кезінде алдыңғы және кейінгі кедендік рәсімдердің мынадай комбинациялары ескеріледі:
Р/с № | Рәсім атауы | Рәсім коды | Алдыңғы рәсім |
1 | Экспорт | 10 | 00, 21, 23, 51, 60, 77, 78, 91, 96 |
2 | Кеден аумағынан тыс қайта өңдеу | 21 | 00, 21, 23, 77, 78, 96 |
3 | Уақытша әкету | 23 | 00, 21, 23, 77, 78, 96 |
4 | Реэкспорт | 31 | 00, 40, 51, 53, 70, 77, 78, 91,93, 96 |
5 | Ішкі тұтыну үшін шығару | 40 | 00, 21, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 |
6 | Кеден аумағында қайта өңдеу | 51 | 00, 31, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 |
7 | Уақытша әкелу (рұқсат беру) | 53 | 00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 |
8 | Реимпорт | 60 | 00, 10, 21, 23, 77, 78 |
9 | Кеден қоймасы | 70 | 00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 |
10 | Бос тұрған қойма | 77 | 00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 |
11 | Еркін кеден аумағы | 78 | 00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 |
12 | Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу | 91 | 00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 |
13 | Жою | 93 | 51, 53, 70, 77, 78, 91, 96 |
14 | Бажсыз сауда | 96 | 00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 96 |
Егер тауарларға арналған декларацияларының "Анықтамалық нөмірі" 7- бағанында тауарды кедендік декларациялау ерекшелігінің мына коды көрсетілсе, декларациялау ерекшеліктері бар тауарларды декларациялау кезінде тауарларға арналған декларациялары беріледі:
"ПТД" (алдын ала кедендік декларациялау);
"ПДТ" (мерзімдік кедендік декларациялау);
"ВТД" (Уақытша (уақытша мерзімді) кедендік декларациялау (тауарларға уақытша декларация));
"ПВД" (уақытша (уақытша мерзімді) кедендік декларациялау (тауарларға арналған толық декларация);
"ОКТ" (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері (компонентке қатысты тауарларға арналған декларация));
"ЗПК" (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері (соңғы компонентке қатысты тауарларға арналған декларация);
"ВДТ" (кедендік декларация берілгенге дейін оларды шығару кезінде тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері);
"НТД" (Толық емес кедендік декларациялау);
"НВТ" (Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына заңсыз әкелінген тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері).
| Бірлескен қаулыға және бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz
интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: есептік нөмірі бар импорт жөніндегі валюталық шарт
бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштер бойынша
ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: XMCO_4
Кезеңділігі: күн сайын
Есепті кезеңі: 20__жылғы "___" __________ үшін
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар
тобы: мемлекеттік кірістер органы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
есептік нөмірі бар импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу
және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш келіп түскен күннен кейін 1 (бір)
жұмыс күні ішінде, күн сайын
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ________________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері | Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің деректемелері (бұдан әрі - тауарларды әкелу туралы өтініш) | Импорт белгісі | Шот-фактура | Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды | Тауардың құны | Валюта коды | Тауарды есепке алу күні | ||||
Нөмірі | Күні | ||||||||||
Нөмірі | Күні | Нөмірі | Күні | Мәртебесі | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
кестенің жалғасы
1-бөлімнен импорт жөніндегі валюталық шарттың деректемелері | 1-бөлімнен импорттаушының деректемелері | Салық органының жанама салықтарды төлеу не қосылған құн салығынан және (немесе) акциздерден босату туралы белгі қою күні | 1-бөлімнен бейрезиденттің деректемелері | 3-бөлімнен импорт жөніндегі валюталық шарттың деректемелері | ||||||
Атауы | Сәйкестендіру коды (нөмірі) | Елдің коды | ||||||||
Нөмірі | Күні |
БСН/ | Атауы | Нөмірі | Күні | |||||
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | |
кестенің жалғасы
3-бөлімнен сатып алушының, комиссионердің, сенім білдірілген өкілдің, агенттің деректемелері | 3-бөлімнен сатушының, комитенттің, сенім білдірушінің, қағидаттың деректемелері | Кері қайтарып алынған немесе импортталған тауарлар бағасының өзгеруіне байланысты ұсынылған тауарларды әкелу туралы жаңа өтініштің деректемелері | Тауардың нөмірі рет-ретімен | Құжаттың пайда болу себебі (тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштер) | ||||||
Атауы | Сәйкестендіру коды (нөмірі) | Елдің коды | Атауы | Сәйкестендіру коды (нөмірі) | Елдің коды |
Нөмі | Күні | Тәртебесі | ||
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 |
Атауы ________________________ Мекенжайы ____________________
Телефоны ____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________
Орындаушысы ________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндеттін атқаратын адам
_____________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Күні 20 ____ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Есептік нөмірі бар импорт бойынша валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Есептік нөмірі бар импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштер бойынша ақпарат (индексі – XMCO_4, кезеңділігі – күн сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Есептік нөмірі бар импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштер бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.
2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.
2-тарау. Нысанды толтыру
3. 1-бағанда импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.
4. 2-бағанда импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі.
5. 3-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
6. 4-бағанда тауарларды әкелу туралы өтінішке тіркеу нөмірі берілген күн көрсетіледі.
7. 5-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің мәртебесі көрсетіледі.
8. 6-бағанда тауардың бағыты көрсетіледі:
"2" – импорт.
9. 7-бағанда шот-фактураның нөмірі көрсетіледі.
10. 8-бағанда шот-фактураның күні көрсетіледі.
11. 9-бағанда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.
12. 10-бағанда шот-фактурадан немесе көлік (тауарға ілеспе) құжаттарынан не тауарды сатып алуды немесе сатуды растайтын өзге құжаттан алынған мәліметтер негізінде тауардың құны көрсетіледі.
13. 11-бағанда 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 бекітілген "Кеден құжаттарын толтыру үшін пайдаланатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының шешіміне (бұдан әрі – № 378 КОК шешімі) 23-қосымшада көзделген валюталар жіктеуішіне сәйкес валютаның үш таңбалы сандық коды көрсетіледі.
14. 12-бағанда импорттаушының немесе бейрезиденттің тауарды есепке қабылдаған күні көрсетіледі.
15. 13-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөлімінен шарттың (келісімшарттың) нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі.
16. 14-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөлімінен шарттың (келісімшарттың) күні көрсетіледі.
17. 15-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөлімінен импорттаушының бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетіледі.
18. 16-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөлімінен импорттаушының атауы көрсетіледі.
19. 17-бағанда салық органының жанама салықтарды төлеу не қосылған құн салығын және (немесе) акциздерді төлеуден босату туралы белгісінің күні көрсетіледі.
20. 18, 19 және 20-бағандарда тиісінше тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөлімінен бейрезиденттің атауы, сәйкестендіру коды (нөмірі), № 378 КОК Шешіміне 22-қосымшада көзделген әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес бейрезидент елдің әріптік коды көрсетіледі.
21. 21-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 3-бөлімінен шарттың (келісімшарттың) нөмірі (бар болса) көрсетіледі.
22. 22-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 3-бөлімінен шарттың (келісімшарттың) күні көрсетіледі.
23. 23, 24 және 25-бағандарда тауарларды әкелу туралы өтініштің 3-бөлімінен тиісінше сәйкестендіру коды (нөмірі), сатып алушы, комиссионер, сенім білдірілген өкіл, агент елінің әріптік коды көрсетіледі.
24. 26, 27 және 28-бағандарда тауарларды әкелу туралы өтініштің 3-бөлімінен сәйкесінше сәйкестендіру коды (нөмірі), сатушы, комитент, сенім білдіруші, принципал елінің әріптік коды көрсетіледі.
25. 29, 30 және 31-бағандарда қайтарып алынғанның орнына немесе импортталған тауарлар бағасының өзгеруіне байланысты ұсынылған тауарларды әкелу туралы жаңа өтініштің нөмірі, күні және мәртебесі көрсетіледі.
26. 32-бағанда рет бойынша тауардың нөмірі көрсетіледі.
27. 33-бағанда құжаттың (тауарларды әкелу туралы өтініштің) пайда болу себебі, атап айтқанда ауыстыруға немесе алып тастауға байланысты кері қайтарып алу көрсетіледі.
28. 2, 4, 8, 12, 14, 17, 22 және 30-бағандар мынадай тәртіппен сегіз санды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.
| Бірлескен қаулыға және бұйрыққа 3-қосымша Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 9-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz
интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Есептік нөмірі бар экспорт жөніндегі валюталық шарт
бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: XMCO_5
Кезеңділігі: күн сайын
Есепті кезеңі: 20__жылғы "___" __________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар
тобы: мемлекеттік кірістер органы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
есептік нөмірі бар экспорт бойынша валюталық шарт бойынша электрондық шот-
фактуралар келіп түскен күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде, күн сайын
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ________________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Экспорт бойынша валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері | Электрондық шот-фактураның деректемелері | Электрондық шот-фактураның мәртебесі | ||||||
3. Негізгі | 4. Түзетілген | 5. Қосымша | ||||||
Нөмірі | Күні | Тіркеу нөмірі | Жазылған күні | Тіркеу нөмірі | Жазылған күні | Тіркеу нөмірі | Жазылған күні | |
1 | 2 | 3.1 | 3.2 | 4.1 | 4.2 | 5.1 | 5.2 | 6 |
кестенің жалғасы
Жеткізушінің деректемелері, оның ішінде бірлескен қызметке қатысушылардың деректемелері | ||||||
БСН/ЖСН | Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН | Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН | Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің ТАӘ/атауы | Қатысу үлесі | Жеткізушінің санаты | ӨБК қатысушыларының және (немесе) БҚШ қатысушыларының саны |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы
Сатып алушының, оның ішінде бірлескен қызметке қатысушылардың деректемелері | ||||||
БСН/ЖСН | Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН | Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН | Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының атауы | Қатысу үлесі | Елдің коды | Алушының санаты |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
кестенің жалғасы
Шарттың (келісімшарттың) деректемелері | Шарт бойынша ақы төлеу талаптары | Жеткізу талаптары | Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжат | ||||
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт (келісімшарт) | Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартсыз (келісімшартсыз) | Нөмірі | Күні | Нөмірі | Күні | ||
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
кестенің жалғасы
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер | |||||||
Валюта коды | Валюта бағамы | Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу белгісі |
№ | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Тауарларға арналған декларацияға немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке сәйкес тауарлардың атауы | Жанама салықтарды қоспағанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны | Жанама салықтарды қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны |
29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |
кестенің жалғасы
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер | ||||
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Өлшем бірлігі | Саны (көлемі) | Жанама салықтарсыз тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет бірлігінің бағасы (тарифі) |
тауарларға арналған декларацияларының, тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштердің, |
37 | 38 | 39 | 40 | 41 |
кестенің жалғасы
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер | |||||||
БСН/ | Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН | р/с№ | Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу белгісі | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Тауарларға арналған декларацияға немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке сәйкес тауарлардың атауы | Жанама салықтарды қоспағанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны | Жанама салықтарды қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны |
42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 |
кестенің жалғасы
Тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша деректер | ||||
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Өлшем бірлігі | Саны (көлемі) | Жанама салықтарсыз тауар, жұмыс, қызмет бірлігінің бағасы (тарифі) |
тауарларға арналған декларацияларының, тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштердің, |
50 | 51 | 52 | 53 | 54 |
кестенің жалғасы
Сенім білдірілген жеткізушінің (оператордың) деректемелері | Сенім білдірілген сатып алушының (оператордың) деректемелері | ||||||
БСН | Сенім білдірілген тұлғаның атауы | Құжат | БСН | Сенім білдірілген тұлғаның атауы | Құжат | ||
Нөмірі | Күні | Нөмірі | Күні | ||||
55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 |
Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________
Телефоны ____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________
Орындаушы __________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам
_____________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Күні 20 ____ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Есептік нөмірі бар экспорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
| "Есептік нөмірі бар экспорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Есептік нөмірі бар экспорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпарат (индексі – XMCO_5, кезеңділігі – күн сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Есептік нөмірі бар экспорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.
2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.
2-тарау. Нысанды толтыру
3. 1-бағанда экспорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.
4. 2-бағанда экспорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі.
5. 3-бағанда электрондық шот-фактураның (бұдан әрі – ЭШФ) тіркеу нөмірі, ЭШФ тіркеу және оны алушыға жіберу күні көрсетіледі.
6. 4-баған түзетілген ЭШФ жазып берілген кезде белгіленуі тиіс. Бұл ретте осы жолды белгілеу "Қосымша" 5-бағаны белгіленбеген жағдайда жүргізіледі.
7. 6-бағанды белгілеген кезде жойылатын (түзетілетін) ЭШФ тіркеу нөмірі мен күні көрсетілетін 5.1 және 5.2-жолдар міндетті түрде толтырылуы тиіс.
8. 6-баған қосымша ЭШФ жазып берілген кезде белгіленуі тиіс. Бұл ретте осы жолды белгілеу "Түзетілген" 5-бағанында белгі болмаған жағдайда жүргізіледі.
9. Түзетілген ЭШФ-ға қосымша ЭШФ жазып берілген жағдайда, 5.1 және 5.2-бағандарда қосымша ЭШФ жазып берілетін түзетілген ЭШФ-ның үзінді-көшірмесінің күні мен тіркеу нөмірі көрсетіледі.
10. 6-бағанда ЭШФ мәртебесі көрсетіледі:
1) "Қаралмаған" – Қазақстан Республикасының Салық кодексімен (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген талаптарға сәйкес жазып берілген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, берілген бірегей тіркеу нөмірі бар, бірақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы қарамаған ЭШФ;
2) "Жеткізілді" – Салық кодексімен белгіленген талаптарға сәйкес жазып берілген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, берілген бірегей тіркеу нөмірі бар, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы қараған ЭШФ;
3) "Күші жойылған" – түзетілген ЭШФ-ның міндетті үзінді-көшірмесімен, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші күшін жойған ЭШФ;
4) "Кері қайтарылған" – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші кері қайтарған ЭШФ;
5) "Жобажазба" – ішінара толтырылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға жіберілмеген, редакцияланатын құжат;
6) "Импортталған" – Салық кодексінің талаптарына сәйкес келуіне тексеру жүргізілген, салық төлеушінің есептік жүйелерінен ЭШФ ақпараттық жүйесіне енгізілген, алайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға жіберілмеген ЭШФ;
7) "Қате жасалған" – Қағидалардың талаптарына сәйкес келуіне тексеруден өтпеген және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға жіберілмеген ЭШФ;
8) "Бас тартылған" – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы бас тартқан ЭШФ.
11. 7-бағанда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің ЖСН немесе БСН көрсетіледі.
12. 8-бағанда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН көрсетіледі.
13. 9-бағанда түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берілген кезде қосу, біріктіру, бөлу арқылы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның БСН көрсетіледі.
14. 10-бағанда ЭШФ жазып беретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы көрсетіледі:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерге немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада) көрсетілген атауы. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қысқартылған сөздерді тәртіпке, оның ішінде іскерлік тәртіпке сәйкес пайдалануға болады.
15. 11-бағанда бірлескен қызметке қатысу үлесі пайызбен көрсетіледі. Осы жол "Жеткізушінің санаты" 12-бағанында "Ғ" деген белгі қойылған жағдайда толтырылады.
16. 12-бағанда жеткізушінің санаты көрсетіледі:
"Е" – өнімді бөлу туралы келісімнің қатысушысы болып табылады;
"F" – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылады;
"G" – тауарлар экспортының кедендік рәсімінде тауарды шығаруды жүзеге асырады, тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына шығарады;
"Н" – халықаралық тасымалдау бойынша қызмет көрсететін салық төлеуші болып табылады;
"I" – сенім білдіруші болып табылады.
17. 13-бағанда ҚР Президенті бекіткен өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қатысушылардың және (немесе) бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың саны көрсетіледі.
18. 14 және 15-бағандарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ЖСН немесе БСН не тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының заңды тұлғасының құрылымдық бөлімшесінің БСН көрсетіледі (жол толтырылуы тиіс). Егер "Алушының санаты" 19-жолда "F" белгісі көрсетілсе, бұл жолды толтыру міндетті болып табылмайды.
19. 16-бағанда түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берілген кезде қосу, біріктіру, бөлу арқылы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның БСН көрсетіледі.
20. 17-бағанда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының атауы көрсетіледі.
21. 18-бағанда бірлескен қызметке қатысу үлесі пайыздық мәнде көрсетіледі. Бұл жол "Алушының санаты" 19-бағанында "D" белгісі қойылған жағдайда толтырылады.
22. 19-бағанда "Кеден құжаттарын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйекте бекітілген № 378 шешіміне (бұдан әрі – КОК № 378 шешімі) 22-қосымшасында көзделген әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес елдің әріптік коды көрсетіледі.
Осы жол тауарды экспортқа өткізген кезде немесе тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс бір заңды тұлғаның шегінде беруге (ауыстыруға) байланысты толтырылады, өзге жағдайларда "KZ" автоматты түрде толтырылады.
23. 20-бағанда алушының санаты көрсетіледі:
"D" – егер алушы бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылса;
"F" - егер алушы Қазақстан Республикасында салық есебінде тұрмайтын бейрезидент немесе бір заңды тұлға шегінде оның берілуіне байланысты оның атына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына тауарды әкету жүзеге асырылатын өнім берушінің құрылымдық бөлімшесі болып табылса;
"G" – егер алушы өнімді бөлу туралы келісімге қатысушы; өнімді бөлу туралы келісімге қатысушы болып табылатын салық төлеушіге тауарларды жеткізуге арналған шарт бойынша өнім беруші болып табылса;
"Н" – егер алушы сенім білдіруші болып табылса;
"I" – егер алушы бақылау-касса машинасының чегін міндетті түрде ұсына отырып немесе төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып тауар өткізілген жеке тұлға болып табылса;
"J" – егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жеке тұлға болып табылса.
24. 21 және 22-бағандарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарттың нөмірі және оның жасалған күні көрсетіледі.
Егер 22-баған толтырылған болса, онда 23 және 24-бағандар толтыруға жатпайды.
24. 25-бағанда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартқа сәйкес ақы төлеу шарттары көрсетіледі.
25. 26-бағанда әдет-ғұрыптарға, оның ішінде іскерлік айналым дағдыларына (Инкотермс) сәйкес халықаралық операциялар үшін КОК № 378 шешіміне 13-қосымшада көзделген жеткізу шарттарының жіктеуішіне сәйкес латын қарпімен бас әріптермен үш таңбалы әріптік код көрсетіледі.
26. 27 және 28-бағандарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
27. 29-бағанда КОК № 378 шешіміне 23-қосымшада көзделген валюталар жіктеуішіне сәйкес валюта коды көрсетіледі.
28. 30-бағанда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күнінің алдындағы соңғы жұмыс күніне белгіленген валютаның ресми бағамы көрсетіледі.
29. 31-баған тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу тегінің мынадай белгілері ескеріле отырып толтырылады:
"1" – Тізбеге енгізілген тауар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Тізбеге енгізілген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауар өткізілген жағдайда;
"2" – Тізбеге енгізілмеген тауар, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілмеген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауар өткізілген жағдайда;
"3" – ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауар өткізілген жағдайда;
"4" – ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілмеген, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауар өткізілген жағдайда;
"5" – "1", "2", "3", "4" белгілеріне жатпайтын тауар өткізілген жағдайда;
"6" – жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген жағдайда.
31-бағанды толтыру үшін:
1) Тізбеге енгізілген тауарлар деп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, оларға төмендетілген баж мөлшерлемелері, сондай-ақ осындай мөлшерлемелердің мөлшерлері қолданылуы мүмкін тауарлар түсініледі;
2) ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлар деп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлар түсініледі.
30. 32-бағанда тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің әрбір атауы бойынша жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
31. 33-бағанда салық төлеуші өзінің есеп жүйелерінде пайдаланатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауына сәйкес келетін өткізілетін тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауы көрсетіледі.
Бұл жол 31 "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің шығу белгісі" бағанында "3", "4", "5", "6" белгілеріне жататын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтыруға жатады.
32. 34-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импорт кезінде тауарларға арналған декларацияның негізгі (қосымша) парағының 30-бағанында немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан импорт кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің 2-бағанында көрсетілген тауардың атауы көрсетіледі.
Бұл жол "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің шығу белгісі" 31-бағанында "1", "2" белгілеріне жататын тауарлар бойынша толтырылуға тиіс.
33. 35-бағанда ЭШФ бойынша жөнелтілген (жеткізілетін) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) және акцизді есепке алмағанда, барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі.
34. 36-бағанда ЭШФ бойынша жөнелтілген (жеткізілген) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ҚҚС және акцизді ескере отырып, барлық санының құны көрсетіледі.
35. 37-бағанда ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі.
36. 38-бағанда тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі көрсетіледі.
37. 39-бағанда өткізілетін тауарлардың саны (көлемі) көрсетіледі.
38. 40-бағанда ҚҚС-ны және акцизді қоспағанда шарт (келісімшарт) бойынша өлшем бірлігі үшін тауардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің бағасы (тарифі) көрсетіледі.
39. 41-бағанда тауарларға арналған декларацияның, тауарларды әкелу туралы өтініштің, тауарларға ілеспе жүкқұжаттың, СТ-1 немесе СТ-KZ тауар сертификатының нөмері көрсетіледі.
40, 42-54 аралығындағы бағандар бірлескен қызмет туралы шартта және (немесе) өнімді бөлу туралы келісімде және (немесе) өнімді бөлу туралы келісімге қатысушы болып табылатын салық төлеушіге тауарларды жеткізуге арналған шартта айқындалған олардың қатысу үлесіне қарай бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысы және (немесе) өнімді бөлу туралы келісімге әрбір қатысушы және (немесе) өнімді бөлу туралы келісімге қатысушы болып табылатын салық төлеушіге тауарларды жеткізуге арналған шарт бойынша әрбір өнім беруші бойынша толтырылады.
41. 55 және 56-бағандарда БСН және тапсырма шарты бойынша, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша өнім берушінің сенім білдірілген өкілі (операторы) болып табылатын заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
42. 57 және 58-бағандарда БСН 55-бағанда көрсетілген тапсырма шартының, өнімді бөлу туралы келісімнің, сенім білдірілген өкілді (операторды) айқындайтын өзге де құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
43. 59 және 60-бағандарда БСН және тапсырма шарты бойынша, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша сатып алушының сенім білдірілген өкілі (операторы) болып табылатын заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
44. 61 және 62-бағандарда БСН 59-бағанда көрсетілген тапсырма шартының, өнімді бөлу туралы келісімнің, сенім білдірілген өкілді (операторды) айқындайтын өзге де құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
