БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29882 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қаржы мониторингі субъектілерімен "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заң) 3-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді алу мақсатында әзірленген.";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда көрсетілген мағынада пайдаланылады:
1) бенефициарлық меншік иесі – бұл:
заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;
заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;
оның мүддесінде заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;
2) клиент – қаржы мониторингі субъектісі көрсететін қызметтерді алатын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым;
3) уәкілетті орган – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган.
2.Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңының 5-бабының 3-тармағында көрсетілген шараларды жүзеге асыруды қамтиды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Клиенттер (олардың өкілдері) қаржы мониторингі субъектілеріне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда көзделген міндеттерді орындауы үшін қажетті бенефициарлық меншік иелері туралы анық, жеткілікті және өзекті мәліметтерді ұсынуға міндетті.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
