"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 25.12.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
| Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 35 бұйрығымен бекітілген |
Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары
Осы Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қаржы мониторингі субъектілерімен "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заң) 3-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді алу мақсатында әзірленген.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 25.12.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1 тарау. Негізгі ұғымдар
1. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда көрсетілген мағынада пайдаланылады:
1) бенефициарлық меншік иесі – бұл:
заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;
заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;
оның мүддесінде заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;
2) клиент – қаржы мониторингі субъектісі көрсететін қызметтерді алатын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым;
3) уәкілетті орган – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 25.12.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2 тарау. Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі
2. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңының 5-бабының 3-тармағында көрсетілген шараларды жүзеге асыруды қамтиды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 25.12.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттен (оның өкілінен) бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті немесе жеткілікті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуды, сондай-ақ салықтық резиденттігі, қызмет түрі мен қызметі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқылы.
4. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттің бенефициарлық меншік иелерін анықтау мақсатында клиенттен (оның өкілінен) осы Қағидаларға қоса беріліп отырған Қаржылық мониторинг субъектісі клиентінің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер нысанына сәйкес бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді сұратады.
5. Клиенттер (олардың өкілдері) қаржы мониторингі субъектілеріне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда көзделген міндеттерді орындауы үшін қажетті бенефициарлық меншік иелері туралы анық, жеткілікті және өзекті мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 25.12.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қаржы мониторингі субъектілері клиенттің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл сақтауға тиіс.
7. Қаржы мониторингі субъектілері "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 13 бұйрығына сәйкес уәкілетті органның сұрау салуы бойынша клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсынады. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген)
| Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына қосымша |
Қаржылық мониторинг субъектісі клиентінің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер нысаны
| Нысанды толтыру күні_____ |
Қаржы мониторингі субъектісінің клиенті бойынша жалпы деректер | |||
1. | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | ||
2. | Тіркеу мемлекетінде уәкілетті орган берген сәйкестендіру нөмірі немесе тіркеу нөмірі (коды) (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес БСН берілмеген жағдайда) | ||
3. | Клиенттің атауы | ||
Бенефициарлық меншік иесінің қаржы мониторингі субъектісінің клиентіне бақылауды жүзеге асыру тәртібі * | |||
4. | Жарғылық капиталға қатысу үлесінің 25%-дан астамы/орналастырылған және дауыс беретін акциялардың 25%-дан астамын иелену |
Иә | түсініктеме (бар болса) |
Клиентті бақылауды жүзеге асыру |
Иә | түсініктеме (бар болса) | |
Мүдделерінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасалатын тұлға |
Иә | түсініктеме (бар болса) | |
Қаржы мониторингі субъектісі клиентінің бенефициарлық меншік иесінің деректері* | |||
5. | Тегі | ||
6. | Аты | ||
7. | Әкесінің аты (бар болса) | ||
8. | Туған күні | ||
9. | Резиденттік елі** | ||
10. | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | ||
11. | Тіркеу еліндегі сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға ЖСН берілмеген жағдайда) | ||
12. | Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі | ||
13. | Қашан және кім берді | ||
14. | Өзге ақпарат (бар болса) | ||
Ескерту:
* Егер бенефициарлық меншік иелері біреуден артық болған жағдайда толтыру үшін осы бөлім төменде қайталануы мүмкін;
** "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес резиденттігі көрсетіледі.
