"Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 27 желтоқсандағы № 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 желтоқсанда № 37703 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35710 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жариялануға жататын деректер тізбесі, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Бюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы
Д. Жазықбай

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2025 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 216 Бұйрыққа қосымша
Казакстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2025 жылғы 7 ақпандағы
№ 26 бұйрыққа қосымша

Жариялануға жататын мәліметтер тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 11-бабы 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның және оның жұбайының (зайыбының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).

      2. Кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген есептік салық кезеңі.

№ р/с

Жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтері

Жариялануға жататын мәліметтер

1

2

3

1

Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістері туралы мәліметтер

1) жалпы сома;
2) кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).

      Ескертпе:

      1. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 11-бабы 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар, осы тізбеде көрсетілген деректерді Қазақстан Республикасы Парламенті мен Жоғарғы Соты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кадр (персоналды басқару) қызметтеріне ұсынады.

      2. Жариялануға жататын деректер Қазақстан Республикасы Парламенті мен Жоғарғы Соты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кадрлық (персоналды басқару) қызметтері арқылы олардың ресми интернет-ресурстарында есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей орналастырылады.

      Осы тізімде көзделген кірістер болмаған жағдайда, аталған мәліметтерді жариялау жүзеге асырылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады