"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған жариялануға жататын мәліметтер тізбесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жариялануға жататын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 6 қазандағы № 3 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 10 қазанда № 14316 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Әкімшілік-құқықтық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы |
А. Жұмағали |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| Казакстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрыққа қосымша |
Жариялануға жататын мәліметтер тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.11.2025 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 11-бабы 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның және оның жұбайының (зайыбының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
2. Кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген есептік салық кезеңі.
№ р/с | Жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтері | Жариялануға жататын мәліметтер |
1 | 2 | 3 |
1 | Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістері туралы мәліметтер |
1) жалпы сома; |
2 | Мүлікті (оның ішінде ақшаны) сатып алу (алу) туралы және есепті салық кезеңі ішінде мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мүлік сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер |
1) сатып алынатын (алынатын) мүліктің түрі; |
3 | Есепті салық кезеңі ішінде мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мүлікті иеліктен шығару туралы мәліметтер |
1) иеліктен шығарылған (берілген) мүліктің түрі; |
4 | Есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында мыңдық айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы ақша туралы мәліметтер |
1)Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша соммасы; |
5 | Есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде мүлiк пен активтердің болуы туралы мәліметте |
1) мүліктің түрі: |
Ескертпе:
1. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 11-бабы 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар, осы тізбеде көрсетілген деректерді Қазақстан Республикасы Парламенті мен Жоғарғы Соты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кадр (персоналды басқару) қызметтеріне ұсынады.
2. Жариялануға жататын деректер Қазақстан Республикасы Парламенті мен Жоғарғы Соты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кадрлық (персоналды басқару) қызметтері арқылы олардың ресми интернет-ресурстарында есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей орналастырылады.
Осы тізімде көзделген кірістер, мүлік және өзге де мәліметтер болмаған жағдайда, олар жариялауға жатпайды.
