БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 45/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16883 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылдың 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 2-1-тармағының 4) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылдың 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 62) тармақшасы негізінде әзірленді және электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына берудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.".
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылдың 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 385) тармақшасына сәйкес бекітілетін АКИАМО тізбесі (бұдан әрі – Тізбе), әрбір АКИАМО иесінен алынған ақпарат негізінде және "МТҚ" АҚ уәкілетті органмен келісім бойынша БҰРП-ға беру үшін ЭАР резервтік көшірудің мерзімділігін белгілейді.".
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы |
Р. Коняшкин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
