"Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 316 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 421 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 желтоқсанда № 37554 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10888 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – жол органы) автомобиль жолының көліктік-пайдалану жай-күйі туралы ақпаратты қамтитын жол дерекқорын (деректер банкін) қалыптастыру;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) автомобиль жолдарын паспорттау – автомобиль жолдары мен жасанды жол құрылыстарының техникалық паспортын жасау және жол дерекқорын қалыптастыру арқылы оларды есепке алу";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жаңадан салынған, реконструкцияланған және пайдалануға берілген автомобиль жолдарының техникалық есебі объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгеннен кейін бір жылдан кешіктірмей жүргізеді.

      12. Бағдарламалық қамтамасыз етуімен, аспаптармен және жабдықтармен жабдықталған жылжымалы зертхананың көмегімен техникалық есепке алу нәтижесінде алынған автомобиль жолының техникалық және пайдалану сипаттамалары туралы деректер негізінде автомобиль жолдарының паспорттары қалыптастырылады".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады