Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10888 тіркелді.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 05.12.2025 № 421 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 316 бұйрығымен бекітілген

Автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, шаруашылық автомобиль жолдарын, елдi мекендердің көшелерiн мемлекеттік есепке алу тәртiбiн белгiлейдi (бұдан әрi - автомобиль жолдары).

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:

      1) автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – жол органы) автомобиль жолының көліктік-пайдалану жай-күйі туралы ақпаратты қамтитын жол дерекқорын (деректер банкін) қалыптастыру;

      2) автомобиль жолдарының паспорты - жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзу нәтижесінде алынған автомобиль жолдарының техникалық және пайдалану сипаттамасы туралы деректерiн қамтыған техникалық құжат;

      3) жолдарды техникалық есепке алу - автомобиль жолдарының паспортын жасау үшiн автомобиль жолдарына техникалық және пайдалану сипаттамасы туралы деректер жинағы;

      4) автомобиль жолдарын паспорттау – автомобиль жолдары мен жасанды жол құрылыстарының техникалық паспортын жасау және жол дерекқорын қалыптастыру арқылы оларды есепке алу.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 05.12.2025 № 421 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу тәртiбi

      4. Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу мақсатында жол органы жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзедi, деректер банкiнiң құрылуы негiзiнде автомобиль жолдарының паспорты қалыптасады.

      5. Жолдарды техникалық есепке алу мынадай жұмыс кезеңдерін көздейдi:

      1) дайындық;

      2) далалық;

      3) камералдық.

      5. Дайындық жұмыстары кезiнде жол органдары бағдарлама жасайды, онда жұмыстардың көлемi, еңбек және көлiк шығындары, жұмыстардың орындалу мерзiмi анықталады.

      6. Дала жұмыстары кезiнде жолға (объектiге) қатысты жолдың сипаттамасы және параметрi туралы деректер жинау орындалады.

      7. Камералдық жұмыстар кезінде дала жұмыстарын өңдеу және техникалық құжаттарға жол органы белгiлейтiн сипаттамасы мен параметрi туралы деректер енгiзудi жүргізедi.

      8. Мемлекеттiк есепке алу республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүргiзiледi.

      9. Техникалық есепке алуды және паспорттауды жүргiзуге жол органы жасайтын мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген шарттар бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру және басқа да мамандандырылған ұйымдар тартылады.

      10. Жаңадан салынған, қайта жаңғыртылған және пайдалануға берiлген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн техникалық есепке алу дала жұмыстарын орындаусыз қолдағы жобалық немесе орындаушылық құжаттама негізінде жүргiзуге жiберiледi.

      11. Жаңадан салынған, реконструкцияланған және пайдалануға берілген автомобиль жолдарының техникалық есебі объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгеннен кейін бір жылдан кешіктірмей жүргізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 05.12.2025 № 421 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Бағдарламалық қамтамасыз етуімен, аспаптармен және жабдықтармен жабдықталған жылжымалы зертхананың көмегімен техникалық есепке алу нәтижесінде алынған автомобиль жолының техникалық және пайдалану сипаттамалары туралы деректер негізінде автомобиль жолдарының паспорттары қалыптастырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 05.12.2025 № 421 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Автомобиль жолдарының паспортына, және деректер банкiне, жыл сайын 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша өзгерiстер енгiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады